Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Физикадан есептер шығарудың жалпы әдістері



Барлық физикалық есептер берілу әдісіне тәуелсіз, жалпы түрде шығарылады. Бұл жағдайда есепті шығару кезінде қолданылатын заңдар анық байқалады, есептің кез келген бөлігін тексеріп, мүмкін қателерді түзеуге мүмкіндік болады. Есептің шешімін алгебралық формула немесе теңдеу түрінде алған соң, оны талдап, іздеп отырған шаманың өзгерту сипаты мен шектерін тағайындауға болады. Бұлармен қоса, ең негізгісі, есепті жалпы түрде шығару физика курсының әр тарауының есептерін шығарудың әдістері мен тәсілдерін жалпылауға мүмкіндік береді.

Есептің шартымен танысқан соң назарды бірден ізделініп отырған шамаға аударып, оны бірден табуға тырыспаған жөн. Ең алдымен есептің шартында қандай физикалық құбылыс жатқанын,ол құбылыстардың негізі қандай заңдармен берілетінін және ол заңдардың математикалық жазылуын анықтауға көңіл аудару керек.

Есептің шартын дұрыс түсініп талдау үшін схемалық чертеждарын салып, берілген құбылысты сипаттайтын барлық шамаларды шартты түрде болса да көрсету керек. Чертеж салынған соң есептің шартын тағы бір рет оқып шығып, чертеждағы шамалардың қайсысы берілгенін және қайсысын анықтау керектігін белгілейді. Одан әрі физикалық заңдар мен формулалардың көмегімен жоғарыдағы айтылған шамалардың арасындағы математикалық байланыстар тағайындалады. Нәтижесінде берілген және белгісіз шамалар енетін бір немесе бірнеше теңдеулер жүйесі алынады. Алгебралық қатынастарды құрғанда, қандай да бір құбылыстарды сипаттайтын физикалық формулаларға енетін шамалардың кейбіреулерінің векторлық екендігіне ерекше назар аудару керек. Бұл шамаларды анықтау үшін олардың сандық мәндері ғана емес, бағыты да ескеріледі. Бұл үшін векторлық шамалардың координатостеріндегі проекциялары анықталып, теңдеулер осы проекциясы арқылы скаляр түрінде жазылады. Осымен физикалық есеп математикалық теңдеулер жүйесін шешпей тұрып берілген теңдеулер мен белгісіздер санының тең екендігіне көз жеткізу керек, әйтпесе теңдеулердің нақты шешуі болмайды.

Теңдеулер жүйесін тиімді әдіспен шешіп, есептің жалпы шешімі алынады да, талданады. Есептің жалпы шешімін талдауға оның өлшем бірліктерін тексеруден бастайды. СИ жүйесіне келтірілген өлшем бірліктер теңдеуге қойылып, қысқартылған соң ізделініп отырған физикалық шаманың өлшем бірлігі қалуы тиіс. Егер қалған өлшем бірлік ізделініп отырған шаманың өлшем бірлігімен сәйкес келмесе, есептің жалпы шешімінде қате бар, оны тексеру керек. Есептің жалпы шешімінің дұрыс екеніне көз жеткізген соң физикалық шамалардың сан мәндерін қойып, есептелініп, ізделініп отырған шаманың сандық мәні анықталады. Арифметикалық есептеулер кезінде дәлдігіне нұсқан келтірмейтін математикалық жуықтап есептеуді қолданған пайдалы. Бұнымен көп жағдайда уақытты ұтуға болады.

Есептің сандық жауабын тексеру және талдау есеп шығарудың соңғы кезеңі. Ең бірінші алынған жауаптың жуықталу реті бағаланады, одан соң оның шындыққа лайықтылығы ескеріледі.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1807 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...