Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алдын-ала жоспарлау



Алдын ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының төмендегі кезеңдерін қамтиды:

o Клиентті таңдау және аудитті орындау туралы шешім қабылдау

o Аудитті орындау үшін персонал таңдау

o Жұмыс жағдайларын келісу

o Аудитті жүргізу кезінде клиентпен шартқа отыру

Клиентті таңдау мен аудитті орындау туралы шешім қабылдау.

Аудиторлық фирмалар жағымсыз клиенттермен ынтымақтастық жасауға және қарым-қатынас қажет емес клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастыруға міндетті емес.

Жұмыс істеп отырған клиенттермен қатнастарды жалғастыру туралы мәселелер кезең сайын не ерекше жағдайлар пайда болған кезде қарастырылуы мүмкін. Тексеру бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін оны жүргізу мақсаттары мен масштабы анықталады.

Көптеген аудиторлық фирмалар клиенттің салалық ерекшелігіне бейімделген тексеру жоспарының өзіндік ішкі стандарттарын даярлайды.

Аудиторлық фирманың фирмаішілік стандарттары негізінде клиентпен алдын ала танысу сәйкес бөлімдерден тұратын алдын ала жоспарлау банкісінде көрсетілуі керек.

Экономикалық субъект пен оның басшылығы туралы жалпы ақпарат.

310 «Бизнес туралы білім» ХАС-ына сай: «Қаржылық есеп беру аудитін орындау кезінде оқиғалар, операцияларды анықтау мен түсінуге деткілікті және аудитордың пікірінше, қаржылық есеп беру, тексеру енмесе аудиторлық есепке елеулі әсер ететін қабылданған тәжірибедегі көлемде клиент бизнесі туралы аудиторлық білімі болуы немесе ол оған ие болуы керек»

Қызмет көрсетуге қажетті аудитор білімі деңгейіне экономика шеңберінде өз қызметін іске асыратын саланы жалпы ену жатады. Бірақ аудиторға қажет білім деңгейі әдетте субъект басшылығы ие білім деңгейінен әрқашан төмен болады. Клиент бизнесі туралы білімге ие болу ақпаратты жинау мен бағалаудың және алынған білімді аудиторлық біліммен салыстырудың үздіксіз және кумулятивті процесі ьолып табылады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде жиналғанына қарамастан ақпарат әдетте аудитор клиент бизнесі туралы толығырақ түсінік алатын кейінірек кезеңдерде нақтыланады және толықтырылады.

Аудитор сала мен субъект туралы мәліметтерді келесідей көздерден алады:

o Осы субъект және ол жататын саладағы әстелетін жұмыстың алдыңғы тәжірибесінен;

o Субъект қызметкерлерімен әңгімелесуден;

o Салаға қатысты басылымдардан;

o Субъектілердің өндірістік және әкімшілік бөлмелеріне барудан;

o Субъект дайындаған құжаттардан;

Клиент бизнесін білу аудитордың кәсіби тұжырымдамасына негіз болады. Клиент қызметін түсіну және ақпаратты сәйкес пайдалану аудиторға көмектеседі:

§ Тәуекелдікті бағалау және проблеманы анықтау;

§ Аудитті тиімді жоспарлау жіне орындау;

§ Аудиторлық дәлелдерді бағалауға;

§ Клиентке жақсы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге.

Клиентке өндірістік және әкімшілік бөлмелерін қарау, оның бзнесі мен операцияларын дұрыс түсінуге көмектеседі. Себебі, аудитор персонал қвзметін бақылау және түрлі деңгейдегі басшылармен жеке әңгімелесуге мүмкіндік береді.

Тәуекелдікке негізделген аудит кезінде клиент бизнесін зерттеу мен жоспарлауға аудиторлық процедураның жартысына жуығы жұмсалады.

Субъект басшылығы туралы ақпаратты жтнау негізінде келесідей аспектілер зерттеледі:

§ Басшылық құрамындағы жекелеген адамдардың іскерлік беделі мен кәсіби тәжірибесі;

§ Жиналысты өткізу кезеңділігі;

§ Лауазымды нұсқаулар мен міндеттердің болуы;

§ Ішкі аудит қызметінің болуы;

§ Кадрлармен толықтыру, кадрлардың тұрақтамауы;

§ Персонал туралы ереже немесе ұжымдық шарттың және басқалардың болуы.

Қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері.

Клиенттің ағымдық және перспективті жағдайын түсіну ағымды және перспективалық рентаельділікті, өтімділікті, сонымен қатар капитал жеткіліктілігін зерттеуді қамтиды.

Алдын ала жоспарлау бланкісінде ескерілуі қажет мына мәселелерді қамтиды:

§ Басқа негізгі экономикалық көрсеткіштермен өзара байланыстағы табыстары мен өсу тенденцияларының құрылымы қандай?

§ Қолма қол ақша қозғалысының сенімді болжамы дайын ба?

§ Қолма қол ақша мен табыс арасындағы алшаұтыұтың себептері қандай?

§ Қолма қол ақша қозғалысының сенімді болжамы дайын ба?

§ Өтімділіктің жағдайы қандай?

§ Ұзақ мерзімді жал бойынша міндеттеме бар ма?

Өндірістік шаруашылық қызмет.

§ Негізігі өндірістік желілер қандай және олар нақты тапсырыс берушілермен қалай байланысқан?

§ Басшыық өнімнің барлық түрлері бойынша рентабельділігін талдай ма?

§ Қандай негізде өндірісті жоспарлау жүргізіледі?

§ Клиент қандай өндірістік қуатпен жұмыс істейді?

§ Қандай шикізат, материалдар мен қызмет көрсетулер сатып алынады, сонымен бірге кім негізгі жеткізушілер болып табылады?

§ Жеткізудің балама көздері бар ма?

§ Еңбек даулары орын алан ба?

§ өнім сапасына байланысты проблемалар пайда бола ма?

§ Дайын өнімге баға қалай қойылады?

§ Жеткізудің қатал талаптары немесе сапаға қойылатын жоғарғы талаптарға байланысты қиын келісім-шарттар бар ма?

Әр тексерудің орындау кезінде алдын ала жоспарлау бланкісінде көрсетілген мәселелер шеңбері клиент қызметі, клиент талаптары мен талабның ерекшелігіне бйланысты таралуы және кеңеюі мүмкін.

Қаржылық есеп беруге тексеру жүргізу кезінде аудиторлық фирма қызметкерлер тобын жинақтайды.

Аудитті жүргізу үшін персоналды таңдау. Аудит тиімділігін қамтамасыз ету үшін оны жүргізетін персоналды дұрыс таңдау маңызды. Аудитті сәйкес техникалық дайындығы және қажетті кәсіби қабілетке ие адамдар жүргізуі керек. Аудиторлық міндеттердің кең масштабы кезінде тексеруге басшылары бірнеше қызметкерлер, сонымен бірге заң, салық мәселелері бойынша мамандар қатыса алады. Масштабы аздау аудит үшін әдетте бір-екі штаттың қызметкері жеткілікті болады. Жұмыс жағдайларын келісу. Клиент пен аудитор арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңының 4-бабына сай шарт негізінде құрылады. Аудитті жүргізу туралы келісімге қол жеткізілген сөзде екі жақтан жұмыс жағдайы көрсетілген алдын ала жазбаш құжаттар болуы міндетті болып табылады. Жұмыс жағдайын клиентпен келісу кезінде аудиторға клиенттердің талаптары мен қажеттіліктерін, сонымен қатар аудитті жүргізумен байланысты негізгі ұйымдық сұрақтарын анықтауы керек.

Бұл үшін клиент аудиторлық фирма атына аудит және соған сәйкес қызметтерді кқрсету туралы өтініш жібереді. Ұсыныс ерікті нысанда жасалады. Әдетте ол жерде аудитті жүргізуге деген қажеттілік, өз шешімін күтетін шешімдер, қаламақының мүмкін көлемі және басқа сұрақтар көрсетіледі. Келісім хатты алған аудиторлық фирма аудиттің алдын ала жоспарлауын жүргізді.

Қаржылық есеп беруді тексеруге шақыру себептерін бағалау кезінде аудиторларға ең ықтималпайдаланушыларды анықтау қажет. Егер кәсіпорын сатуға немесе қайта ұйымдастыруға дайындалып жатса, аудитор есеп берудің нақтылығы дәлелденетін мол материалды жинауы керек.

