Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Корпорацияның айналым капиталы



Өндірістік немесе басқада коммерциялық қызметпен айналысатын кез-келген кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы түріндегі мүлігі немесе активті капиталы болуы тиіс. Айналым капиталы деген түсінік айналым құралдарға тең түсінік және қызметті іске асыруға қажетті шаруашылық субъекті мүлігінің бір бөлігі болып табылады.

Айналым капитал – бір уақытта өндіріс процесін де, және өнімді сату процесіне де қатысатын шаруашылық қызметке қызмет көрсететін құралдар. Кәсіпорынның айналым капиталының негізгі міндеті - өндіріс пен айналым процестерінің үздіксіздігін және ырғақтылығын (ритмичность – бір қалыптылық) қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның айналым капиталы өзінің қызметі, немесе өндіріс процесіндегі ролі бойынша айналыс өндірістік қорлары мен айналым қорына бөлінеді.

Айналым өндірістік қорлар өндіріс сферасына қызмет көрсетеді. Оларға мыналар жатады:

- еңбек затары (шикізат, материалдар, отын және т.б.);

- арзан бағаны және тез тозатын еңбек құралдары;

- аяқталмаған өндіріс;

- болашақ кезеңдердің шығыстары

Сонымен, айналым өндірістік қорлар өзінің бастапқы формасын жоғалтып (өзгертіп), өндірілген өнім құнына өзінің құнын толығымен аударады. Осының бәрі-бір өндірістік цикл немесе айналымда жүреді.

Айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей қатыспайды, олардыі міндеті айналым процесін ресурстармен қамтамасыз ету, кәсіпорын қаражаты айналымына қызмет ету және өндіріс пен айналымның бірлігіне қол жеткізу. Айналым қорлары дайын өнім мен ақша қаражаттарынан тұрады.

Кәсіпорынның айналым капиталы құрамының сызбасы

Топтаудың белгілері: Айналым құралдар
Қызметтік міндет: Айналым өндірістік қорлар (өндіріс сферасы) Айналым қорлар (айналым сферасы)
Өндірістегі ролі: Запас түріндері құралдар Өндіріс құралдары Дайын өнім Ақша және дебиторлық қарыз
Іріленген элементтер Еңбек заттары Еңбек құрамы (АТ3-МБП) Аяқтал-маған өнім Болашақ кезеңнің шығыстары Дайын өнім Тауар-лар Ақша  
Жоспарлау дәрежесі Мөлшерлі: Мөлшерсіз:
                 

Өндірістік запастағы айналым құралдарға өндірістік процеске әлі түспеген және қоймадағы запастар түріндегі: еңбек заттары және еңбек құрамы (арзан бағалы және тез тозатын заттар) – ретінде қолданатын өндірістік заттық элементтер жатады. Өндірістік запастағы айналым құралдар айналым өндірістің қорлардың басым бөлігін (70% шамамен) құрайды.

Еңбек заттары құрамына мыналар кіреді:

- шикізат пен негізгі материалдар;

- қосымша материалдар – отын, ыдыс тара және қароаптау ыдыс материалдары, бөлшек заттар;

- сатып алынған жартылай фабрикаттар және жинақ бұйымдар.

Айналым қорлардың арнайы тобына арзан бағалы және тез тозатын заттарды бөледі. Олар өздерінің экономикалық міндеті бойынша еңбек құралдары болып табылады және негізгі өндіірстік қорлар құрамында есептелінеді тиіс, өйткені өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып және өзінің бастапқы материалдық-заттық формасы бірдестен жоғалтпайды. АТЗ тозуының есепке алуын жеңілдеті үшін айналым қорлар қатарына жатқызылады.

АТЗ – ға қызмет ету мерзімі бір жылға дейін және құны минималды еңбек ақының 100 еселген самасынан артық емес еңбек құралдары жатқызылады. Олар инструменттер, инвентарь, ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін бөлшек заттар, құқы мен мерзіміне байланыссыз арнайы киім, арнайы аяқ-киім және т.б.

