Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жер төсемесінің сапасын операциялық бақылау



Сапаны бақылау автомобиль жолының салыну технологиясының құрамдық бөлшегі болып саналады. Операциялық бақылаудың тізімі ҚНмЕ 3.06.03-85 жазылып көрсетілген.

Операциялық бақылауда жер төсемесінің сапасы тексеріледі:

1) Жер төсемесінің остік сызығының жобада және биіктік белгілерінің дұрыс орналасуы;

2) Алынатын құнарлы қабаттың қалыңдығы;

3) Жер төсемесінің негізіндегі топырақ тығыздығы;

4) Қолданылатын топырақ ылғалдылығы;

5) Салынатын қабаттардың қалыңдығы;

6) Үйінді қабаттарында топырақтың біртектілігі;

7) Үйінді қабаттарында топырақ тығыздығы;

8) Беттік тегістігі;

9) Жер төсемесінің көлденең қимасы (өс пен жол жиегінің арасы, көлденең еңістік, құлама жақтаулары);

10) Суағарлар мен дренажды қондырғылар, қабаттардың салынуы, құламалар мен жол жиектерінің бекіту жұмыстарының дұрыс орындалуы.

Бақыланатын геометриялық параметрлер мен топырақ тығыздығындағы жіберілетін ауытқулар ҚНмЕ 3.06.03-85 (қосымша 2) немесе ПК РК 218-35-2004 бойынша қабылданады.

Операциялық бақылау кезінде жер жұмыстарының сапасы қыс мезгілінде қатқан топырақтардың құрамы мен пішінін бақылау керек сонымен қатар жол бетін қар мен мұздан тазалау сапасы бақылануы керек.

Жер төсемесінің өсін белгіленуін, биіктік белгілерін, жер төсемесінің көлденең қимасын, құламаларды, су әкетулер мен дренаждық қондырғылардың және қабат қалыңдықтарын бақылануын әр 100 м кем емес (көлденең қиманың 3 нүктесінен) жұмыс бөліктерінде белгілердің орналасуын геодезиялық аспаптардың және шаблондардың көмегімен жүзеге асырылады.

Топырақ тығыздығын әр технологиялық қабатта, жер төсемесінің өсінен жол жиегінен 1,5-2 м аралықта, қабат қалыңдығы 20 см оның аралық нүктелерінде бақылануы керек.

Тығыздықтың бақылануы әр сменалық құлашта жұмыс істейтін тығыздағыш машиналармен әр 200 м кем емес үйінді биіктігі 3 метрге дейін және әр 50 м кем емес үйінді биіктігі 3 метрден жоғары болған жағдайда жүргізілуі керек.

Ылғалдылықтың бақылануы каръерде немесе резервте сменасына 1 реттен кем емес жүргізіледі.

Топырақ тығыздығы мен ылғалдылығы ГОСТ 5180-84 бойынша анықталады.

Жүргізілетін бақылауға жетелдетілген және далалық экспресс-тәсілдерді қолдануға рұқсат етіледі, 70% өлшемдер жеделдетілген бақылау тәсілі ал 30% стандартты тәсілмен жүргізіледі.

Жер төсемесінің бетінің тегістігі нивелирдің көмегімен жолдың өсімен жол жиегінен көлденең қиманың 3 нүктесінен әр 50 м кем емес бақыланады.

Жер төсемесінің сапасын бағалау кешенді көрсеткіштерді есептеу негізінде жүргізіледі.

(7.1)

мұнда: Р – кешенді көрсеткіш;

S1-S5 – жер төсемесінің негізін дайындауда сапасын бағалау, үйіндіні тұрғызу мен ойықтарды өңдеу, суағарларды салу, үйінділерді үюмен бекіту жұмыстары, балл түрінде келтірілген:

- коэффициент мәндері 0,7; 1,0; 0,8; 0,6; 0,7.