Аудитті жүргізуге клиентпен шарт құру. Клиент пенаудиторлық фирма аудитті жүргізу туралы шарт жағдайын тсіну керек. Түсініксіздікті азайту үшін осы жағдайларды келісім-хат көмегімен жазбаша түрде тіркеу қажет.

Жазбаша міндеттемедегі ақпарат аудитті жоспарлау да аса маңызды. Себебі ол тестерді жүргізу мерзімі мен басқа қызметтерді көрсету аудитін іске асыру мерзімінің жалпы санын көрсетеді.

ҚР Азаматтық кодексінің 348-бабына сай аудиторлық қызмет көрсету жөніндеі шарт легі қызмет көрсету шарттары категориясына жатады.

Шарт оны құру кезеңінен бастап күшіне еніп, ек жақ үшін міндетті болып табылады және орнатылған мерзім ішінде әрекет етеді. Егер әрекет ету мерзімі көрсетілмесе, онда сол жерде көрсетілген кезге дейін әрекет етуші болып табылады.

Шарттың орындалуының аяқталуы мынадай жағдайда мүмкін:

o Шартта негізделген міндеттемелерді орындау мүмкіндігінің жоқтығы;

o Басқа жақта орнатылған тәртіп бойынша банкрот тану;

o Шартта құрушы мемлекеттік органды өзгерту немесе алып тастау;

Аудиторлық тексеруді жүргізу жөніндегі шарт «клиент-аудитор» ара-қатнасын реттеуші ресми құжат болып табылады және жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын қарапайым шарттардан ерекшелігі жоқ. Басқа шартардар сияқты бұл құжатта шартқа қатысушы жақтардың, бұл жағдайда тапсырыс беруші клиент пен орындаушы аудитордың келісілген мүддесін заңды түрінде кқрсетеді.

Бірақ аудит шарты кәсіпкерлікте пайдаланатын басқа шарттардан елеулі ерекшеленеді. Бірінші кезекте, бұл шартты құру кезінде үшінші жақ мүдделерін жариялылықсыз-ақ есепке алу. Іс жүзінде аудитор клиент қана емес, сапасыз тексеру нәтижесінде зиян келтіру арқылы тұтынушылар алдында да жауапты болады. Шартқа қол қою кезінде аудиторға мүмкіндігінше клиент тілегін анық түсініп қана қомай, оған өз талапсырысын дұрыс толтыруға көмектесу керек. Аудиторлық тексеруді жүргізу сапасы, аудитордың клиентпен ара-қатнасы көп жағдайда аудитті жүргізу жөніндегі шартты нақты құруға байланысты болады.

Көптеген аудиторлық фирмалар шартты құрудың стандарттары нысанын пайдаланады, бірақ клиенттер көбіне мәні мен мазмұнын толық түсіне бермейтін нақты кәсіпорын аудитінің ерекшелігін шартта ескеру дұрысырақ болады.

Аудиторлық тексеру шартында тексеруді жүргізуге қажетті құжаттарды клиенттің ұсыну мерзімін көрсету дұрыс болады. Себебі көбіне клиент аудиторды бухгалтерлік есептері әлі дайын емес кезде шақырады, ал бұл жұмысты аса қиындаьады.

Шартта тапсырыс берушінің аудиторлық фирмаға алдын ала ақша төлеуін көрсету керек. Себебі, жұмыс басталмай тұрып төленген ақша аудит процесіндегі аудиторлық қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, клиент тарапынан аудит үшін сыйақыны төлемей қоюмен қорқыту арқылы болатын «қысымды» жатады. Әдетте, аудиторлық фирмалар талап ететін алдын ала ақша төлеу 50%-дан 100%-ға дейін болады.

Шартта тапсырыс берушіні тексеру барысында аудиторға көмек көрсетуге міндеттейтін пункт енгізу дұрыс болады. Қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртібі ҚР Азаматтық кодексінің 385-бабында көрсетілген. Осы бапқа тапсырыс беруші жақтар келісуші арқылы онатылған баға бойынша өзіне көрсетілген қызметтерге ақы төлеуі керек.

Шарттың негізгі бөлімдері:

o Шарт пәні;

o Көрсетілген қызмет көлемі;

o Құқық;

o Міндеттер;

o Жақтар жауапкершілігі;

o Ақы көлемі мен оның шарты;

o Басқа жағдайлар (жақтар келісуі бойынша).





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2095 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...