Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Макроэкономикалық көрсеткиштер



Ұлттық байлық – бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ол мүлік (негізгі және айнымалы қорлар, үй шаруашылығының мүліктері), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар және орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттың денсаулық потенциалы, рухани байлықтар, білім мен ғылым потенциалы) қамтиды.

Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіші – бір жылдық қоғамдық өнім болып табылады. Оны бірнеше көрсеткіштер көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – белгілі бір уақытта елдің ішкі ресурстарын қолданумен өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Өндіріс факторлары осы елдің резиденттеріне тиесілі болуы мүмкін және тек ғана өз территориясында емес, шетелде де бола алады.

Ұлттық табыс (ҰТ) – жалпы ұлттық өнім мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы, пайда, рента, процент. next

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – ұлттық экономика салаларының таза шаруашылық қызмет нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш. Жалпы ұлттық өнімнен амортизациялық төлемдерді алып тастау арқылы немесе ұлтық табыс пен жанама салықтардың қосындысы ретінде анықтауға болад Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі бір кезеңде мемлекет аумағында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны. ЖІӨ құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқылы өндірілген өнімдер мен қызметтер жатады.

Халықтың өмір сүру деңгейін сипаттау үшін 3 көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда қалатын табыс, таза экономикалық тұрмыс.

Жеке табыс – бұл салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс пен жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жәрдем ақы және т.б. трансферттік төлемдер кіреді.

25.Инфляцияның мәни мен себептері.

Инфляция бағаның, орташа, жалпы деңгейі жоғарлауының тұрақты тенденциясы.

Инфляция жағдайында әр түрлі бағалар бір қалыпта өзгермейді: кейбір бағалар тез жоғарылайды, басқалары жәй өседі, қалғандары өзгеріссіз қалады.

Дифляция – бағаның орташа (жалпы) деңгейі төмендеуіне тұрақты тенденция.

Инфляцияның деңгейі (бағаның өсу қарқыны) – бағаның орташа жалпы деңгейінің салыстырмалы өзгеруі. Макроэкономикалық модульдерде инфляция келесі түрде көрсетілуі мүмкін:

Π = Р – Р

Р бұл жерде

Р – ағымдағы жылда бағаның орташа деңгейі

Р - өткен жылдағы бағаның орташа деңгейі

Бағаның орташа деңгейі баға индексімен есептеледі.

Дизинфляция – инфляция деңгейінің төмендеуі (бағаның өсу қарқыны)

Сұраныс инфляциясы – толық жұмысбастылыққа жақын жағдайларда артық жиынтық шығындар (жиынтық сұраныс) нәтижесінде пайда болады.

Шығындар инфляциясы - өнім бірлігіне орташа шығындардың көбеюі жиынтық ұсынысының төмендеуі нәтижесінде пайда болады. Инфляцияның бұл типі стафляцияға әкеледі, яғни өндірістің төмендеуі көрінісінде инфляция мен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі. Орташа шығындарды жоғарлату фирма табысын біршама төмендетеді, бұл жалпы жиынтық ұсыныстың төмендеуіне және фирма өндірісінің төмендеуіне әкеледі. Жиынтық ұсыныстың бұрынғы деңгейінде жиынтық ұсыныстың төмендеуі иннфляция қарқыны өсуіне және бағаның орташа деңгейініңөсуіне әкеледі.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 894 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.017 с)...