Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Корпорация табысының қалыптасуы мен бөлінуі



Табыс – кәсіпорынның өзіндік қаржылық ресурстары қалыптасыуының негізгі көзі. Ол негізгі үш бағыт бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижесінде қалыптасады:

- негізгі;

- инвестициялық;

- қаржылық.

Негізгі қызметтен түсетін табыс өнімді сатудан (орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет) түсетін табыс түрінде болады.

Инвестициялық қызметтен түсетін табыс айналымнан тех активтерді, құнды қағаздарды сатудан түсентін қаржылық нәтиде түрінде.

Қаржылық қызметтен түсетін табысқа инвесторлар арасындағылардың кәсіпорынның облигациялары мен акцияларын орналастырудан болатын нәтижелер жатады.

Өнім сатудан табысты көрсетудің екі әдісі заңды түрде бекітілген:

- тауарды жіберу және контрагентке есептесу құжаттарды ұсыну бойынша – есепке алу әдісі (метод начисления);

- төлем жүргізу бойынша – кассасы әдіс

Осы әдістердің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Бірінші жағдайда, сату моменті, яғни табыстың түсу; тауарды артық жіберілген күні (дата) болып табылады. Бірақ жіберілген өнім үшін уақыттылы төлемнің түспеген, төлеушінің немесе оған қызмет көрсететін банктің төлем қабілеттілігі болмаған жағдайларда, кәсіпорында үлкен қаржылық проблемалары болуы мүмкін. Оның нәтижесінде, салық бойынша төлемдеушілік (неплатежи), басқа кәсіпорындармен есеп жүргізудің бұзылуы мүмкін. Төлемеушіліктің негативті салдарын әлсірету үшін кәсіпорынға күдікті қарыздар бойынша резервті қалыптастыруға құқық берілген. Оның көлемін есептегі жылдағы төлемеушіліктің құрамын, құрылымын, көлемін және қорқындылығын талдау негізінде кәсіпорын анықтайды.

Табысты есепке алудың осы әдісі қор және ақша нарықтары тауарларды төлемеушіліктерден айтарлықтай дәрежеде сақтандыратын және олардың қаржылық тәуекелдерін мекеме алдайтын дамыған нарықтық елдерде кеңінен қолдады.

Отандық практикада көбінесе екінші әдіс қолданылады – кәсіпорынның ақша шотына қаражаттардың нақты түсулер бойынша табысты анықтау. Салық салу мақсатында табыстың пайда болу шомекті кәсіпорын шотына қаражаттың келіп түсу күні (датасы) есептелінуі. Табысты есепке алудың бұл әдісі бюджетпен және бюджеттен тыс қорларымен уақытылы есеп айрысуға мүмкіндік береді, өйткені есептелінген салықтар мен төлемдер негізінде нақты ақша көрі бар.

(Вместе с тем в случае авансовых расчетов за отгруженную продукцию общий размер денежных средств не совпадает с фактической реализацией, т.к. деньги поступили на основе предоплаты, а продукция может быть не только не отгружена, но даже и не произведена).

Қазіргі уақытта салық төлеу мақсатында табысты есепке алудың әдісіе кәсіпорын дербес таңдауы мүмкін, бірақ бухгалтерлік есеп міндетті түрде есепке алу әдісі бойынша жүргізілуі тиіс. Өнімді сату және кәсіпорын шотына табыстығк түсуімен кәсіпорын қаражаты айналымының соңғы кезеңі аяқталады, тауарлық құн қайтадан ақша құнына айналады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметі өнімді сатудан түсетін табысты келе жатқан жылға, кварталға және оперативті жоспар жасалынуы мүмкін.

Табысты жылға жоспарлау тұрақты экономикалық жағдайда орынды. Тұрақсыз жағдайда (сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасы қиын болжанатын өзгерістерге шалдыққанда және салықтық, несиелік пен қаржылық сфералардағы заңды түрде белгіленген ережелері үнемі өзгеріске ұшыраса) жылдық жоспарлау қынға түседі және кәсіпорын үшін объективті баңдар бола алмайды.

Сондықтан пайданы анықтау үшін кварталдық доспарлау мүмкін және де қажет.

Табысты оперативті жоспарлау жіберілген өнім үшін кәсіпорынның ақша шотын ақшаның уақыттылы түсуін бақылау үшін қалдырады.

Өнімді сатудан түсетін табысты анықтау үшін қазіргі уақытта бағамен қосымша құнға салықсыз, акцизсыз, сауда кемә керелісіз және экспорттық тарифтерсіз (экспортталатын өнім үшін) сатылатын өнімнің көлемін білу қажет.

Жұмысты орындаудан және қызмет көрсетудін түсетін табысты жұмыс көлеиі мен тарифтерге сүйеніп анықталынады.

Жоспарлы табысты анықтаудың екі әдісі бар:

- тікелей есептеу әдісі,

- есеп айыратын әдісі

Тікелей есептеу әдісі кепілді сұранысқа негізделген. Бұл табысты жоспарлаудың дәрілек әдісі, өндіріс жоспары мен өкіледі сату көлемі алдын-ала тұтынушы сұраныспен байланыстырылған, өндіретін ассортименті және құрылымы белгілі, бағалар белгіленген. Онда сатудан түсетін табысты келесі формула бойынша анықтауға болады:

В = Р х Ц

В - өнім сатудан түсетін табыс;

Р – сатылатын өнім көлемі;

Ц – бір өнімнің бағасы

Әдетте, көптеген кәсіпорындардың барлық өндірген өнімдеріне кепілді сұраныс болмайды, олар өзінің өнімі ұшін нарығын кеңейту үшін күнделікті жұмысты жүргізуге мәжбүр.

