Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бидай трипсі



Бұл зиянкестер Қазақстанның барлық өңірлерінде таралған. Оңтүстік өңірлерде бидай трипсі күздік бидай егістігінде сәуір айының екінші онкүндігінде 3,2-8,0 экз/өсімдік тығыздықпен анықталды. Дақылдарда ересек жәндіктердің жаппай орналасуының тығыздығы 30-40 экз/өсімдік болды.

Трипстің дернәсілдерінің шығуы 16 мамыр мен 6 маусым аралығында 5,2-25,0 экз/масақ болды (Жамбыл облысында).

Егістік аңыздарын қыстап қалған қорын күзгі тексеру кезінде дернәсілдердің орналасу тығыздығы 0,2-5,0 экз/ аңыз, жоғарғысы 10-32 экз/ масақ Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелді.

Республиканың басқа өңірлерінде бидай аңыздарын дернәсілдерімен залалдануын көктемгі тексеру кезінде 0,02-5,0-тен 10-15,0 экз/өсімдік тығыздықпен анықталды. Құрғақ және ыстық ауа райы зиянкестердің таралуы мен дамуына қолайлы жағдай туғызды.

Дәнді дақылдарда ересек жәндіктердің шығуы 1,0-5,0 экз/өсімдік тығыздықпен аралығында болды. Трипстің ересек жәндіктерінің жаппай шығуы 16-18 маусым мен 10-12 шілдеде, бидайдың толық түп айыруы мен түйін байлау кезеңінде тіркелді. Орналасу тығыздығы 5-150 экз/м2 (№ 23 кесте). Жұмыртқа салу 20-26 маусым мен 3-9 шілдеде өтті. Бір масақта 4-9 ұядан, әр ұяда 2-14 жұмыртқадан болды.

Бидай егістігінде дернәсілдердің шығуы 3-14 шілдеде, жаппай шығуы – 16-20 шілдеде тіркелді. Дернәсілдердің орналасу тығыздығы 1-8-ден 20-55 экз/масақ, жоғарғы деңгейі 78-109 экз/масақ Ақмола облысында болды.

Жаздық бидай дәндерін лабароторияда тексеріп сараптау жүргізгенде залалдану пайызы 4,5-тен 16,9-ға дейін, шығын 0,06-1,45 ц/га.

Дернәсілдердің қыстайтын жерге кшуі 10-27 тамызда басталды. Аңыздарда қыстап қалған дернәсілдердің тығыздығы 0,01-20,0 экз/өсімдік болды.

Ауа-райы қолайлы болған жағдайында 2009 жылы бидай трипсінің зияндылығы өсуі мүмкін. Қорғаныш шаралары 208,81 мың га жерге жүргізілдеді.


№23 кесте.

Бидай трипсіның таралуы, 2008 жылы жүргізілген күрес шаралары,





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1580 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...