Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері



Қант қызылшасы – алабота туысына жататын екі жылдық өсімдік. Алғашқы жылы ол қантқа юай жуандаған тамыр және 50-70 кг-ға жететін жапырақ дегелегін шығарады. Екінші жылы отырғызылған аналық тамырлардан гүл шығаратын өркендер жамиды да, жеміс шоғырын құрайды, мұны агрономиялық тілде тұқым дейді. Кәдімгі көп дәнекті қызылшаның әрбір түйнегінде 2-3-тен тұқым болуы мүмкін. Өсімдіктің тамыр жүйесі 3 метрге дейінгі тереңдікте бойлап, көлденеңінен 70-100 см-ге дейін жайылып өседі. Тамырдың жақсы юойлап өсуі топырақтағы қоректік заттарға және ылғалға байланысты. Тұқымның жер бетіне ерте көктеп шығуы үшін оның ірі әрі салмақты болғаны жөн, ол топырақтың беткі қабатының жылылығы 5-60С жеткенде көктейді. Қызылшаның жақсы өсіп жетілуі үшін ең қолайлы температура 20-250С жылылық. Жергілікті жағдайларға байланысты қант қызылшасы жаз бойы 50-70 жапырақ салады, ал кейбіреулері 90 және одан да көп жапырақ шығарады. Жапырақтар ауадан көмір қышқыл газдарын алып, алғаш рет қант құрайды. Қант қызылшаның түбіріне жиналады. Тамыр жемістің қанттылығы көбінесе жапырақтың тіршілігіне байланысты. Егер түрлі себептердің әсерінен жапырақтар мезгілінен бұрын қурай бастаса, онда қызылша өнімінің сапасы төмендейді.

Қант қызылшасы өсу кезеңі 160-180 күн. Өсіп-даму кезеңдерінде қызылша суды көп қажетсінеді. Тамыр жемісі 1 грамм салмақ құрау үшін 70-90, ал 1 грамм қант құрауға 450-550 см2 су керек. Қызылшаның әрбір гектарынан 550-600 центнер өнім жинау үшін топырақ жағдайларына байланысты 6000-7000 м2 су жұмсау қажет.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1405 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...