Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сурет. Кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастыру



Ақпарат- бұлбасқарылатын еңбектің спецификалық элементі, ол басқарушы білгісі келетін болып жатқан өзгерістер мен даму тенденциялары, заңдылықтары туралы жаңалықтар ж.т.б.

Ұйымдастырылған есептеуіш техника еңбек құралы ретінде оперативтік өңдеулер жүргізуге мүмкіндік беретін және шешім қабылдау мен жұмысты тиімді басқаруды ұйымдастыруға тікелей әсер етеді.

Басқару технологиясы – басқару операцияларын орындайтын басқару әдістер жиынтығы.

Кадрды басқару -әкімшілік бақаратын персонал,жбасқару жүйесінде ұмысшы күшінен тұратын, басшымен ұсынылған маман және техникалық орындаушы.

Байланыс құралы мен ішкіфирмалық байланыс-басшылар мен орындаушылар арасында істегі ақпараттарды жеткізуді ұйымдастыру әдістері мен техникалық қондырғылар.

Басқару органдары қаржылық басқару жүйесінің ұйыдастырылған құрылымы болып табылады.Құрылымдылық бірлігі болып қаржылық ресурсты басқарумен шұғылданатын менеджер болып табылады. Кішігірім кәсіпорындарда олар бухгалтер міндетін қоса атқара алады.Өндірістік құрылымның іріленуіне байланысты басқару штаттарын кеңейуі міндеттерін бөлу мен оларды қаржылық қызметтерге біріктіру қажеттілігі туады. Болашаққа қаржылық ұйымдастырылған құрылым жоспарлаумен, инвестициямен ақша қаржысын басқарумен қаржылық есептеумен шұғылданатын бөлімшелік құрылымдар өздігінше мамандандырылған.принцип бойынша іріленеді. Бұл жағдайда құрылымдық бірліктер болып бөлімшелердің спецификасы бойынша анықталып мамандандырылған және шектелген департамент және менеджер жұмысы жатады.

Ақпарат. Ақпараттық қамтамасыз етілмей басқару жүйесінің жұмыс істеуі мүмкін емес.Бұл жерде қаржылық сипаатта қарастырылады, олар: партнерлердің, бәсекелестердің, бағаның,валюта курсыныңнесиеге төлейтін пайыздардың төлем қабілеттілігі мен тұрақтылығы. Ақпараттың бұл сипаты кәсіпорынның қаржылық–несие жұйесінің сыртқы ортасы мен тенденциялары және оның даму перспективалары ретінде қаржылық –несие нарығының жағдайын сипаттайды.Қаржы қасиеті бұл құн қозғалысын сипаттау болғандықтан ол қаржылық ақпараттарды қолдану арқылы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.Басқарылатын жүйені уақытында, сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету ірі қаржылық жоғалту мен банкроттан сақтайды.

Ұйымдастырылған есептеуіш техникаалғашқы ақпараттарды оперативті өңдеуге мүмкіндік туғызып оны пайдаланушыға ұсынады.

Басқару технологиясы басқарылатын шешімдерді жүзеге асыратын әдістер, тәсілдер жиынтығы ретінде көбінесе басшы типтері мен оның тәжірибелігі арқылы анықталады. Жедел өзгеріліп және күрделеніп отырған нарықтық ортада көптеген параметрлерін,шешім қабылдау варианттарын, факторлардың өз ара байланыстылығын мен уақытша шектеулерін ескереретін адекватты басқару технологиясын талап етеді.

Кадрды басқару -басқарылған шешімдерді жүзеге асыратын қаржылық ұйымдастырылған құрылымның басқару персоналы.Ол ұжымда жұмыс істей алатын,белгілі бір мамандандырылған деңгейге ие болуы қажет.

Жоғарыда аталған барлық элементтер элементтер арасының байланысын құрайды.

Басқару циклы жүйелі фазадан тұрады: нормаландыру, жоспарлау, есеп, талдау және реттеу.

