Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тауарлы-материал запастарына инвестициялар;- адам капиталына инвестициялар



Жалпы инвестициялар – ол ескі құралдарды ауыстыруға кететін шыѓындар (амортизация) мен өндірісті ұлғайтуға жұмсалынатын инвестициялар өсімі. Егер жалпы инвестициялардан негізгі капиталѓа амортизация соммасын алып тастасақ, таза инвестиция қалады.

Таза инвестициялар бар капиталды ұлғайтуға, сонымен қатар экономикалық өсуге жағдай жасайтын шығындар. Егер таза инвестициялар оңтайлы мөлшерде болса, онда экономика дамиды. Егер таза инвестициялар нольдік мөлшерде болса (жалпы шығындар мен амортизация тең болса) онда экономика статика жағдайында болады. Егер таза инвестициялар кері (теріс) мөлшерде болса (жалпы шығындар амортизациядан аз болса), іскерлік белсенділік төмендейді. Инвестициялық сұранысты анықтайтын факторларға жататындар:

1. пайда нормасын күту;

2. банк процентінің ставкасы.

Тұтыну мен қор жинау

Тұтыну адамдардың өмірінің негізін құрайды. Осы мақсатқа сәйкес олар материалдық игіліктер өндірісін ұйымдастырады. Өндіріс дәрежесінен тұтыну дәрежесі тәуелді болады. Тұтыну дєрежесімен анықталатын өмір сапасы єрбір жанұяда, әлеуметтік топтарда бірдей болмайды. Тұтыну дәрежесі табыстан тәуелді болады. Тұтыну халықтың тауарлар мен қызметтерге сұранысын анықтайды. Сондықтан экономикалық теорияда тұтыну ол халыќты тауарлар мен қызметтер сатып алуға жұмсайтын ақша шыѓындары ретінде қарастырылады. Әрбір жанұяның, әлеуметтік топтардыњ тұтыну дєрежесі олардыњ бюджетінен, кейбір игіліктердіњ қажеттілігінен, кейбір игіліктердің тµлемді немесе төлемсіздігінен, нарықта тауарлардың болуынан т.б. факторларға тәуелді болады. Бірақ жанұялардың табыстары бірдей болғанымен, шығындар құрылымы әртүрлі болады. Халықтың қор жинау дәрежесі табыс дәрежесінен тєуелді болады. Қор жинау дегеніміз ол тұтынылмайтын табыстыњ бір бөлігі. Сондықтан тұтыну мен қор жинаудың жиынтығы табысты құрайды. next

Табыс = тұтыну + қор жинау;

Тұтыну = табыс – қор жинау;

Қор жинау = табыс – тұтыну.

Жан±яныњ табысы қаншаға аз болса, олар соншаға аз сақтайды. Ұлттық қор жинау – ол т±тыну кµлемі мен мемлекеттік сатып алуларды алып тастағаннан кейінгі экономикалық жиынтық табысы. ұлттық қор жинау жеке және мемлекеттік жинақтардан тұрады.

Жеке қор жинау – салықтар мен тұтынуға шығындарды шегергеннен кейінгі қалатын үй шаруашылығының табысы. Мемлекеттік қор жинау – ол мемлекеттің жинаған салыќтары мен оныњ шығындарының айырмасымен (айырмашылық) қалған табыстар.

Тұтыну функциясы – тұтынудың негізін анықтайтын тєуелділік, мысалы, тұтыну кµлемініњ табыс көлеміне тәуелділігі, яғни С = С (І), мұндағы: С – тұтыну, У - табыс.

Қор жинау функциясы - ол жиынтыќ қор жинаудыњ (S) табыстан (І) тєуелділігі, яғни S = S (І), мұндағы: S-қор жинау, У - табыс.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 1128 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...