Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шведская муха



Әсіресе, орманды және орманды-далалық аймақтарда және оңтүстік–шығыс тау бөктерін мен климаты бірқалыпты аудандарда зиян келтіреді.

Көктемгі зерттеу кезінде дәнді дақылдар сабақтарында зиянкестің қыстап шыққан дернәсілдері анықталды, орналасу тығыздығы 0,5 - 8,0 м²/дана шамасында болды. Дернәсілдердің қуыршақтануы мамыр айының 5 – 12 күндерінде тіркелді.

Лабораториялық жағдайда бақылағанда швед шыбыны ересек жәндіктерінің (имаго) ұшуы 17-19 мамырда тіркелді. Табиғи жағдайда алғашқы шыбындардың ұшуы 23 мамырда, ал жаппай ұшуы 29 мамырға сәйкес келді. Бірінші ұрпақ дернәсілдерінің пайда болуы 7-13 маусымда белгілі болды. Өсімдіктің көктеу (өскін) кезеңінде дернәсілдер көбіне бас сабақтарды, ал түтіктену кезеңінде және одан кейін жанама өскіндер мен шабан өркендерді зақымдады. Олардың саны 0,01-0,5 м²/дана шамасында, ал өсімдіктердің зақымдалуы 0,01-0,5 % болды. Бірінші ұрпақ дернәсілдердің қуыршақтануының басы 23-30 маусымда сәйкес келді. Екінші ұрпақ швед шыбынының ұшуы 2-17 маусымда байқалды. Екінші ұрпақ дернәсілдерінің шығуы кеш егілген арпа мен бидай дақылдарының жанама (боковые) сабақтарында 9-18 нен 30 шілде аралығында орын алды. Олардың 1 шаршы метрге (м²/дана) орналасу саны 0,3-1,0 дана, жоғарғысы – 4 м²/дана Шығыс Қазақстан облысында болды (№ 28 кесте).

Үшінші ұрпақ шыбындарының ұшуы Шығыс Қазақстан облысында 15 тамыздан бастап байқалды. Дернәсілдердің саны 0,2-0,3 м²/дана аралығында кездесті, бірақ ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты (ауа ылғалдылығының төмен болуы) олар диапаузаға кетті, соған орай зиянкестің үшінші генерациясы (ұрпағы) толығымен дамыған жоқ. Тамыз айының екінші онкүндігінен бастап дернәсілдердің өсімдіктер сабақтарының тамыр мойыны бөлігіне көшуі (миграция) байқалды. Қыстап қалған дернәсілдер саны 0,1-5,0 м²/дана шамасында болды.

2009 жылы швед шыбынының дамуына қолайлы ауа-райы туған жағдайда, оның саны және зиян келтіру көлемі ұлғаюы мүмкін.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1180 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...