Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы және таза инвестициялар



Инвестиция ЖҰӨ өндірісіне жұмсалатын табыстың маңызды бөлігін құрайды. Инвестициялардың маңызды бөлігі адамдардың жинақтауынан жєне кєсіпорындардың пайдасынан құрылады. Экономикалық теория көзқарасынан өндірісті ұлғайтуға, жаңартуға, жања технологиялар, материалдар т.б. еңбек құралдарына енгізуге кететін шығындарды инвестиция деп атайды. Инвестициялар ол мемлекеттік және жеке сектордың пайда табу мақсатымен ел ішінде және сыртында салынатын ұзақ мерзімдік салымдар.

Инвестициялардың бағыттары:

1. Жаңа өндірістік ғимараттарды салу;2. Жаңа құралдар, техника жєне технологияны сатып алу;

3. Материалдар мен шикізатты қосымша сатып алу;4. Әлеуметтік бағытталған объектілер мен үйлер салу;

Осы бағыттарға сєйкес инвестициялар бөлінеді:

- негізгі капиталға инвестициялар;- тауарлы-материал запастарына инвестициялар;

- адам капиталына инвестициялар.

Жалпы инвестициялар – ол ескі құралдарды ауыстыруға кететін шыѓындар (амортизация) мен өндірісті ұлғайтуға жұмсалынатын инвестициялар өсімі. Егер жалпы инвестициялардан негізгі капиталѓа амортизация соммасын алып тастасақ, таза инвестиция қалады.

Таза инвестицияларбар капиталды ұлғайтуға, сонымен қатар экономикалық өсуге жағдай жасайтын шығындар. Егер таза инвестициялар оңтайлы мөлшерде болса, онда экономика дамиды. Егер таза инвестициялар нольдік мөлшерде болса (жалпы шығындар мен амортизация тең болса) онда экономика статика жағдайында болады. Егер таза инвестициялар кері (теріс) next

мөлшерде болса (жалпы шығындар амортизациядан аз болса), іскерлік белсенділік төмендейді. Инвестициялық сұранысты анықтайтын факторларға жататындар:

1. пайда нормасын күту; 2. банк процентінің ставкасы.

Инвестицияға сұраныстың тәуелділігі процент нормасына кері пропорционалды болады.

Инвестицияларға сұраныс қисығының жағдайына басқа факторлар да әсер етеді:

1. инвестициялардан күтілетін табыстардың өсуін жақсартатын факторлар, бұл қисықты оңға қарай жылжытады (инвестициялық сұранысты көбейтеді);

2. инвестициялардан күтілетін табыстарды азайтатын факторлар бұл қисықты солға қарай жылжытады (инвестициялық сұранысты азайтады). Бұл факторларға жататындар: құралдар алуға шығындар, кәсіпкерлікке салынатын салық, инфляция жєне т.б.

Табыстар мен инвестициялардың тәуелділігі мультипликатор арқылы анықталады. Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нєтижемен салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нєтижесі болып негізгі қорды іске қосу болады. Ал инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ. Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен нєтижесі бір өнімге деген инвестицияныњ жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығару.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 1959 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...