Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыссыздық формалары. Оукен заңы



Жұмыссыздықтың негізгі типтері: фрикциондық, құрылымдық, циклдік.

Фрикциондық жұмыссыздық - жұмысты іздеу және күтумен байланысты. Бұл өзіндік Иваливинациясы мен жеке қалауына лайықты жұмыс орнын іздеу белгілі уақытты қажет ететін адамдар арасындағы жұмыссыздық. Жұмыс орнына талапкерлер және ваканциялар туралы ақпарат жетілменген және оның таралуы белгілі уақытты қажет етеді. Жұмыс күшінің территориялық армасуы да бір кезде болмауы. Жұмыссыздардың бір бөлігі мекен–жайы, мамандығы, қызығушылығы өзгеруіне байланысты жұмыстан өз еркімен босайды. Сондықтан, фрикционды жұмыссыздың қысқа мерзімді және көбінесе, еркін болады: бұл катигориядағы жұмыссыздар да еңбек нарығында сатуға болатын жұмысқа «дайын» дағдысы болады.

Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыс күшіне сұраныс құрылымын өзгертетін өндірістегі технологиялық алға жылжуымен байланысты. Бұл ГТП себебінен экономикаға қажеттілігі азайған менен «ескірген» мамандығы бар адамдар арасындағы жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық көбінесе, амалсыздан және қзағырақ уақыт болады, өйткені бұл катигориядағы жұмыссыздардың сатуға «дайын» жұмысқа деген бейімі жоқ және жұмыс орнына ие болу мекен–жайын ауыстырумен қатар жүретін профессоиналды (мамандық) қайта маманданумен байланысты.

Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың үйлесімі (бірге болуы) потенциалды ЖҰӨ-ге сәйкес келетін жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды (немесе толық жұмысбастылық кеіндегі жұмыссыздықтың деңгейі). Бір қатар экономистер құрылымдық өзгерістер арқасында пайда болған жұмыссыздыққа қатысты «табиғи» деген терминді пайдалануды дұрыс емес деп есептейді.

Циклдік жұмыссыздық – бұл жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейінен ауытқуы. Циклдың құлдырау кезінде циклдың жұмыссыздық фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады; циклдың көтерілу кезінде циклдық жұмыссыздығы болмайды.

Жұмыссыздықтың нақты (фактический) және табиғи деңгейілерін есептеу кейбір адамдар жұмысы бар және жұмыссыз катигориясына жатқызу критерилері жеткілікті өзгермелі болуына байланысты күрделенеді. Әдетте, жұмыссыздарға статистикалық зерттеу жүргізу кезінде жұмысы болмағандар, бірақ белсенді жұмыс іздеп тез арада жұмысқа кірісуге дайын адамдарды жатқызады. Жұмысы бар адамдар және толық емес жұмыс күні немесе апта бойынша жұмыс жасайтындар жұмысбастылықтың катигориялары.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – елдегі алдыңғы 10 жыл (бұданұзақ кезең) және кейінгі 10 жылдағы күтілген инфляция деңгейінің ықтимал динамикасының есепке ала отырып болжамдалған бағалаулар пайдаланылады. Ішіндегі жұмыссыздықтың фактіге негізделген (фактический) деңгейінің орташа көрсеткіші нәтижесінде анықталады.

Ұзақ мерзім уақытында жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің өсу тенденциясы келесімен байланысты:

1) жұмыс күші құрамында жастар үлесінің жоғарылауымен;

2) жұмыс күші арасында әйелдер үлесінің жоғарылауымен;

3) экономикада құрылымдық өзгерудің өте жиі болуымен.

Оукен заңы жұмыссыздың деңгейінің өзгеріп құбылуын ЖҰО – ның өзгеріп құбылуымен байланыстырады.

1) У – У*

У* = - β (u - u*), бұл жерде

У - өндірістің шын мәніндегі көлемі. У* - потенциалды ЖҰО U – жұмыссыздықтың шын мәніндегі көлемі U* - жұмыссыздықтың табиғи деігейі

Β–ЖҰО–ның, циклдің жұмыссыздық динамикасына сезімталдылығының эмперизмдік коэффициенті.

Егер жұмыссыздықтың шын мәніндегі деңгейі табиғи деңгейден 1% жоғары болса, онда өндірістің шын мәніндегі көлемі потенциалдан β% төмен болады.

Β коэффиценті эмперизмдік жолмен орнатылады, бұл циклдің жұмыссыздық арқасында пайда болған ЖҰО маңызды шығындары туралы мәлімдейді.

2) У – У = 3 % - 2(u – u), бұл жерде

У

У – ағымдағы жылдағы шын мәніндегі көлемі.

У - өткен (алдағы) жылдағы шын мәніндегі өндіріс көлемі.

U – ағымдағы жылдағы жұмыссыздықтың шын мәніндегі деңгейі

U - өткен жылдағы жұмыссыздықтың шын мәніндегі көлемі.

