Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Желдер айтады



Қалдырған заман талайлар,

Қадірі болмас қолда адам.

Айдарды сипап жел айтар,

Сәлемін қалқа жолдаған.

Ұлудың ұлы жылы кеп,

Жанымды жүрді ерке етіп.

Түстіктен ескен жылы леп,

Жүректі кетті тербетіп.

Сиқыры баурап әлемді,

Алысқа қарап жүр едім.

Желдермен келген сәлемді,

Түсініп жатты жүрегім.

Қаз-қатар жатқан елдердің

Сағыныш қат-қат ғұрпындай.

Жеткізген сонда желдердің,

Сәлемі маған тылсымдай.

Сағаттың тілі ауысып

Заманның ауып ауаны.

Желдермен тұрып қауышып,

Танимын таныс ауаны.

Жаратқан ие егемдей,

Құдірет деймін даланы.

Абай бол, бала дегендей,

Желдердің жеткен самалы.

Төзімді қоймай тауысып,

Уақыт шіркін алдайды.

Күн сайын жүрсем қауышып,

Менде де арман қалмайды.

БҰЛТ БОП КЕТСЕМ

Жиып бір қойып ұятты,

Жұрдай боп тағы жетеден.

Буылдыр бұлт сияқты,

Дүниені кезіп кетер ем.

Айырмай жақсы-жаманды,

Сабауым болса сабар ем.

Тұрағы болмай табанды,

Аспанды баурап алар ем.

Жауынмен тағы жыр тілеп,

Жатқанды жаным күй етті.

Күлдірлеп жатқан күркіреп,

Қуар ем жаман ниетті.

Өлең де текке тумады,

Жыр сусап жатса кенерем.

Бұлт боп кетсем шудалы,

Көгіме көрік берер ем.

Нөсерлей бермей көлге кеп,

Арманды бақсам аядай.

Шөліркеп жатқан шөлге кеп,

Төгер ем нұрды аямай.

Өмірге келіп өкінбей,

Иманға бойды бұрар ем.

Көлеңке болып шөкімдей,

Саямды беріп тұрар ем.

Дала мен зәулім қалаға,

Несібе, ырзық берер ем.

Сусап бір жатқан далама,

Жаңбырды айдап келер ем.

Өмірде бәрі мүмкін-ай,

Қарап бір тұрсам төбеден.

Бұлт боп кетсем шіркін-ай,

Еліме нұрды төгер ем.

СЫНЫПТАС ҚЫЗДАРҒА

Билеп бір биге шақырған,

Таңдарды бірге атырған.

Қыздарға қарыз басым-ай,

Жұтап бір жаттың ақылдан.

Қыздар мен құрбы, достар-ай,

Мәңгі етіп басты қоспады-ай.

Жігіттер қызға қарыз боп,

Тарап та кеткен дос жаны-ай.

Балалық жайын айтамын,

Деген соң бәрін айт ақын.

Қыздарға қарыз болған соң,

Басымды кейін шайқадым.

Қыздарға қарыз жігіттер,

Кейінге көзді тігіп көр.

Оларда болса үміттер,

Керек-ақ еді үгіттер.

Қыздарға қарыз екенбіз,

Жүргенмен ойнап секең қыз.

Байқамай бәрін аңқаудай,

Құшақтап кеттік бөтен қыз.

Қызғалдақ көйлек кигендер,

Өзгені барып сүйгендер.

Тимедік ұстаз үнемі,

Деген соң қызға тимеңдер.

ТУҒАН КҮНДЕ

Дос шақырса барайық,

Ақ пейілге қараңдар.

Қош келдіңіз, қалайық,

Жиылған дос, жарандар!

Мына әлем гүл-бағың,

Керегіңді таңдайтын.

Бала деген ұрпағың,

Өміріңді жалғайтын.

Көңіл-күйің жайласып,

Кезі келсе жуасың.

Балаң өссе тәй басып,

Ата-ана үшін қуаныш.

Би билейтін алаңның,

Дұрыс мәнді болғаны.

Тойдың басы балаңның,

Бір жасына толғаны.

Жақын етіп араны,

Ән салдырып, қолдатып.

Бөбегінің қадамы,

Ата-анаға зор бақыт.

Арқадан ап жүгіңді,

Артса бала ынтасы.

Құтты болсын бүгінгі,

Баламыздың бір жасы.

Қызық кетпес азайып,

Ата-ананың олжасы.

Тойлау деген ғажайып,

Балақайдың бір жасы.

Ұмытылмай есіңде,

Небір билер ойнайық.

Степногор кешінде,

Туған күнді тойлайық.

Түрлі тағам тізілген,

Рас құмар қанбасы.

Ұрпақ өссе ізіңнен,

Өміріңнің жалғасы.

Күлейік те, жайнайық,

Нақ өзіндей гүл бақтың.

Кел, достарым, тойлайық,

Туған күнін ұрпақтың.

Осы еді керегі,

Қыз ба, әлде ұлы ма.

Жалғыз рет келеді,

Туған күндер жылына.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 369 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...