Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бақша дақылдарының фузариоздық солуы



Ауру Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында таралды. Фузариоздық солудың алғашқы белгілері мамыр айының үшінші онкүндігінде Жамбыл облысынла, шілде айының басында Қызылорда облысында анықталды. Өсімдіктің өсу кезеңінің соңында бақша дақылдарында аурудың таралуы 1,1-19%, дамуы 0,04-5,7%-ды құрады.

Бақша дақылдарының фузариоздық солумен залалдануының негізгі көзі топырақ болып табылады, онда саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарымен бірге түседі, сондықтан жоғары агротехника елеулі роль атқарады. 2009 жылы өсімдіктің залалдануы тұқымның сапасына, топырақтағы инфекция қорына, агротехникалық іс-шаралардың сақталуына байланысты болады.

Ақ ұнтақ

Көкөніс және бақша дақылдарында кең таралған аурулардың бірі болып саналады. Биылғы жылы аурудың дамуы қияр, сәбіз, қауын, қарбыз егістіктерінде оңтүстік аймақта және Индер және Қызылқоға аудандарында (Атырау облысы) байқалды. Ақ ұнтақ жапырақ бетінде ақ өңез түрінде пайда болды. Онымен залалданған қауын суармалы егістік алқабында көп зақым көреді. Залалданған өсімдікте жапырақтары кеуіп қалады, өнімділігі төмендейді, жемістің сапасы нашарлайды, соның әсерінен онда қанттың құрамы төмендейді.дақылдың өсу кезеңінің соңында жапырақтың залалдануы 0,01-7% шамасында болды. Таралуы 0,01-11%, дамуы 0,6-3,5%-ды құрады.

2009 жылы аурудың таралу деңгейі биылғы жылдағыдай болады, өйткені топырақта инфекция қоры жеткілікті. Аурудың төмендеуі үшін ауыспалы егіс жүйесінің, агротехникалық және қорғау іс-шараларының сақталуы қажет.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 801 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...