Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бухгалтерлік және экономикалық шыгындар



Өндіріс шығындарының шамасын анықтаудың экономикалық деңгейі бухгалтерлік деңгейден бірқатар ерекшеленеді. Оның мәні жіберіп алған мүмкіндіктер немесе альтернативтік шығындар концепциясында жатыр. Альтернативтік шығындар – ресурстарды пайдаланудың барлық мүмкін болатын альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы. Кәсіпорындарда айқын шығындармен қатар (материалдар мен қондырғыларға, жұмыс күшіне кететін шығындар) айқын емес шығындар да (фирманың меншігі болып табылатын жұмсалынған ресурстардың құны: кәсіпкерлердің еңбегіне ақы төлеу, салынған капиталға процент) бар. Айқын шығындарға, яғни бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар өнімнің өзіндік құнына енеді. Оларға шикізат пен материалдардың құны, жалақы, амортизациялық төлемдер, аренда, салықтар, әкімшілік басқару шығындары жатады. Ал айқын емес шығындар (жіберіп алған мүмкіндіктер шығындары) басқа пайдаланушыларға нарықта белгіленген ақыға берген жағдайда меншікті ресурстарына алуға болатын табыстар. Оларға меншікті капиталға процент, ғимарат үшін жал ақы, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысы үшін төлем ақыны жатқызуға болады.

Бухгалтерлік шығындар мен альтернативтік шығындардың қосындысы экономикалық шығындарды береді. Демек, экономикалық шығындарға фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар мен фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты жатқызуға болады.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 1010 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...