Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыс берушінің актісінің құқықтық мәртебесі



Жұмыс беруші – қызметкерлермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға. Енбек құқығының қайнар көздері деп енбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады. Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді: 1. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң ҚР-ның Конституциясы. Барлық еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сəйкес келуге тиіс. 2. Еңбек кодексі жəне соған сəйкес қабылданған заңдар жəне ҚР Президентінің жарлыктары; 3. ҚР Президентінің жарлыктары; 4. ҚР Үкіметінің қаулылары; 5. ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары; 6. ҚР Жоғаргы Сотының нормативтік қаулылары; 7. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік кұқықтык актілері; 8. Жергілікті мəслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері; 9. Локальды (жергілікті) нормативтік актілер; 10. Жұмыс берушінің актілері. Сәйкесінше жұмыс берушінің актілері нормативтік құқықтық актілерге тенестіріледі.

№5

1.Еңбек қатынастарының пәні: ұғымы, түрлері және сипаты. Еңбек құқығының негізгі қатынастары- жұмыс берушінің қызметкердің еңбекке қабілетін пайдалануымен байланысты еңбек қатынастары шарттық және ақылы негізде жүзеге асырылады. Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады: а)еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Ал бұл функция тұрақты сипатқа ие және соңғы нәтижемен аяқталмайды, яғни еңбек қатынастары – бұл ұзаққа созылатын қатынастар; ә)еңбек қатынастары-бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін,ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар; б)еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі б.т.,яғни еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. таңдай алады; в)қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді; г)еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен-еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байл.; д)мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байл.; е)жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады; ж)қызметкерге оны жұмыстан босыту жөнінде бұйрық жарияланган және оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.

2. Жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби дайындау және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. Кәсіби дайындау- белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа кәсіби дағдыларды меңгеру н\е кәсіби дағдылары өзгерту үшін адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны. Қайта даярлау- басқа кәсіптік н\е мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны. Жұмыс берушінің жолдмаысы бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау ж\е олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты н/е ҚР-ның заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Оқытуға байланысты жеңілдіктер мен өтемақылар келісімде, ұжымдық шартта н\е еңбек шартында көзделуі мүмкін. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан н/е біліктілікті арттырудан өтетін қызмакерлер жұмыс берушімен келісе отырып жұмыстан босатылуы н/е жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан н/е біліктілікті артырудан өтетін қызметкерлер еңбек кодекесте, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген кепілдіктерді пайдаланады. Кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды ж/е біліктілікті арттырғаннан кейін оқитын адам тараптар оқитын шартында келіскен мерзімде жұмыс берушіде жұмыспен өтеуге міндетті. Еңбек шарты қызметкердің бастамасы бойынша н/е қызметкердің кінәсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша мерзіміне бұрын бұзылған жағдайда қызметкер өзін оқытуға байл. шығындарды жұмыспен өтеу мерзімінің жұмыс істелмеген мерзіміне барабар мөлшерде жұмыс берушіге өтейді.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1791 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...