Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Астықтың жолақ бүргесі



Негізіненастықты өңрлерде кездеседі. Республиканың солтүстік өңірлерінде қоңыздардың қыстаудан шығуы және көпжылдық астық тұқымдас шөптерде жиналуы 9-21 сәуірде, өткен жылғымен салыстырғанда 8-10 күн ерте байқалды. Орналасу тығыздығы 6-9-дан 25-70 экз/м2 аралығында болды.

Күздік дақылдардың өскіндерінде тығыздығы 1-18 экз/м2, жоғарғы деңгейі 22-40 экз/м2, Ақмола облысында тіркелді. Ересек жәндіктердің жұптасуы көпжылдық шөптерде 13-30 мамырда байқалды.

Жаздық дәнді дақылдардың қоңыздармен залалдануы мамыр айының екінші онкүндігінде, 2-25-тен 45 экз/м2 тығыздықпен тіркелді. Өсімдіктердің залалдану пайызы 0,2-15,0 аралығында. Ең жоғарғы тығыздық Ақмола облысында 100-340 экз/м2 болды (№ 24 кесте). Жапырақтың бетінің залалдануы 15-85 пайыз аралығында.

Дернәсілдердің шығуы 22 маусымда, қуыршақтануы – шілденің басында тіркелді. Қоңыздардың жаңа ұрпағының шығуы 12-18 шілдеде байқалды. Жас қоңыздардың орналасу тығыздығы 3-8-ден 20-50 экз/м2аралығында болды. Бұл кезеңде қоңыздар дәнді дақылдарға зиян келтірмейді.

Батыс өңірлерде күздік дақылдарға бүргелердің орналасуы суірдің бірінші онкүндігі мен мамыр айының басында байқалды. Қоңыздардың орналасу тығыздығы орташа 0,8-10,0 экз/м2. Жаздық дақылдарға көшуі мамырдың ортасында байқалды. Жаздық дақылдардың өскіндерінде орналасу тығыздығы 2,0-16,4 экз/м2, жапырақтың бетінің зақымдалуы – 1 пайыз. Қоңыздардың ұшуы шілденің үшінші онкүндігінің аяғында 10-25 экз/м2 тығыздықпен тіркелді.

Қыстап шығуға қолайлы жағдай болғанда және құрғақ, ыстық ауа райында астықтың жолақ бүргесі көктемде дәнді дақылдар өскіндеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Химиялық өңдеу жұмыстары 48,4 мың га жерге жүргізіледі.

№ 24 кесте.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1332 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...