Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

КӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянкестері мен аурулары



Ақ көбелектер (қырыққабаттың және шалқанның)

Оңтүстік аймақта көбелектердің ұшуының басталуы наурыз айының басында тіркелді. Жаппай ұшуы, шағылысуы және жұмыртқа салуы наурыз айының бірінші онкүндігінен бастап байқалды. Қырыққабатта жұлдызқұрттарының тууы 25 сәуірден бастап 21 мамыр аралығында анықталды, 1 өсімдікке тығыздығы 0,1 жұлдызқұртты құрады. Мамыр айының аяғында және шілде айының басында жаңа ұрпақ көбелектерінің ұшуы байқалды. Үшінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы шілде айының аяғында – тамыз айының ортасында тіркелді, саны 0,05-2 дана/өсімдікке болды. төртінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы қыркүйек айының басында анықталды. Өсімдікті зақымдау 2,5%-ға жетті. Қыркүйек айының екінші онкүндігінің соңында және үшінші онкүндікте зиянкес тегіс қыстауға кетті.

Солтүстік аймақта бірінші ұрпақ көбелегінің ұшуы созылмалы болды. көбелектер маусым айының бірінші онкүндігінде де кездесті. Қырыққабатта жұмыртқа салуы 6-12 маусымда, жұлдызқұрттарының тууы 12-15 маусым күндері тіркелді. Жұлдызқұрттарының саны 0,1-2,4 дана/өсімдікке құрады. Өсімдікті зақымдауы 0,8-2,0%-ды құрады. Қуыршақтануының басталуы 29 маусымнан бастап 10 шілде аралығында тіркелді. Үшінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы 8-13 тамызда анықталды. Үшінші ұрпақ жұлдызқұрттарының тууы 13-23 тамыз күндері тіркелді. Қырыққабатта жұлдызқұрттарының саны 0,3-тен 5,0 дана/өсімдікке ауытқып отырды. Қуыршақтары 1-2 дана/м2 санымен өсімдік қалдықтарында қыстауға кетті.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1764 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...