Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ге мендей келгендер



Есейді деуге бола ма,

Жас едім кеше, сенсеңдер.

Шал болып сонда қала ма,

50-ге мендей келгендер?

Не сыр бар, қане атап өт,

Мен емес қарт боп жата алған.

50-де адам ата боп,

Қала ма жастық қатардан?

Тартайын қане садақты ап,

Демесін қуат қалмапты.

«Ер жасы» дейді мадақтап,

50-ді құрғыр салмақты.

Ойымды айтсам бүлдірмей,

Десем бір туды құлатпай.

Жастықты алған білдірмей,

50-ді тұрмын ұнатпай.

Басылмай тұрған аптығым,

Тұлпармын білсең шаң берер.

Шал болып кетсек тап бүгін,

Өмірдің несі мән берер?

50-де дейді ерге жүк,

Жаз айым осы, күз емес.

Ноқтасын салса егделік,

Бас біле қояр біз емес.

Жастықты алып егелеп,

Барып ем кеше арманға.

Жақтырмай тұрдым, не керек,

50-ді таяп қалғанда.

Кіреукі тартып көруім,

Әйелім айтып төрелік.

Келсе бір келсін 50-ім,

Оны да байқап көрелік.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 354 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...