Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Злаковые тли



Солтүстік және шығыс өңірлерде таратушы - ұрғашылардың (самки-расселительницы) дәнді дақылдарды зақымдауы 10-26 маусымда, жаппай зақымдауы -2-10 шілдеде, саны 0,2- 4,2 ден 25,0 өсімдікке / дана шамасында болды. Алғашқыда биттер тек жоғарғы жас жапырақтарда орналасты. Өсімдікке зиян келтіру - түссізденіп кеткен, сарғайған жапырақтар және кеуіп кету сияқты белгілері арқылы анықталды. Дәнді дақылдардың өсу барысында зиянкестің саны мен олармен залалданған көлемі өзгеріп тұрды. Биттің орташа саны 0,1 ден 39,0 өсімдікке /дана шамасында болды. Зиян келтірудің жоғарғы шегі дәнді дақылдардың масақтану – сүттеніп пісу (маусымның ІІІ онкүндігінде – шілденің ІІ онкүндігінде) кезеңінде тіркелді. Ішінара бос масақтық пен бедеу гүлдену және дән толысу кезеңінде тұқымның семуі және толық дән байламаулығы байқалды. Зиянкес санының азаюы тамыздың екінші жартысында, пісу мен масақтардың кебу кезінде тіркелді. Тамыз айының ортасында жабайы астық тұқымдастар мен арамшөптерге көшкен қанаттанған дарақтар (особь) көрінді жұмыртқа сала бастады.

Оңтүстік аймақтарда күздік дәнді дақылдарда орнығушы- ұрғашылардың (основательницы) шығуы 5-10 мамырда тіркелді. Орташа орналасу саны 5 өсімд/дана шамасында болды. Жаздық дәнді дақылдарда зиянкестің орналасуы маусым белгілі болды. Маусым айының ішінде астық биті зиянкесіңің жаппай көбеюі басталды. Орналасу тығыздығының орташа саны 5 өсімд/дана, жоғарғысы - 15 өсімд/дана шамасында болды. Жаздық дақылдардың пісу кезеңіне таяу (шілде айының ІІ декадасының аяғы) зиянкес саны төмендеп, жас астық тұқымдастарға көшкен қанаттанған дарақтар (особи) пайда болды. Қыркүйектің бірінші онкүндігінде қыстайтын жұмыртқалары байқалды.

2009 жылы дәнді дақылдардың өсу кезеңінде зиянкестердің дамуынақолайлы ауа-райы туған жағдайда, олардың зиян келтіруі әлсіз дәрежеде өсуі мүмкін.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 675 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...