Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пьявица



Кәдімгі сүлікше қоңыз Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс тау бөктерлі аймақтарында таралып, зиян келтіреді. Оңтүстік өңірде қыстап шыққан қоңыздардың күздік дақылдар егістіктеріне таралып орналасуы, сәуір айының бірінші - үшінші онкүндік аяғы аралығында байқалды. Қоңыздар саны 0,02 – 1,6 м²/дана (шаршы метрге/ дана) есебінде кездесіп, өсімдіктердің зақымдалуы – 1-2% шамасында болды.

Дернәсілдердің шығуы мамыр айының 12-21-күндерінде, сан көлемі 0,3-0,5 - 2,3 м²/дана шамасында, қуыршақтануы маусым айының 1-10 – 22 аралығында, ал қоңыздардың жаңа ұрпағы пайда болуы осы айдың 17-21 жұлдыздарында тіркелді. Жас қоңыздардың қоректенуі жаздық дәнді дақылдар және астық шөптер егістіктерінде, сан көлемі 0,05 - 2,0 м²/дана шамасында байқалды. Жапырақ бетінің зақымдалуы 1-2% шамасында болды. Қоңыздардың қыстауға кетуі қыркүйектің екінші онкүндігіне сәйкес келді.

Солтүстік өңірде қыстап шыққан қоңыздардың көпжылдық шөптер егістіктеріне таралып орналасуы 24 сәуірден 4-15 мамырға дейін жалғасты. Олардың саны 1 шаршы метрге 0,06 – 1,0 дана есебінде болды.

Ерте егілген жаздық дәнді дақылдар өскіндерін залалдау 23-25 мамыр - 2-5 маусым аралығында, саны 0,02-2,1 м²/дана, зақымдалған өсімдіктер дәрежесі 0,5-0,8 % шамасында болды.

Жұптасу мен жұмыртқа салу кезеңі 24 мамыр - 10 маусым, дернәсілдердің пайда болуы 4-23 маусым - 1 шілде аралықтарында өтті. Дәнді дақылдар егістіктерінде дернәсілдердің ошақты орналасуы, саны 0,08 – 0,5 тен 2,0 дейін болды. Өсімдіктердің жапырақ бетінің зақымдалуы 0,01-17,0 % дейін жетті.

Дернәсілдердің қуыршақтануы 22 маусым– 15 шілде аралығында байқалды. Қоңыздар жаңа ұрпақтарының шығуы 4-26 шілдеден 3 тамызға дейін жалғасты, олардың саны 0,1-1,2 м²/дана, жоғарғысы 4-7 м²/дана болды (Шығыс Қазақстан облысы). Қоңыздардың қыстау жерлеріне көшіп-қону кезеңі 22-30 тамыздан басталды.

2009 жылы көктемгі-жазғы мезгілдің қалыпты жағдайында жекелеген егіс танаптарында қоңыздардың шоғырлануы мүмкін. Қорғаныс және күрес іс-шараларын 0,7 мың га көлемінде ұйымдастыру жоспарланып отыр.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1462 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...