Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Негізгі капиталды физикалық тозуы . Амортизацияның мәні



Негізгі капиталдың тозуы. Амортизация

Өндіріс процесінде негізгі қорлар қолданылуына байланысты тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу.

Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қорлардың тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтыну құнын жоғалтуы.

Моральдық тозу – жабдықтардың техникалық погреске байланысты ескіріп құнсыздануы. next

Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп, құнсызданады. Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.

Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте - бірте төмендеуі, сондай-ақ оларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатында осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударым болып табылады. Оның көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады. Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлар бағасына бөлу арқылы амортизация нормасы анықталады. Ол пайыз арқылы беріледі:

Ф1-Фж

Н= -------------100%

Ф1•Т

Мұндағы: Ф1 - негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны

Фж - жойылған негізгі қорлардың құны

Т - амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативті қызмет ету уақыты),жыл

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формуламен анықталады:

А= Н•Ф

Н - амортизация нормасы, %

Ф - негізгі қорлардың орташа жылдық құны, тенге

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және оны есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтау керек:

- негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;- моральдық тозу;- техникалық қайта құру жоспары;

- жабдықтардың балансы;- модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 3986 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...