Мұндай жағдайла табысты жоспарлау үшін есеп айыратын әдіс қолданылады, ол кіретін және шығатын қалдықтарға түзетілетін сатылатын өнім көлеміне негізделінді:

В = Он + Т – Ок

В - өнім сатудан түсетін табыс

Ок – жоспарлатын кезеңнің басындағы сатылмай қалған дайын өнімнің қалдықтары. Өнімді сатудан (жұмыс, қызмет) түсетін табыс көлеміне қызметіне тікелей байланысты келесі факторлар ықпал етеді:

- өндіріс сферасында: өндіріс көлемі, оның құрылымы, өнімнің ассортименті, өнімнің сапалы мен бәсекелестік қабілеті, өндірістің ырғақтылығы;

- айналым сферасында: бағалар деңгейі, тиеп-жіберудің ырғалықтылығы, төлеу құжаттарын дер кезінде дпйындалуы, келісім шарттардың орындалуы, есеп айырысудың қолу-тын формалары.

Кәсіпорын қызметіне байланыссыз фаткорлар қатарына мыналарды жатқызуға болады: кәсіпорынға материалдық-технникалық ресурстарды жеткізудің келісім шарттарының бұзылуы, транспорт жұмысындағы тоқтармыс, сатыпалушының төлем мұмкіндігінің болмауынан сатылғаг өнім үшін уақытылы төлемеу.

Егерде кәсіпорынның ақша шотына табыстық түсуі қаражаттардың айналымының аяқталуы болып есептелінеді, онда оны (табысты) пайдану жаңа айналымның басталуын да, бөлу процестердің кезеңін же білдіреді. Бұл кезеңде кәсіпорынның өзіндік қаржылық ресурстары қалыптасады. Табыстық пайдалануы сүретте көрсетілген.

Нарықтық экономика жағдайында өндірістің негізгі мақсаты пайда табу б.т.

Пайда нарықтық қатынастар категориясы ретінде бірқатар қызметтерді атқарады:

- кәсіпорын қызметінің нәтижесінде алынған экономикалық эффектті сипаттайды;

- кәсіпорының қаржылық ресурстарының негізгі элементті б.т.;

- әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді қалыптастырудың қайнар көздері б.т.

 
 

Пайда көрсеткіштері

6.1-сурет. Табысты пайдаланудың бағыттары

Әрбір кр-да пайда көрсеткіштерінің 1 түрі қалыптасады. Баланстық пайда – кәсіпорының өндірістік – шаруашылық қызметінің негіщгі қаржылық көрсеткіші б.т. Соның салу мақсатында арнайы көрсеткіш – жиынтық пайда есептеледі, ал оның негізінде салық салынатын пайда есептеледі. Барлық төмендерді жүргізгеннен кейін, к/о қарамағында қалатын пайда – таза пайда деп аталады.

Ол кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін сипаттайды.

 
 

Баланстың пайда 3 негізгі элементтерді біріктіреді:

1) Өнімді сатудан жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетулерден, алынатын пайда (зиян);

2) Негізгі құралдарды немесе кәсіпорынның басқадай мүлкін сатудан түсетін пайда (зиян);

3) Өткізулерден тыс операциялардан болған қаржылық нәтижелер.

- Өнімді өтізуден алынатын пайда – бұл кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған қаржылық нәтиже. Өнімді сатудан түскен пайда сатудан түскен түсім (ҚҚС-сыд) және өндіріс және өткізу шығындары арасында айырма ретінде есептеледі.

Негізгі құралдарды және кәсіпорынның басқа да мүлкін сатудан түскен пайда (зиян) кәсіпорынның негізгі қызметпен байланыссыз болатын қаржылық нәтижесін сипаттайды.

- Өткізулерден операциялардың қаржылық нәтижелері – бұл әр түрлі сипаттағы операциялар бойынша пайда табу. Бұл операциялар кәсіпорынның негізгі қызметіне және кәсіпорынның негізгі құралдарын, басқадай мүлкін өткізумен байланыссыз. К.т. өткізудерден пайда (зиян) құрамына жататындар:

- есепті жылда анықталған, өткен жылдар пайдасы;

- тауарларды бағалаудан түскен табыстар;

- өткен жылдарға жойылған, дебиторлық қарыздардың орнын жабуға келіп түскен сумалар;

- валюталық ұлттар бойынша оң бағамдық айырмашылықтар;

- к/о шотында есептелетін ақша құралдары бойынша алынған %-тер.

Сонымен қатар бұл табыс түрлеріне кәсіпорынның басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына үлестік қатысуларынан б/тын табыстар жатады. Бұл табыстар құрылтайшы иеленетін акциялар бойынша дивиденттер түрінде болады. Сондай ақ мүлікті жолға беруден алынатын табыстар да жатады.

Сонымен қатар өткізуден тыс нәтижелерге шығыстар мен зияндар жатады. Олар:

- өткен жылдардағы операциялар бойынша әшемдар

- түгендеу кезінде айқындалған, материалдың құндылықтардың жетіспеушілігі;

- валюталық шоттар және шетел валютасында операциялар бойынша кері бағамдау айырмашылықтар;

- сұрапыл апаттардан (сұрапыл сипаттарда болдырмау және жою бойынша шығындарды қоса есептегенде)





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 1885 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...