Аяқталмаған өнім – бұл өндіріс процесіне түскен, бірақ оңделудің барлық операцияларынан өтпеген еңбек заттары. Оларға аяқталмаған өндіріс пен өздері өндірген жартылай фабрикаттар жатады.

Болашақ кезеңдердің шығыстары осы жавылы жаратылатын, бірақ болашақ жылдық өніміне жататын жаңа өнімді, жаңа технологияны дайындауға және игеруге кететін шығындар.

Өндірістегі айналым қорлардың құрамында аяқталмаған өндіріс негізгі үлесін құрайды. Болашақ кезеңнін шығыстарының үлесі айналым өндірістік қорлардың 5%-нен аспайды.

Айналым қорлардың негізгі бөлігін дайын өнім құрайды. Ол кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім мен жіберілген тауарларға бөлінеді.

Жіберілген тауарларды келесі бағыттар бойынша қарастыруға болады:

- төлеу мерзімі әлі болмаған;

- төлеу мерзімі өтіп кеткен;

- сатыпалушыда жауапты сақтауда жатқандар.

Соңғы екі топтағы жіберілген тауарлар кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағаланды керу болып табылады, өйткені олар есептеу мен келісім тәртібір бұзу нәтижесінде және сатыпалушыда қаражаттың болмауы немесе анықталған брак пен (ақаумен) байланысты пайда болады. Айналым қорлардың осы тобының өсуін қалайда болмасын болдырмау керек, өйнені олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын нашарлатады. Бұл айналым қаражаттарды қосымша қайта бөлеуді талап етеді. Бұл өндірістік циклден түсіп қалған ақша қаражаттар мен уақытында түспеген сатудан түсімдермен байланысты қысқа мерзімді несие алу қажеттілігі туады.

Айналым қорлардың екінші бөлігі – ақша қаражаттары мен дебиторлық қарыз.

Ақша қаражаттары, біріншіден, қаржылық инструменттерде – несие банктік мекемелердегі: шаттарда, құнды қағаздарда, және, екіншіден, кәсіпорын кассасында болады.

Дебиторлық қарыз есеп беруге міндетті адамдардың қарызы, салықты артық төлеген кездегі салық органдарының қарызы және аванс түрінде салынатын басқа да міндетті төлемдер.

Дебиторлық қарыз әрқашан айналымнан қаражаттарды бөліп алады, бұл деген оларды тиімсіз пайдалануды білдіреді және кәсіпорынның қаржылық жағдайын нашарлатады.

Дебиторлық қарыздың айналып қорлардың құрамындағы үлесі айтарлықтай жоғары және шамамен 14%-ті құрайды.

Айналым құралдар құрамында ликвидтілік дәрежесі бойынша жылдам сатылатын және бояу сатылатын қаражаттарды немесе активтерді бөледі. Жылдам сатылатын активтерге қысқа мерзімді қаржы салымдары жатады – депозиттер, құнды қағаздар, сатып салынған қайта сату үшін сатып алынған тауарлар мен мүлік; айқын (реальный) дебиторлық қарыз, жіберілген, бірақ мерзіміндн төленбеген тауар.

Баяу сатылатын айналым қаражаттар – жартылай фабрикаттар, бітпеген өндіріс, қоймда сатылмай қалып кеткен тауарлар, күдікті (сенімсіз) қарыз.

Әр нақты кәсіпорындағы айналым құралдардың көлемі, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік, ұйымдастырушылық және экономикалық сипаттағы, мыналар секілді, көптеген факторларға байланысты:

- өндірістің салалық ерекшеліктері мен қызметтің сипаты;

- өндірістік циклдыі күрделігі мен ұзақтығы;

- запастардың құны мен өндірістік процестегі олардың ролі;

- жеткізіп берудің шарттары мен ырғақтылығы;

- есеп жүргізудің тәртібі;

- өзара келісім міндеттерін орындау.

