Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ызанақ столбуры



Бұл аурудың қоздырғышы сфералық және сопақша формада микоплазмалық денелер болып табылады. Аурумен залалдану белгілері Алматы, Батыс қазақстан және Жамбыл облыстарында гүлдеу – жеміс байлау фазасында анықталды. Өсімдіктің өсу кезеңінде ауа температурасының жоғарылауы аурудың дамуына мүмкіндік туғызды. Таралуы 0,01-20%, дамуы 0,007-12,5%-ды құрады.

2009 жылы ауа райы жағдайының қолайлы болуы, ауыспалы егіс жүйесінің сақталмауынан аурудың даму деңгейі ұлғаятын болады. Тұқымдық материалдың сапасының үлкен мыңызы бар.

Қырыққабат фомозы

Ауру Солтүстік Қазақстан облысында маусым айының үшінші онкүндігінде қаудан байлау фазасында қырыққабат жапырақтарында пайда болды. Фомоз ауруының басталуына аурумен залалданған тұқым және өсімдік қалдықтары мүмкіндік туғызды. Ары қарай, шілде-тамыз айлары бойында аурудың дамуының жоғарылауы анықталды. Өсімдіктің тамыр айналасында құрғақ шірік пайда болды, сабағының майысуы байқалды. Қауданның тығыздалуы фазасында ауру өршіді, сабақта дақтардың қараюы анықталды және онда саңырауқұлақ пикнидінің пайда болуы, қырыққабат сабағының бірлі жарым (кочерыжка) қурауы байқалды.

Жаз бойында ауру біркелкі ұлғайды және өсу кезеңінің соңында қарқынды даму 3-36%, таралуы 4-40% аралығында болды.

Фомоз ауруының таралуы сапасыз тұқым себілген жағдайда, және аурудың дамуына ауа райы жағдайы қолайлы болғанда ұлғаяды. Ауыспалы егіс жүйесі, агротехникалық іс-шаралары сақталған жағдайда аурудың төмендеуі мүмкін.

Қара мойнақ

Ауру Ақмола, Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қырыққабат егістігінде анықталды. Аурудың алғашқы белгілері сәуір айының екінші онкүндігінде Алматы облысында тіркелді. Аурудың дамуы төмен дәрежеде 0,2-1,3%-ды құрады. Ашық алаңда ауру анықталған жоқ.

2009 жылы аурудың дамуы және зияндылығы едәуір дәрежеде ауа райы жағдайына, ауыспалы егіс жүйесінің сақталуына және агротехникалық, қорғау іс-шараларының жүргізілуіне байланысты болады.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 709 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...