Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азамат Б. «Өнер» ЖШС



1.Тараптар арасында пайда болған қатынас ҚР ЕК сәйкес: «еңбек қатынастары – ҚР-ның еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар» - еңбек қатынастары болып табылады. 2.Еңбек қатынастарының субъектісі – қызметкер мен жұмысшы болса, объектісі болып – атқаратын қызметі танылады. Шарттың пәні ретінде еңбек құқығының реттеу объектісі болады. Еңбек шарты ЕК –мен реттеледі. Құрал-жабдықтарды жинақтау, қондыру жұмысы шарттың пәні ретінде, еңбек құқығы саласының объектісі болып табылады. Себебі, ҚР ЕК сәйкес еңбек дегеніміз – адам мен қоғамның өміріне қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. 3.ҚР ЕК сәйкес «қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесінді немесе өзге де еңбекке ақы төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке және ұжымдық еңбек нәтиделері үшін жүргізілуі мүмкін».

№4

1. Еңбек құқығының қағидалары. Қағидаттардың сақталуы еңбек құқығы нормаларының дұрыс қолдануының, еңбек қатынастарын реформалаудың қажетті шарты, олар республикадағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру процестеріне парапар болуға тиіс. «Принцип» ұғымы адамдардың жүріс-тұрысындағы бастау, басшы идея, негізгі ереже дегенді білдіреді. Еңбекті ұйымдастыру және қолдану саласындағы қағидаттар өздерінің мазмұны, әрекет ету саласы және мақсаттық бағыты жағынан алғанда бір мағыналы емес. Олар жалпы (салааралық), салалық және еңбек құқығының жекелеген институттарының қағидаттары болып бөлінуі мүмкін. Салааралық қағидаттар еңбекті және тиісінше еңбек құқығы салаларын құқықтық реттеудің базалық қағидаттары болып табылады. Оларды ҚРның Конституциясында бекітуі олардың жалпы ортақтық сипатын білдіреді. Жалпы қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады: заңдылық, азаматтардың құқықтарының бостандығының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы; мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу; қоғам пікірін ескеру және жариялылық; халықаралық қарым-қатынас. Салааралық қағидаттар салалық құқықтық нормаларда нақтыланады. Еңбек құқығына байланысты мына қағидалар салалық болып саналады: еңбек шартының бостандығы, еңбек міндетінің айқындығы; еңбек құқығының бірлігі және жіктелуі; еңбек жағдайының қауіпсіздігі, еңбек ақының заңда белгіленген мөлшерден аз болмауы және т.б.

2. Еңбек қатынастарын реттеуде ұжымдық шарттың маңызы. Ұжымдық шарт бұл ұйымдағы әлеуметтік еңбек қатынастарын рет тейтін,қызметкерлер ұжымы мен жұмыс беруші нің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акті болып табылады. Ұжымдық шарт тың әзірленуі, бекітілуі, және орындалуының құқықтық және ұйымдас тырушылық негіздері ҚР еңбек кодексімен, халық аралық шарттар және басқа да н.қ.а белгіле неді.Ұжымдық шарттың ерекшелігі тараптардың барлық өкілдері қатысатын ұжымдық келіссөздер өткен соң ғана қабылда нады. Бұл демократияляқ процедура қызметкер лермен жұмыс берушілер арасындағы қайшы мүд делердің үйлесін табуына себтігін тигізеді. Сол арқылы еңбек қатынас тарын реттеп әлеуметтік шиеленісті төменджнтуге мүмкіндік береді Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым қызметкер леріне және жазбаша өтініш негізінде қосылған қызметкерлерге қолда нылады.Ұжымдық шарт кәсіпорын меншігінің және еңбек ұжымының,келісім құралы болып табылады. Ұжымдық шарттарт қызмет кер жағдайын заңмен көрсетілген жағдайдан нашар болса жарамсыз деп танылады





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 555 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...