Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті



Азақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

ДАЙБЕРГЕНОВА З.У.

ЭКОНОМИКА САЛАСЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ

Оқу құралы

Шымкент – 2008ж.

ӘОЖ 336.025 (075.5)

КБЖ 65.9 (2) 26

Құдайбергенова З.У. Экономика саласының қаржысы. Оқу құралы.- Шымкент: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, 2008ж. – 68 бет.

Оқу құралында қаржының теориясы және практикасының отандық әдебиеттері негізінде құрастырылған. Оқу құралында әрбір тақырыптың жоспары, бақылау сұрақтары, баяндама тақырыптары және сабаққа терең дайындалуға мүмкіндік беретін әдебиеттер тізімі көрсетілген.

«Экономика саласының қаржысы» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес жасалынған.

Оқу құралы қаржы мамандықтарының студенттеріне арналған.

Пікір жазғандар:

- А.М. Жұманов - экономика ғылымдарының докторы

- З.А.Бигелдиева – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы

С М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің әдістемелік кеңесі баспаға ұсынған №5 хаттама 26.05. 2009 ж.

© М.Ауезов атындағы Оңтүстік Казахстан мемлекеттік университеті, 2009 ж.

Кіріспе

Нарық экономикасына өту Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiне салмақты өзгерiстер әкелуi және алғашқы кезекте оның негiзгi звеносы – корпоратив қаржылары, себебi олар қаржы жүйесiнде жетекшi орында алады. Қазақстандық кәсiпорындар үшiн шаруашылықты жүргiзу шарты айтарлықтай өзгередi, бұл елде болып жатқан кәсiпкерлiктiң қалыптасуы мен дамуы, жекешелендiру, либерализациясы және кәсiпорындардың сыртқы экономикалық байланысы және т.б. сияқты анықталған процеспен байланысты.

Экономика саласының қаржысы негiзгi мақсаты табыс алу болып табылады, себебi кеңейтiлген өндiрiстiң, кәсiпорын табысының өсуi мен оның меншiгiнiң өсуiнiң негiзгi көзi табыс екенi белгiлi. өндiрiс процесiн ойланып салынған қаржымен қамтамасыз ету, қаржылық ресуртарды пайдалану бағытын таңдау мен айналым және негiзгi капиталдарды мобилизациялау таңдау мен айналым және негiзгi капиталдарды мобилизациялау тәсiлдерi арқылы бұл мақсатқа жетуге болады. Кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметiнiң жетiстiгi оның қаржылық жағдайына байланысты.

Бұл пәннiң мақсаты – теориялық және тәжiрибелiк материалдар негiзiнде, санымен қатар нормативтi және заңдылық құжаттың жалпылау негiзiнде кәсiпкерлiк қызмет саласында нарықтың өзгеру тәжiрибесiнде студенттердi экономика саласының қаржысын басқару мен ұйымдастыру, жоспарлау механизмiмен таныстыру.

“Экономика саласының қаржысы” оқытудың мiндетi:

Нарық қатынасын тереңдету шартында экономиканың қайта құрылуын жүзеге асырудағы экономика саласының қаржысының ролiн ашу.

Нарық экономикасы жағдайында экономика саласының қаржысының ролi мен мәнiнiң теориялық жағдайын студенттердiң назарын аудару.

Қазiргi кезеңде шаруашылықпен айналысу шартында экономика саласының қаржысының актуальды мәселелерiн қарастыру болып табылады.

Қоғамдық ұдайы өндірісте олар үлестіру қатынастарын білдіреді.Бірақта олардың әрекеттері тұтас қаржы сияқты үлестіру сферасымен шектеліп қоймайды. Үлестіру қатынасын білдіре отырып, қаржы ұдайы өндіріс процессінің барлық стадиясына қатысы бар, бірақ та бұл процесстің әр түрлі стадияларына қатысу бір текті емес. Әр бір фазадағы үлестіру үлесі эквиалентті өйткені үлестіру өндірістік процесс стадиясында да және айырбастау мен тұтыну стадиясында да орын алады. Сондықтан да қаржы қатысуынсыз қоғамдық өндірістік қордың айналамы да орындалмайды.

Экономика саласының қаржысы тауар ақша қатынасы мен құндылық заңның әрекетіне негізделеді. Тауар мен өнімді тарату тауардың құнын білдіретін баға бойынша ақшаға сатып алу мен сату жолымен орындалады.

Тауар ақша қатынасын меңгеру, қоғамдық өндірісті тиімді көтеруге, экономика саласын жоспарлау мен басқару жүйесін жетілдіруге, ішкі шаруашылық резервтерді жұмылдыруға бағытталған. Экономика сала қаржысы нарықтық қатынастың даму заңдылықтарымен және өндіріспен тікелей байланысты және де олар экономика базис құрамына кіретін категория болып табылады.

Экономика саласының қаржысына кіретіндер: өнеркәсіп; ауыл шаруашылығы; құрылыс; көлік және байланыс; материалды техникалық қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен ұйымдар ж.т,б.

Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі принциптері оның басқа да салалардың экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру мен жоспарлау болып табылады.

Кәсіпорын қаржысы нда өзінің маңыздылығы ме сыртқы формаларынан тұрады. Кәсіпорын қаржысының маңыздылығы деп ерекше қаржылық құндық категориясын анықтайтын қаржының ішкі құрылысын түсінеміз. Қаржының формалары мен маңыздылығы өз ара байланысты, бірақта олардың тұрақтылық дәрежесі бірдей емес.

Кәсіпорын мен ұйымдардың қаржысы негізгі екі функцияны орындайды: үлестіру мен бақылау. Үлестіру функциясы өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын звено. Бақылау функциясы экономиканың дамуына негізгі рөлді атқарады.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 671 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...