Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндірістік критерий бойынша



Еңбек ұжымы-еңбек шарттары немесе өндірістік кооперативтерінде мүшеліктің негізінде қызметкерлердің ортақ еңбекке арналған ерікті ұйымдық дербес бірлестігі. Ұйымның еңбек ұжымы оның қызметінде, еңбек шарттары негізінде өз еңбегімен қатысатын барлық азаматтар құрайды. Қызметкерлердің өндірісте бірлескен еңбек қызметі еңбек ұжымының құрылуының негізін құрайды. Еңбек ұжымына өндіріс қызметкерлері басшы және әкімшілік тұлғалар, еңбек ұжымның органдары, сонымен қатар еңбек ұжымымен ұйымдастырылатын әр түрлі қозғалыстар, оған қоса оларды басқаратын органдар, кәсіподақтық немесе еңбек ұжымының басқа өкілдік органдары кіреді. Мұның барлығы – еңбек ұжымы құрылымының құрамдас элементтері.

№3

Жұмыс берушімен, ұйым деңгейінде, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын құру қажеттілігі және тәртібі.

Біріншіден,жұмыс беруші деген кім?Жұмыс беруші -қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға.Ол заңды тұлға құқықтарына және еңбек құқықтық субъектілікке (еңбек шарттарын жасасу,қызметкерлерді қабылдау,жұмыстан шығару)әділет органдарында мемлекеттік тіркеу кезеңінен ие болады.Жұмыс беруші өз қызметкерлерінің еңбекақыны нысаны,жүйесі және мөлшерін,оған қоса басқа табыстарды дербес орнатуға құқылы.Жұмыс берушінің (ұйымның) еңбек құқығының субъектіс ретінде оның таратылу кезінде тоқтатылады.Жалпы, ұйым дегенеміз не?деген сұраққа жауап беретін болсақ.Ұйым әкімшілігі мен иесінің басқару органы болп келеді және өз басқаруында қызметкерлердің ұжымы бар лауазымды тұлғалар,басшылардың жиынтығы.Ұйым бастығы құрылтайшылардың және еңбек ұжымының мүдделерін көздейді.Ол сайланады немесе тағайындалады.Мыс.,мемл.кәсіпорындарда бысшлыар мемлекет уәкілет етілген органмен тағайындалады.Басшыға ұйымдағы істердің жағдайына жеке жауаптылық жүктеледі.Дара басшылық қағидаларын әрекет етеді және өз құзыретіне сәйкес ұйым қызметнің барлық сұрақтарын дербес шешеді.Ұйым мүдделерін барлық органдарда қорғайды,мүлікке билік етеді,шарттар жасасады,сенімхаттар беред,банкілік шоттар ашады,барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар және нұсқаулар шығарады.Енді жұмыс берушімен ұйым деңгейінде қоғамдық өзін өзі басқару органдарын құру қажеттілігі мен тәртібіне келетін болсақ, Қоғамдық өзін өзі басқару органдарын құру үшін кем дегенде 10 кәмелетке толған азаматтардың ерік білдіруі кажет. Қоғамдық өзін өзі басқару органдарын құру туралы шешім съезде, конференцияда немесе жалпы жиналыста қабылданады және оларда жарғы қабылданады. Қоғамдықөзін өзі басқару органдары міндетті түрде әділет органдарында тіркелуі керек. Қоғамдық өзін өзі басқару органдары заң алдында бірдей.Қоғамдық өзін өзі басқару органдарында белгілі бір құрылымы және өзін-өзі басқару жүйесі бар. Олар өздері өкілі болып табылатын қоғамдық ұйымдар атынан сөйлейді, кабылданған және тіркелген жарғылар мен ережелер негізінде әрекет етеді. Қоғамдық ұйымдар кабылдайтын шешімдердің биліктік сипаты жоқ және міндеттілік күші де болмайды, олар осы ұйым шегінде ғана қолданылады. Қоғамдық өзін өзі басқару органдары заңға қарсы іс-әрекеттер жасаған жағдайда әкімшілік жауапкершіліққе тартылуы мүмкін.

2.Еңбек шартын бұзудың негіздемелері. Еңбек шартын тоқтату негіздері Мыналар: 1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу; 2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; 3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар 6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы; 8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы; 9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға тілек білдіруші еңбек шартының бір тарапы екінші тарапына хабарлама жібереді. Хабарлама алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. 3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісу бойынша айқындалады. 4. Еңбек шартында қызметкермен келісім бойынша, жұмыс берушінің қызметкерге бір жылғы орташа жалақысынан кем емес мөлшерде өтемақы төлей отырып, осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтамай-ақ еңбек шартын бұзу құқығы көзделеді. 1. Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты, мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылады. 2. Еңбек шартында келісілген мерзімге сәйкес, қызметкердің соңғы жұмыс күні белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады. 3. Жұмыстың аяқталған күні белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады. 4. Жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердің жұмысқа шыққан күні уақытша болмаған қызметкердің орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады. 5. Егер еңбек шартының мерзімі аяқталғанда еңбек қатынастары іс жүзінде жалғасып, тараптардың ешқайсысы оның тоқтатылуын талап етпесе, шарттың қолданылуы белгіленбеген мерзімге ұзартылды деп есептеледі. Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша:1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған; қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған; біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған; қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған; қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған; қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған; қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған; ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса; тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған; қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен; егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе тиісінше орындамаған; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қызметкердің мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған; еңбек шартын жасасу кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған; жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшесі басшысының еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге материалдық залал келтіруге әкеп соққан; қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. Өндірістік жарақат алуына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айрылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады;





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 756 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...