Айналым құралдардың көлемі мен құрылымының оптималды деңгейде анықтау және ұстап тұру үшігн аталған факторларды ескерту айналым капиталды басқарудың мазды мақсаты болып табылады.

Кәсіпорынның жекеменшік айналым капиталының болуы, оның құрамы мен құрылымы, айналым жылдымдығы және оларды тиімді пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына және оның қаржылық нарықтағы тұрақтылығына ықпал етеді, ал дәл айтқанда мыналарға әсер етеді:

- төлем мұмкіндігіне, яғни өзінің міндеттемелерін өз уақытында жабу мүмкіндігіне;

- ликвидтілігіне – кез-келген моментте қажетті шығыстарды көтеру мүмкіндігі;

- қаржылық ресурстарды болашақта әрі қарай мобильдеу мүмкіндігіне.

Айналым капиталды тиімді пайдалану кәсіпорын жұмысының бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуде, өндірістің рентабельділік деңгейін көтеруде үлкен роль атқарады және көптеген факторлардан тәуелді.

Қазіргі жағдайда айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігі өзгерісіне және олардың айналуының баяулануына кері әсерді экономиканың дағдарыс жағдайының факторлары ықпал етеді:

- өндіріс көлемінің және тұтыну сұранысының қысқаруы;

- инфляцияның жоғары қарқыны;

- шаруашылық байланысдардың үзілуі;

- келісім және төлем – есептеу тәртібінің бұзылуы;

- салық ауырталықтың жоғарлығы;

- банктік пайыздық жоғарлығынан несиеге қол жетерліктің төмендеуі.

Аталған факторлардың барлығы кәсіпорынның мүдделеріне байланыссыз айналым капиталының пайдаландылуына әсер етеді. Сонымен қатар кәсіпорын белсенді ықпал ете алатын айналым құралдарын пайдалану тиімділігін жоғарлатудың ішкі резервтерін болады. Оларға мыналар жатады:

- өндірістік запастарды рационалды ұйымдастыру (ресурстарды үнемді пайдалану, оптималды мөлшерлеу, тікелей ұзақ мерзімді шаруашылық байланыстарды қолдану);

- айналым құралдардың аяқталмаған өндірісте болуые қысқарту (қор қайтарымының төмендеу тенденциясын жою, жаңа технологияны, әсіресе қалдықсыз технологияны еңгізу, өндірістік аппаратты жаңарту, қазірргі заманғы арзанырақ конструкторлық материалдарды қолдану);

- айналымды тиімді ұйымдастыру (есеп жүргізу жүйесін жетілдіру, өткізуді рационалды ұйымдастыру, өндіруші мен өнім тұтынушыларды жақындату, тікелей байланыстар бойынша тапсрыстарды орындау).

Айналым капиталын пайдаланудың жалпылама тиімділік көрсеткіші оның ренттілігі (Рок) болып табылады. Ол өнім сатудае түскен пайда (Прп) немесе басқада қаржылық нәтиженің айналым капитал көлеміне (Сок) қатынасы ретінде есептелінеді:

Прп х 100

Рок =

Сок

Бұл көрсеткіш айналым капиталының әр бір теңгесінен алынған пайда көлемін сипаттайды және кәсіпорын жұмысының қаржылық тиімділігін көрсетеді.

Қазақстандық шаруашылық тәжірибеде айналым капиталды пайдалану тиімділігін бағалауды оның айналымдық көрсеткіштері арқылы жүргізеді. Айналым құралдарды басқарудың тиімділігін бағалау критерии уақыт факторы болғандықтан, біріншіден, айналымның жалпы уақытын немесе күнмен есептегенде бір айналымның ұзақтығын, және, екіншіден, айналымның жылдамдығын көрсететін көрсеткіштер қолданылады.

Бір айналымның ұзақтығы айналым капиталының өндіріс сферасы мен айналым сферасында болатын уақыттан өндірістік запастарды сатып алу моментінен бастап кәсіпорынның өндірген өкілін сатудан түскен табыстық келіп түсуіне дейін уақыттан) тұрады. Басқаша айтқанда бір айналымның ұзақтығы күнмен есептегенде өндірістік цикл ұзақтығы мен дайын өкілді сатуға кеткен уақыт санын қамтиды.

