Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Андала зиянды бақашық



Республиканың Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде таралған.

Қандаланың қыстауы жақсы жағдайда өтті. Қыста өлгені Шығыс-Қазақстан облысында 17%-ке дейін, ал басқа облыстарда 3-5%-тен асқан жоқ.

Көктемгі тексерілген 58,7 мың га көлемнің 23,11 мың га жерінен зиянкестер табылды, орналасу тығыздығы 0,2-1,7 экз/м2 (№ 17 кесте).

Шығыс-Қазақстан және Жамбыл облыстарында зиянкестердің орналасу дәрежесі жоғары болғандығы анықталды – 4-9 экз/м2. Қыстап шыққан қандалалардың салмағы: ұрғашысы орташа – 98-115 мг, жоғарысы – 121-140 мг, төменгісі – 77-93 мг; еркегі орташа – 93-111 мг, жоғарысы – 104-130 мг, төменгісі – 66-86 мг. Қыстап шыққан жерінен қандалалар ұшып шығып күздік дақылдарға орналасуы оңтүстік өңірлердже – 7-13 сәуірде; Шығыс-Қазақстан облысында – 27 сәуірден 11 мамырға дейін; Батыс-Қазақстан облысында – мамырдың бірінші онкүндігінде тіркелді.

Оңтүстікте қандаланың дернәсілдерінің шығуы мамыр айының бірінші онкүндігінде, оңтүстік-шығыста – 21 мамырда, тығыздығы 0,05-0,8-ден 2,6-6,0 экз/м2. Батыс өңірлерде және Шығыс-Қазақстан облысында дернәсілдердің ішінара шығуы маусымның бірінші онкүндігінде, жапай шығуы 25 маусымнан 12 шілде аралығында өтті. Күндізгі және түнгі температурының өзгерістеріне байланысты дернәсілдердің шығуы созылмалы болды. Егістіктегі дернәсілдердің орналасу тығыздығы – 0,01-5,1 экз/м2.

Бидай егістігін қандала дернәсілдермен залалдануын жазғы тексеру жұмыстары 1179,8 мың га жерге жүргізіліп, онан ЭЗШ-нен жоғарысы 171,5 мың га болды (№ 18 кесте).

Оңтүстікте және Шығыс-Қазақстан облысында ересек жәндіктердің шығуы және жаңа ұрпақтың қандалаларының зиян келтіруі 30 маусым және 18 шілдеде 0,5-4,0 экз/м2 тығыздықпен байқалды. Қыстайтын жерге қайтадан ұшуы шілде айының екінші онкүндігінен тамыздың үшінші онкүндігінде тіркелді. Батыс-Қазақстан облысында қандаланың қанаттануының басталуы 11 шілдеде, жаппай – 26 шілдеде, қыстауға ұшуы – 12 тамыздан басталды.

Қандаланың қыстап қалған жеріндегі күзгі тексеру кезінде 0,3-2,3-тен 6 экз/м2 тығыздықпен табылды. Қыстаудың алдындағы салмағы: ұрғашысы орташа – 83-153 мг, жоғарысы – 85-155 мг, төменгісі – 65-150 мг; еркегі орташа – 70-138 мг, жоғарысы – 80-148 мг, төменгісі – 60-130 мг (№ 19 кесте).

2009 жылы зиянкестердің қыстап шығуына қолайлы жағдайда Жамбыл және Шығыс-Қазақстан облыстарында қандаланың саны жоғары деңгейде болады. Қандала зиянды бақашыққа қарсы 165,0 мың га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын қажет етеді.

№ 17 кесте.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1248 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...