Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гессенская муха



Қазақстанның барлық жерінде кеңінен тараған, әсіресе Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының далалық аймақтарында зиян келтіреді. Биылғы жылы қаңтар айы ішінде орын алған күшті аяздар пупариялардағы дернәсілдердің қыстап шығуына кері әсерін тигізді – пупариялардың 1 ден 58 дейін пайызы өмір сүруге қабілетсіз болып қалды.

Көктемгі тексеру кезінде гессен шыбыны бойынша 222,51 мың га зерттеліп, оның 51,03 мың га пупариялармен залалданғаны анықталды, бұл көрсеткіш тексерілген көлемнің 23% құрады (№ 25 кесте). Пупариялар саны 0,1-0,5 пен 4,0-8,5 м²/дана аралығында болды. Пупариялардың ең жоғары сан көлемі -12 м²/дана Ақмола және Қостанай облыстарында тіркелді.

Шыбындар ұшуының басталуы 13-30 мамыр - 5 маусым аралықта тіркелді. Бидай дақылында жұмыртқа салу кезеңі 5-17 маусым, Павлодар облысында осы айдың 21 жұлдызынан басталды.

Жазғы зерттеу кезінде бидай егістіктері бойынша 1953,0 мың га тексеріліп, 207,2 мың га гессен шыбыны жұмыртқасымен залалданғаны анықталды, оның ішінде ЭПВ-дан жоғары болғаны- 17,5 мың га (№26 кесте). Сонымен қатар, зиянкес жұмыртқаларымен өсімдіктің 0,1 - 11,0 % залалданды.

Бірінші ұрпақ дернәсілдерінің пайда болуы 15-24 маусымда, саны 0,01-2,0 м²/дана көлемінде болды. Қуыршақтану кезеңі 26 маусымнан 7-15 шілдеге дейін жалғасты.

Екінші ұрпақ шыбындарының бір-жар ұшуы 7-22 шілдеде, жұмыртқа салу кезеңі – кеш егілген күздік бидай алқаптарында шілде айының 17-де тіркелді. Екінші ұрпақ дернәсілдерінің шығуы 20-31 шілде - 4-8 тамыз аралығында, саны 0,01 – 5,0 м²/дана шамасында болды. Тексерілген көлемнің 8-10 % дернәсілдермен залалданды. Пупариялардың пайда болуы тамыздың екінші - қыркүйектің бірінші онкүндіктерінде байқалды.

Қыстап қалған гессен шыбынына 1081,94 мың га жер көлеміне күзгі зерттеу жүргізілді, оның 181,86 мың га залалданғаны анықталды (№27 кесте). Зиянкестің таралу тығыздығы 0,1 - 10 м²/дана, пупариялардың зақымдалуы – 2,3 – 22,4% аралығында болды.

Қысқы-көктемгі кезеңінің ауа-райы қолайлығы және агротехникалық шаралардың жүргізу мерзімдері сақталмаған жағдайларында гессен шыбыны санының өсуі ықтимал.

2009 жылы зиянкестің санын бақылау мақсатында 20,0 мың га жер көлеміне химиялық өңдеу жұмыстары қажет болады.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 834 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...