Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ырыққабаттың шырышты бактериозы



Өткен жылдардағыдай, биылғы жыл да аурудың таралуы оңтүстік және шығыс аймақтарда, сонымен қатар Қостанай, Қарағанды және Атырау облыстарында көкөніс егетін шаруашылықтарда анықталды. Қаудан байлау және қауданның өсуі фазасында қырыққабаттың сыртқы жапырақтарының шіруі байқалды. Таралуы 5-12%, даму қарқыны 4-9% шамасын құрады.

Аурудың таралуы келесі жылы отырғызылатын тұқымдық материалдың сапасына, ауспалы егіс жүйесінің және агротехникалық іс-шаралардың сақталуына байланысты болады.

Қырыққабаттың түтікше бактериозы

Түтікше жүйелерінің залалдануымен байланысқан қырыққабаттың кең таралған ауруларының бірі болып табылады. Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында қырыққабат егістіктерінде байқалды. Аурудың алғашқы пайда болуы шілде айының екінші онкүндігінде ерте егілген қырыққабаттың күлте басы пайда болуы фазасында, шаншып сорғыш зиянкестер зақымдаған өсімдіктерде анықталды. Солтүстік аймақта түтікше бактериозы 10 шілдеде Ақмола облысының Целиноград ауданында анықталды. Өсіп-өну кезеңінің аяғында аурудың дамуы 1-7%, таралуы 23-25%-ды құрады.

2009 жылы аурудың дамуы және зияндылығы тұқымдық материалдың сапасына байланысты болады, себебі бұл ауру тұқым арқылы ауысады, және өсімдік қалдықтарындағы инфекция қорына байланысты болады.

Келесі жылы фунгицидтермен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу 7,7 мың га жер көлеміне жоспарланып отыр.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 799 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...