Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы



Ұлттық экономиканың қызмет етуінің жинақтаушы нәтижесі ретінде БҰҰ сипаттамасы бойынша Ұлттық есеп агрегаттары қолданылады. 1998 ж. есеп жүргізудің халықаралық жүйесіне Қазақстан да көшті.

Ұлттық байлық – бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ол мүлік (негізгі және айнымалы қорлар, үй шаруашылығының мүліктері), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар және орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттың денсаулық потенциалы, рухани байлықтар, білім мен ғылым потенциалы) қамтиды.

Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіші – бір жылдық қоғамдық өнім болып табылады. Оны бірнеше көрсеткіштер көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – белгілі бір уақытта елдің ішкі ресурстарын қолданумен өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Өндіріс факторлары осы елдің резиденттеріне тиесілі болуы мүмкін және тек ғана өз территориясында емес, шетелде де бола алады.

Ұлттық табыс (ҰТ) – жалпы ұлттық өнім мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы, пайда, рента, процент.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – ұлттық экономика салаларының таза шаруашылық қызмет нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш. Жалпы ұлттық өнімнен амортизациялық төлемдерді алып тастау арқылы немесе ұлтық табыс пен жанама салықтардың қосындысы ретінде анықтауға болады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі бір кезеңде мемлекет аумағында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны. ЖІӨ құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқылы өндірілген өнімдер мен қызметтер жатады.

Халықтың өмір сүру деңгейін сипаттау үшін 3 көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда қалатын табыс, таза экономикалық тұрмыс.

Жеке табыс – бұл салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс пен жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жәрдем ақы және т.б. трансферттік төлемдер кіреді.

Қолда қалатын табыс – бұл салықты төлегеннен кейінгі қалатын табыс. ЖҰӨ мен экономикалық тұрмыс арасында тікелей байланыс бар: ЖҰӨ көп болған сайын экономикалық тұрмыс жоғары болады.

Таза экономикалық тұрмыс қоғамның экономикалық тұрмысын тек табыс емес, өмір сүру сапасының көрсеткіштерін есепке ала отырып өлшеу.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 1039 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...