Бір айналымның ұзақтығы (айналым капиталының айналымдығы) күнмен есептегенді ОБок айналым капиталының Сок бір күндік айналымға қатынасы ретінде анықталады, ал соңғысы сатылған өнім көлемінің РП кезеңнің ұзақтығына Д (күнмен) немесе кезеңнің ұзақтығының айналым санына Коб қатынасы ретінде анықталады:

РП Сок х Д Д

ОБок = Сок: = =

Д РП Коб

Айналым кезеңнің ұзақтығы неемесе бір айналымы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым (басқа шарттар бірдей болғанда) кәсіпорынға айналым құралдарын аз қажет етеді. Айналым құралдар айналымды неғұрлым тезірек жасаса, соғұрлым олар жақсы және тиімді пайдаланады. Сонымен, айналым капиталының айналым уақыты оған деген қажеттілікке ықпал етеді. Осы уақытты қысқарту – айналым капиталды пайдалану тиімділігін жоғарлатуға және олардан қайтарымды ұлғайтуға қол жеткізетін қаржылық басқарудың маңызды бағыттары.

Айналымның жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығында – жыл, квартал айналымның тік коэффициенттік (айналым саны) сипаттайды. Бұл көрсеткіш кәсіпорының айналым капиталы. Мыс.: бір жыладғы айналыс санын көрсетеді. Ол сатылған өнімнің көлемінің айналым құралдардың орташа сомасы болып алынатын айналым капиталына қатынасы ретінде анықталады:

РП

Коб =

Сок

Айналымдылықтың тікелей коэффициенті 1 теңге айналым құралға келетін сатылған өнім көлемін көрсетеді. Бұл коэффициентің өсуі айналым санының өсуін білдіреді және мынаған әкеледі:

- өнім өндірісі немесе әрбір салынған теңгеге сату көлемі өседі;

- тұра сол өндіріс көлеміне азырақ айналым құралдары қажет.

Айналымдылықтың тікелей коэффициентінің, яғни айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорын өзінің айналым құралдарын рационалды және тиімді пайдаланудың білдіреді. Айналым санының қысқаруы кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлағанын білдіреді.

Аналымдылықтың кері коэффициенті немесе жүктеу коэффициенті әр бір сатылған өнімнің 1 теңгесіне кеткен айналым құрамының көлемін көрсетеді, және былайша есептелінеді:

Соб 1

Нз = =

РП Коб

Нз – жүктеу коэффициенті.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігі айналым капиталғы қажеттілікті дұрыс анықтауға байланысты болады. Айналым капиталмен оптималды қамтамасыз ету шығындарды минималдауға, қаржылық нәтижелерді жақсартуда, кәсіпорын жұмысының ырғалықтығына әкеледі. Айналым құралдарды көбесітіп есептеу оларды запастарға артық тартылуға әкеліу. Сонымен қатар, бұл кәсіпорынды шығынға ұшыратар, өйткені сақтауға және қоймалауға мүлікке салық төлеуге қосымша шығындарды тудырады. Азайтып есептеу өнімні өндіру мен сатуда тоқталысқа (перебои), кәсіпорынның өз міндеттемелерін уақытылы орындамауға әкеоіп соқтыруы мүмкін. Бірінші де екінші де жағдайда.

Айналым құралдардың нақты көлемдері ағымдағы қажеттілікпен анықталады және мыналарға байланысты болады:

- өндіріс сипаты мен күрделілігі;

- өндірістік циклдің ұзақтығы;

- жұмыстың маусымдығы;

- өндіріс өсуінің, көлем өзгеруінің қарқыны;

- есеп жүргізу тәртібі;

- кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері және т.б.

Нормылау – бұл айналым құралдарының оптималды көлемін белгілеу. Нормалаудың көмегімен кәсіпорынның қаржылық қызметі айналым капиталына қажеттілікті анықтайды.

