Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЖҰӨ және оны өлшеу әдістері



Жалпы ұлттық өнімді өлшеудің үш әдісі бар:

1. Шығын әдісі (түпкі пайдалану) Табыс әдісі (бөлу) Қосылған құн әдісі (өндірістік)

ЖҰӨ-ді шығын әдісімен есептегенде үй шаруашылықтарының, фирмалардың, мемлекеттің, шет мемлекеттердің барлық экономикалық агенттерінің шығындары қосылады:

GNP = C + I + G + Xn;

мұндағы: C - тұтыну, яғни үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерге кететін шығындары (тұрғын үй сатып алу шығындары кірмейді);I – инвестициялар – ол негізгі өндірістік қорларға, запастарға, үй құрылысына инвестициялар;G - тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу. Мысалы: мектепті, жолдарды салу, армияны, мемлекеттік аппараттарды қамтамасыз ету. Бірақ бұған трансферттік төлемдер кірмейді;Xn - таза экспорт, бұл импорт пен экспорттың көлемдерінің айырмасы.

Бұл теңдікті негізгі макроэкономикалық теңдік деп атайды. ЖҰӨ-нің құраушы элементтері C, I, G, Xn – ол шығындар жасайтын сатып алушылардың типтерімен ерекшеленеді.

Мысалы: үй шаруашылығымен сатып алынған автомобиль тұтыну шығындарына қосылады, егер ол фирмамен сатып алынған болса, онда жалпы инвестиция құрамында негізгі қорға қосылады. ЖҰӨ-ге алдыңғы жылдары өндірілген заттарды сатып алуға жұмсалған шығындар кірмейді (мысалы 5 жыл бұрын салынған үй), сонымен бірге аралық өнімді сатып алуға кеткен шығындар кірмейді. ЖҰӨ-де ең көп үлесті тұтыну шығындары алады, ал ең өзгермелісі- инвестициялық шығындар.

ЖҰӨ-ді өндірістік әдіспен өлшегенде түпкі өнім өндірісінің әрбір сатысында қосылатын құн қосылады. Қосылған құн – ол фирмамен өндірілген құннан шикізаттар мен материалдарды сатып алуға жұмсалған соманың айырмасы. Бұл әдіс ЖҰӨ-гі әртүрлі фирмалар мен салалардың үлесін есепке алуға мүмкіндік береді. Экономика үшін қосылған құнның барлық сомасы түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасына тең болуы керек.

ЖҰӨ-ді табыс әдісімен есептегенде барлық факторлық табыстар (жалақы, рента, процент және пайда) қосылады: Y = W + R + N + P;

мұндағы: W - жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы;

R - жерді, тұрғын үйді және т.б. жалға беру арқылы алынған рента;N - пайыз (үй шаруашылығында жиналған ақша капиталынан түскен табыстар түріндегі);P – пайда (корпорациялардың пайдасы, акционерлерге төленетін дивиденттер, бөлінбейтін пайда, мемлекетке түсетін корпорацияның пайдасына салық).

Көп жағдайда ЖҰӨ-ді өлшеудің өндірістік және түпкі пайдалану әдісі қолданылады.

Ұлттық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық бағалар арқылы көрсетіледі. Олар ағымдағы бағалармен өлшенген жағдайда олардың мөлшері номиналды (атаулы) шама түрінде болады. Егер де тұрақты шамалар пайдаланылса, онда нақты шаманы көрсетеді. Осыған байланысты ЖҰӨ номиналды және нақты деп ажыратылады.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 1612 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...