Басқару циклының бірінші фазасы нормаландыру болып табылады. Қаржылық ресурсының объектісін басқарудан бұрын, оның сандық сипатын, қасиетін және жұмыс істеу ерекшелігін білу қажет. Бұл табыс нормасы мен жұмыс істеу мерзімін қабылдауға болатын қаржылық ресурстың шығын нормасын ғылыми негіздеп бекітуге мүмкідік береді Нормаландыру процессі жұмыс істеу ерекшеліктері мен өндірістік жүйедегі шамалаған өзгерістерді ескеру қажет.

Жоспарлау – қаржылық жоспарды өңдеуді ұйғарған басқару циклының екінші фазасы: перспективті, оперативті.Бұл фазада бар ақпараттарды жаңадан жасау процессі мен алдынғы жылдарға ресурстады дамыту мен жағдайы бойынша бағдарлама құрылады. Қаржылық жоспар кәсіпорынның ойлаған өндірістік-шаруашылық іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін ескеріп,өндірістік бағдарламада белгіленген шекте қаржылық ресурс синхронизациясын қамтамасыз етеді. Жоспарлау, қаржыландыру объектісін таңдау арқылы өндірістік-шаруашылық іс-әрекеттердің барлық жағына әсер етіп, сонымен бірге оның барлық ресурс түрлерін тұрақты қолдануға мүмкіндік береді.

Есеп, өндірістік-шаруашылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру процессіндегі қаржылық ресурстың қозғалыс этаптары мен күйін тіркеуге алатын басқару циклының фазасы.Есеп мәліметтері оперативтік, бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде тіркеліп қаржылық ресурс жүйесінің жетістіктер жағдайын, шаруашылық операциялармен жүзеге асқан құндық бағасы мен оның нәтижесін сипаттайды.

Талдау- есеп ақпаратына алғашқы мәліметтер ретінде қолданатын басқару циклының есептен кейінгі фазасы. Бұл этаптың мақсаты, жоспарлаған іс шараларды жүзеге асыру процессінде туатын ауытқуларды анықтау болып табылады.

Реттеу- талдау нәтижесінде анықталған ауытқуларды жою бойынша шараларды қабылдап жүзеге асыратын басқару циклының соңғы фазасы.

Сонымен бірге қаржылық ресурс элементтерінің әр қайсысы ұдайы өндіріс процессі тұрғысында қарастырылуы мүмкін. Қаржылық ресурс жұмысының ерекшеліктері мен басқару жұмысының ерекшеліктері ұдайы өндіріс процессін екі стадияға бөлуді ұйғарады: 1) құрылу, 2) қаржы ресурсын қолдану.

Қаржы ресурсын құру мен қолдану-қаржылық ресурс қозғалысының маңыздылығын ашатын және сипаттайтын екі өз-ара байланысты процесс. Құрылу деп, кәсіпорында қаржылық ресурстары жұмылдыру мен пайда болу процессін айтамыз. Ол алдынғы уақытта қолдану формасындағы ресурстардың қозғалыс ерекшеліктерін алдын ала анықтайды.

Ресурстарды қолдану – бұл кәсіпорын іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында қолданатын процесс. Бұлар: шығындар, ертеректе құрылған ресурстарды уақытша орталықтандырмау.Қолдану, ойлағвн жоспарларды жүзеге асыруға байланысты және де жүйенің сапалы деңгейін сипаттайды. Құрылу мен қолдану процесстері бірін бірі толықтырады және өз ара анықтайды, сонымен бірге олардың әр қайсысы жүйенің күйіне әсер етеді.

Қаржылық ресурстармен басқару функцияларының құрылуы.

 
 


Бұл тәсіл ұдайы өндіріс процесстерінің элементтерінің ерекшеліктерін басқару объектісінде үйлесімді басқару іс-әрекетін толық қарастыруға мүмкіндік береді.

Басқару функцияларының барлық мүмкін болатын шектеулер мен бекітулер үшін марицалық форманы қолдану пайдалы.

Басқару функциясын орналастырудың матрицалық формасы,

қаржылық ресурс жүйесінің абстракты элементтер мысалында.

Ұдайы өндіріс процесс стадиясы элемента   1.құрылу   Ф1.1 Ф1.2 Ф1.3 Ф1.4 Ф1.5
  2қолдану   Ф2.1 Ф2.2 Ф2.3 Ф2.4 Ф2.5

Нормаландыру жоспарлау есеп талдау реттеу-





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 882 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...