Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Астық қоңыздары



Батыс Қазақстан, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан облыстарында таралған.

Астық қоңыздары дернәсілдерінің қыстап қалған жерлерін көктемгі тексеру жұмыстары 16,81 мың га жерге жүргізілді (№ 20 кесте). Дернәсілдердің саны 0,06-1,0 экз/м2 аралығында, жоғарғы деңгейі 4,0 экз/м2 Батыс-Қазақстан облысы Тасқала ауданында тіркелді. Дернәсілдердің 1 және 2 жылғыларының ара қатынасы 37:63 %.

Қоңыздардың ұшуының басталуы күздік дақылдарда Ақтөбе және Шығыс-Қазақстан облыстарында 12 маусымда басаталды. Қоңыздардың ұшу тығыздығы төменгі дәрежеде – 0,1-0,8 экз/м2, тек жекелеген танаптарда ғана 3,5-5,0 экз/м2 жетті.

Бидай егістігін жазғы тексеру 809,9 мың га жерге жүргізіліп 302,2 мың га жерде астық қоңыздары бар екендігі анықталды. Өңделетін көлем 99,8 мың га (№ 21 кесте) болды. Химиялық өңдеу жұмыстарының биологиялық тиімділігі 85-92%.

Жұмыртқа салудың басталуы Шығы-Қазақстан облысында – 28 маусым-01 шілдеде, Батыс-Қазақстан облысында – 25-29 шілдеде тіркелді. Дернәсілдердің шығуы 10 шілде мен 15 тамызда байқалды.

Қыстап қалған астық қоңыздарының дернәсілдерін күзгі тексеру 88,15 мың га жерге жүргізіліп онан 27,01 мың га (№ 22 кесте) залалданғаны анықталды. Орналасу тығыздығы 0,2-1,5 экз/м2, жоғарғы көрсеткіші 5 экз/м2 Шығыс-Қазақстан облысында тіркелді. Қыстап қалған дернәсілдердің 1 және 2 жылғыларының пайыздық қатынасы Алматы облысында – 52:48, Батыс-Қазақстан облысында – 40:60.

Үстіміздегі жылы қыстап қалған зиянкестердің қоры салыстырмалы түрде төмен болғандықтан 2009 жылы да осы деңгейде қалады. Химиялық өңдеу жұмыстары 85,7 мың га жерге жүргізіледі.

№20 кесте





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 810 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...