Кәсіпорынның айналым капиталына қажеттілікті анықтау өнім өндіруге кететін шығындардың жоспарлы сметасы мен кәсіпорынның өндірістік жоспарымен тығыз байланысты. Өндірістік жоспарда өндірісті ресурстардың барлық түрлерімен қамтамасыз етуге байланысьы соның ішінде қаржылық, келісімге отыру, есеп түрлі тәртібі бойынша мәселелер қарастырылады. Өндірістік жоспар негізінде өнім өндірісіне кететіе шығындардың сметасы жасалынады, ол жерде өндірілетін өнімнің мүмкін өзіндік құны анықталады.

Кәсіпорын қорларының айналымын ұйымдастыруда өзіндік айналым құралдар маңызды роль атқарады. Олар кәсіпорынның мүліктік және оперативті тәуелсіз дербестігін қамтамасыз етеді, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына себептен болады.

Өзіндік капиталдық ең алғашқы қалыптасуы кәсіпорын ашылған моментінде жүзеге асады. Осы мақсатпен ұйымдық-құқықтық формаға байланысты жарғы үлесті капитал қалыптасады.

Қатысушылардың инвестициялаған қаражаттың бір бөлігі өндірістік запастарды салып алуға жұмсалады. Өнімді сатудан табыс түскенге дейін айналым құралдар ағымдағы өндірістік шығындарды қаржыландыру, көзі болып табылады.

Әрі қарай өндірістік циклды жаңадан бастауға шығындар алынған пайда арқылы қаржыландырылады.

Пайдадан басқа, айналым құралдарды толтырудың өзіндік көздері ретінде, әр бір кәсіпорында өзіндікке теңестірілетін қаражаттар болады. Бұл кәсіпорынның иелігіндегі емес, бірақ үнемі айналымда болатын және заңды негізде қолданылатын тұрақты пассивтер. Тұрақты пассивтердің минималды көлемі үнемі кәсіпорынның қолдануында болады және шаруашылық қызметін қаржыландыру үшін арнайы қосымша көздер іздестірімейді.

Тұрақты пассивтерге мыналар жатады:

- еңбек ақының есептелініп қойып және оны төлеп беретін уақыт аралығындағы айырмашылықпен байланысты болатын еңбек ақы бойынша, бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға аударулар бойынша минималды өтпелі қарыз;

- болатын шығыстар мен тилемдерді жабуға резервтер бойынша минималды қарыз;

- төлем мерзімі әрі болмаған жабдықтаушыларға қарыз;

- төлеу мерзімінен ертерек есептеліп қоятын салықтың кейбір түрлері бойынша бюджетке қарыз.

Толық шаруашылықтың дербестік жағдайында кәсіпорын айналымында басқада өзіндік қаражаттары болуы мүмкін, нақты айтқанда, резервтік қордың, арнайы мақсатпен қолданылатын қорлардың (тұтыну қоры, әлеуметтік даму қоры, сый ақы қоры, қайрымдылық, жөндеу қоры, демалыс бойынша қорлары және т.б.) уақытқа қолдагылмайтын қалдықтары.

Айналым құралдардың қалыптасуына кәсіпорынның амортизациялық қорын тарту қолданылады. Инфляцияның жоғары қарқыны, экономикалық жағдай тұрақсыз болғанда мұндай жол айналым капиталға қаржылық салықтарды кеңейтуге мұмкіндік береді. Бұл жол кәсіпорынды белгілі бір дәрежеде қарыз ақшадан тәуелді болуды төмендетер, ал түптеп келгенде, кәсіпорынның төлем мүмкіндігін және оның ликвидтілік дәрежесін жоғарлатады.

Өзіндік айналым құралдардың спецификадық қайнар көзі уақытша бос қаржы ресурстарн пайдалы қаржының салымдар, ал кейбір ұйымдық – құқықтық формаларда, атап айтқанда, акционерлік қоғамдарда – қосымша акцияларды шығару және оларды орналастыру.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 2084 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...