Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Фирманың жалпы, орташа ,шекті табыстары



Жалпы табыс-барлық өндірілгін өнімді сатудан түскен түсімнің жалпы сомасы. TR = P • Q

Мұндағы: TR- жалпы түсім (табыс) Q -сату көлемі P-тауардың бағасы

Орташа түсім жалпы түсімді сатылған өнім бірлігіне қатынасына тең: AR= TR / Q

Мұндағы: AR-орташа түсім

Шекті табыс- шығарылатын өнім санын қосымша бірлікке арттырғандағы жалпы түсімнің өсуі: MR= ∆TR / ∆Q

Мұндағы: MR-шекті түсім ∆TR- жалпы түсімнің артуы Δ Q- өнім санының артуы

Жетілмеген бәсекелестік жағдайында, егер фирма нарықта монополиялық жағдайды иеленсе (газ,мұнай, теміржол және т.б.) онда ол пайдалы табиғи жағдайларда сирек кездесетін пайдалы қазбалар жерінде, қолайлы климат және т.б. пайда болатын монополиялық пайда алады.

Фирма үшін үлкен табыстың қайнар көзінің маңыздылығы - ашық жазылу бойынша акцияны сатқаннан алынған шамамен кәсіпорынға салынған нақты капитал арасындағы айырмашылық - құрылтайшылар пайдасы болып табылады. Оны берілген акционерлік қоғамның құрылтайшылары иемденеді.

Пайда нормасы - бұл процентпен өрнектелген пайданың өндіріс шығындарына қатынасы. Фирманың мақсаты - алынған пайданы максимизациялау, яғни пайда көлемін жоғарғы деңгейге жеткізу. Осы мақсатпен ол жоғарғы пайда әкелетін өндіріс деңгейін таңдайды. Бұл жерде фирма шекті табыс=шекті шығын болатындай деңгейге дейін өндірісті ұлғайта алады. Бұл шарт жетілген, сондай-ақ жетілмеген бәсеке жағдайында да сақталады

23. Тұрақты,өзгермели,орташа,шекті шыгындар.

Орташа тұрақты шығындар тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлгенге тең:

TC

ATC= ------------;

Q

Орташа өзгермелі шығындар жалпы өзгермелі шығындарды өндірілген өнім санына бөлгенге тең:

VC

AVC= ------------;

Q

Тұрақты шығындардың сомасы тұрақты болғандықтан орташа тұрақты шығындар (AFC) өнім көлемінің өсуімен қысқарады. Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы шығынның өсуі әрқашан өзгермелі шығындардың өсуімен қатар жүреді. Орташа өзгермелі шығындарға кемімелі табыстылық заңы әсерін тигізеді. Мысалы: егер бір ресурс (жер учаскесінің мөлшері, технология деңгейі) тұрақты, саны өзгермейтін болатын болса, онда басқа да ресурстарға өзгермелі шығындар өскен жағдайда айнымалы ресурстардың орташа өнімділігі алдымен өседі (орташа өзгермелі шығындар кемиді), одан кейін Q өнімінің өндірісімен өнімділік кемиді (орташа өзгермелі шығындар өседі).

Шекті шығындар MC (marginal cost) - берілген өнім көлемімен салыстырғанда өнімнің әрбір қосымша өнім бірлігін өндіруге кеткен қосымша шығындар: MC = TC/Q

Тұрақты шығындар өзгеріссіз болғандықтан, шекті шығындар өзгермелі шығындардың өсіміне тең: MC = VC/Q

Орташа жалпы шығындардың (ATC) шамасы, біріншіден, кемімелі табыстылық заңы ықпал ететін орташа өзгермелі шығындардың шамасымен, екіншіден, Q өнім көлемінің өсуімен қысқаратын орташа тұрақты шығындардың шамасымен анықталады.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 3567 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...