Егер жұмыссыздықтың шын мәніндегі деңгейі өтке жылдың көрсеткішіне қарағанда өзгермесе, нақты ЖҰО-ның өсу қарқынын (темп) жылда 3% құрайды. Бұл қарқын тұрғандардың өсімі, капиталдың қорлануы және ҒТП пен қамтамасыз етілді. әрбір жұмыссыздық деңгейінің 1%-ға өзгеруінде (өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда) нақты ЖҰО-ның өсу қарқыны 2% - ға төмендейді.

36. Инфляция деңгейі. Инфляция түрлері.

Инфляция бағаның, орташа, жалпы деңгейі жоғарлауының тұрақты тенденциясы.

Инфляция жағдайында әр түрлі бағалар бір қалыпта өзгермейді: кейбір бағалар тез жоғарылайды, басқалары жәй өседі, қалғандары өзгеріссіз қалады.

Дифляция – бағаның орташа (жалпы) деңгейі төмендеуіне тұрақты тенденция.

Инфляцияның деңгейі (бағаның өсу қарқыны) – бағаның орташа жалпы деңгейінің салыстырмалы өзгеруі. Макроэкономикалық модульдерде инфляция келесі түрде көрсетілуі мүмкін:

Π = Р – Р

Р бұл жерде

Р – ағымдағы жылда бағаның орташа деңгейіР - өткен жылдағы бағаның орташа деңгейі

Бағаның орташа деңгейі баға индексімен есептеледі.

Дизинфляция – инфляция деңгейінің төмендеуі (бағаның өсу қарқыны)

Сұраныс инфляциясы – толық жұмысбастылыққа жақын жағдайларда артық жиынтық шығындар (жиынтық сұраныс) нәтижесінде пайда болады.

Шығындар инфляциясы - өнім бірлігіне орташа шығындардың көбеюі жиынтық ұсынысының төмендеуі нәтижесінде пайда болады. Инфляцияның бұл типі стафляцияға әкеледі, яғни өндірістің төмендеуі көрінісінде инфляция мен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі. Орташа шығындарды жоғарлату фирма табысын біршама төмендетеді, бұл жалпы жиынтық ұсыныстың төмендеуіне және фирма өндірісінің төмендеуіне әкеледі. Жиынтық ұсыныстың бұрынғы деңгейінде жиынтық ұсыныстың төмендеуі иннфляция қарқыны өсуіне және бағаның орташа деңгейініңөсуіне әкеледі.

Шығын инфляциясы белгілі дәрежеде өзін - өзі реттейді. Өндірістің құлдырауы өндіріс шығындарының қосымша өсуін тоқтатады, өйткені үдеуші жұмыссыздық деңгейінде номиналды жалақы бірте–бірте төмендейді.

Сұраныс инфляциясының шығындар инфляциясымен бірігуі инфляцияның шиыршықты жасайды, экономикалық агемиттердің жоғарлаған (өскен) инфляциялық күтімдері беріліс механизм рөлін атқарады. Жиынтық сұранысты қысқа мерзім уақытқа ынталандыруға бағытталған салықты бюджеттік немесе ақша–несиелік экспансия, экономикалық мүмкіншілігінше ресурстардың толық жұмысбастылық жағдайына жақындауына байланысты сұраныс инфляциясын пайда болдырады. Сұраныс инфляциясы жағдайында экономикалық агемиттер бірте–бірте өз мінез–құлқын өзгертеді. Инфляцияның нақты табыс деңгейіне әсері қарама–қайшылықта болады. Күтілген немесе күтілмеген болуына байланысты инфляция табысты қайта бөлуге әсері әр түрлі болады.

Күтілген инфляция жағдайында табыс алушы инфляцияның негативті зардаптарын азайту немесе болдырмауы үшін шаралар қолданылуы қажет, кері жағдайда олар оның нақты табысының мөлшеріне әсер береді. Номиналды тасбыстарды түзету Фишер теңдеуін есепке алып әске асыруға болады: I = r + п, i және r – номиналды және нақты % - тін ставка (сәйкесінше), ал п - күтілген инфляция деңгейі. Инфляцияың қарқыны 10% - тен жоғары болғанда, Фишер теңдеуі мынадай түрде болады: z = I – п

1+п Күтілмеген инфляция тұрақты табыстардың барлық түрлерінің төмендеуіне әкеледі және бағаның орташа деңгейінен гөрі номиналды табыстары тез өсетін экономикалық агенттерге «субсидия береді». next Күтілмеген инфляция жағдайында өсімге алушылар кридитрорлар есебінен пайда табады, өйткені қарызды олар құнсызданған ақшамен қайтарады.

Бірталай мемлекеттік қарыз жинақтаған үкіметтер, көбінесе қарыздың салыстырмалы құнсыздануына мүмкіндік туғызатын инфляцияны қысқы мерзімдік ынталандыру саясатын жүргізеді.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 7939 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...