Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алматы қалалық Бақылау және әлеуметтік қорғау



№1

1.Еңбек қатынасының біржақты өзгертілу негізі. Еңбек қатынастары жұмыс берушімен қызметкер арасында еңбек шарты негізінде п.б.Еңбек шарты -қызметекр мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім,бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға,еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді,ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге,еңбек кодексінде ҚР заңдары мен өзге де норм/құқықтық актілерінде,ұжымдық шатта,жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге,қызметкерге уақтылы ж/е толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады ж/е оған тараптардың қолдары қойылады.Бір данасы қызметкерде,ал екіншісі жұмыс берушіде сақталады.Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады.Еңбек шартына,оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде,өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар жазбаша нысанда жүзеге асырады.Еңбек шартының талаптарын өзгерту тур.ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді ж/е екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды.Ұйымның атқарушы органының лауазымды адамдарымен еңбек шартын ұйым мүлкінің меншік иесі не ол уәкілеттік берген адам н/е орган ұйымның құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен жасайды.

2. Еңбек шарты: ұғымы, түрлері және сипаты. Еңбек шарты - қызметкер мен жұмысберушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім, бұл келісім бойынша қызметкер жұмысберушінің актісін орындай отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмысберуші қызметкерге жалақысын жəне заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де акшалай төлемдерді уақытында көлемінде төлеуге, еңбек туралы зандар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.Еңбек шартында: 1)тараптардың реквизиттерi; 2) еңбек мiндетi (белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс); 3)жеке еңбек шартының мерзiмi;4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру басталатын күн;5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегі немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi; 7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары;8) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi; 9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi; 10)жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi;11)өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi; 12) тараптардың жауапкершілiгi көрсетiлуге тиiс.

Алматы қалалық Бақылау және әлеуметтік қорғау...

1. Бұл жағдайда Бақылау және ілеуметтік қорғау департаментінің жоспалы тексеру кезінде «Ұлпан» ЖШС-да анықталған кемшіліктері заңды емес. Яғни, ҚР ЕК сәйкес 1жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. Бұл «Ұлпан» ЖШС-де еңбек шарты 5-10 жыл бойы қызметкерлермен әр жылы жасалынып келген және жоғарыда аталып кеткен заң бойынша «Ұлпан» ЖШС-ның іс-әрекеттерін заңды деп тануға негіз бар. 2.ҚР ЕК бойынша: «ұжымдық шарт ұйымдарды да, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінде де жасасуы мүмкін». «Ұйымда қызметкерлердің бірнеше өкілдері болған кезде комиссияға қатысу және ұжымдық шартқа қол қою үшін біртұтас өкілді орган құрады». Жоғарыда көрсетілген бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің жоспарлы тексеріс кезінде тапқан кемшіліктері заңды болып табылады. 3.ҚР ЕК бойынша «қндіріс процесінде өзіне берілген мүлікпен құндылықтарды сақтауға, өндіруге, тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкер және жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктік және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегендігі үшін қызметкерді толық және материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасайды». 4.ҚР ЕК бойынша «қызметкерлер берілген мүліктер мен басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке және ұжымдық материалдық жауапкершілігі туралы шарттар жасалуы мүмкін».

№2

1. Еңбек құқығының қайнар көздері. Енбек құқығының қайнар көздері деп енбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады. Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді: 1. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң ҚР-ның Конституциясы. Барлық еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сəйкес келуге тиіс. 2. Еңбек кодексі жəне соған сəйкес қабылданған заңдар жəне ҚР Президентінің жарлыктары; 3. ҚР Президентінің жарлыктары; 4. ҚР Үкіметінің қаулылары; 5. ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары; 6. ҚР Жоғаргы Сотының нормативтік қаулылары; 7. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік кұқықтык актілері; 8. Жергілікті мəслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері; 9. Локальды (жергілікті) нормативтік актілер; 10. Жұмыс берушінің актілері. ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары - егер сол актілердің өзінде күшіне ену уақыты көрсетілмесе, онда ресми түрде жарияланган сəттен бастап он күннен кейін занды күшіне енеді. 2) ҚР Парламентіның қаулылары - егер актілерде өзгеше көрсетілмесе, ресми түрде жарияланған алғашқы күннен бастап занды күшіне енеді. 3) ҚР Конституциялық кеңесінің қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді. 4) Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ оның құрамына кірмейтін органдардың, атап айтсақ, ҚР Жоғаргы сотының, Ұлттық банктің, жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілері - егер актілерде өзгеше көрсетілмесе, оларды ресми түрде жариялағаннан кейін 10 күннен соң занды күшіне енеді. ҚР-ның нормативтік-құкыктық актілерінің күші бүкіл республика аумағына таралады. Республика аумағы деп мемлекет егемендігіндегі құргақ жер, аумақтық сулар, ішкі сулар жəне əуе кеңістігін айтамыз. Сондай-ақ Қазақстан аумағына дипломатиялык елшіліктердің, өкілдіктердің аумағы, Қазақстанның əуе, су кемелері жатқызылады. Жергілікті өкілді жəне атқарушы органдармен қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің занды күші тиісті территорияға гана таралады. Еңбек құкығының локальды қайнар көздерінің күші ұйым, мекеме, ұжымның аумағына, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің аумағына ғана таралады. Əлеуметтік əріптестік туралы бас келісім бүкіл республика аумағында крлданылады.

2. Ұжымдық шартты жасау, бекіту және өзгерту тәртібі. Ұжымдық шартты жасау үшін келіссөздер тараптардың арасында жүргізіледі келіссөздер жүргізу үшін екі жақтың өкілдерінен тең негізде комиссия құрыла ды. Келіссөздер заңи принциптерге сай жүргізіл еді.ұжымдық шарттың мазмұнын және құрлымын тараптар айқындайды. Бұл жағдайда заңда көрсетіл ген негіздер ескеріледі. Ұжымдық шарт өзінің әрекет ету кезеңі, тәртібі, орындалуын бақылау, өзгертулермен толық тырулар енгізу туралы ережелерді қамтиды. Ұжымдық шарттың әрекет ету мерзімін тараптар анықтайды. Алдымен ұжымдық шарттың жобасы жасалады.ол жоба қызмет керлер жиналысын да талқыланады.жиналыста келіп түскен өзгертулер мен ескертпелерді еске ала отырып қайта жасалған ұжымдық шарт жобасы кемінде екі дана етіп жасалып тараптар қолын қояды. Ұжымдық шартқа енгізілген барлық өзгертулер мен толық тырулар, оның қолданылу мерзімі ішінде қызметкер лердің қолдауымен іске асырылуы керек ал одан кейін тараптар қолын қойып ұжымдық шартқа қосымша ретінде енгізеді.Егерде тараптардың келісіміне қол жеткізілген жағдайда ұжымдық шарт екі дана ретіде жасалып оларға тараптар он күнтізбелік күн ішінде қолын қояды. Тараптар қол қойған ұжымдық шартты мониторинг жүргізу үшін жұмыс беруші бір ай мерзім ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне беруі міндетті.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 688 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...