Егерде кешенді көрсеткіш Р= 4,61-5,0 (онда жұмыстың орындалу бағасы «өте жақсы»);

Р-3,91-4,60 (жұмыстың орындалу бағасы «жақсы»)

Р-3,0-3,9 (жұмыстың орындалу бағасы «қанағаттанарлық»)

Егерде жұмыс әр түрлі уақытта немесе тапсырылатын жер төсемесінің аймағының әр түрлі жерінде орындалған болса, онда кешенді көрсеткішті мына формуламен анықтайды.

(7.2)

мұнда: С1…..С3 – сметалық құны бағасымен «өтежақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық».

7.3. жер жұмыстарының процесстері кезінде бақыланатын параметрлері, қосымша 2 келтірілген (СНиП 3.06.03-85).

Сапаның бірлік көрсеткіші анықталды

- үйіндіні дайындау кезінде;

- үйіндіні тұрғызу кезінде;

- суағарларды тұрғызу кезінде;

- себілетін жол жиегін тұрғызуда;

бөлек жұмыстардың бағалануы мына формуламен анықталады:

(7.3)

мұнда: P – кешенді көрсеткіш;

Pi – бағалану дәрежесі I сәйкес – жоба талаптарының параметрі, балл түрінде келтірілген;

n – параметрлер саны.

Кешенді көрсеткіштердің Р мәндерінде жұмыстың әр түрі бағаланады:

Р = 4,61-5,0 – «өте жақсы»

Р = 3,01-4,6 – «жақсы»

Р = 3,0-3,0 – «қанағаттанарлық»

Топырақ тығыздығын анықтауда 4 тәсіл бар:

1) көлемді-салмақтық тәсіл;

2) пенетрация мен статикалық зондирлеу тәсілі;

3) динамикалық тәсіл;

4) радиациондық тәсіл.

I. Ковалевтің тығыздық-ылғалдық өлшегіш аспабы.

Бұл аспап тығыздық пен ылғалдылықты соның ішінде оптимальді ылғалдылықты анықтайды.

Топырақ тығыздығы мен ылғалдылығын 8-10 минутта анықтауға болады.

Оптимальді және максимальді ылғалдылықты 50 минутта анықтайды.

Топырақ мұқият араластырылады, осы кезде топырақ саңылауларындағы ауа шығады, ал ылғалдылығы қоршаған су ортаға қосылады. Егерде қосымша тағы да ылғал торырақты өлшесек, онда қалған қатты фазадағы ρ, Wтабиғи төменгі ағу шекарасын анықтауға болады.

t= от -100С +40 С0 жұмыс істеуге болады және тығыздығы ρ= 1,02 г/см3 және салмағы γ=2,65 г/см3 (орташа тығыздықты)

Жүргізілген зерттеулерден дәлелденгендей, температура алынған нәтижелерге әсер етпейді, су да алынған нәтижелерге әсер етпейді (ло су минеральді ме әлде тұщы су ма т.б. айырмасы жоқ)

Сондықтан Н.П. Ковалев құрғақ топырақтың 3 тобын айыруға ұсыныс берді:

- сазды ρс=2,70 г/см3

- құмдақ ρс=2,65 г/см3

- құрамында гумус топырағы бар =2,60 г/см3

жіберілетін ауытқуларды есептейміз:

- саз үшін 2,72-2,75 г/см3

- саздақ 2,69-2,71 г/см3

- құмдақ 2,66-2,68 г/см3

- құмдар 2,60- 2,67 г/см3

- гумустелген топырақтар 2,55-2,65 г/см3

Ылғал топырақтың () және құрғақ топырақтың () тығыздығын біле отырып формула бойынша топырақ ылғалдылығын анықтаймыз:

W= (ρ-ρс)100/ρс (7.4)

Далалық жағдайда топырақ ұрғышпен тығыздалады

с h=30 см –ұрылу саны:

- 38 рет құм үшін;

- 69 саздақ үшін;

- 75 саз үшін.

Анықтамаға байланысты ρс және W тығыздық пен ылғалдылық 2% немесе 16 см3 су қосылып анықталады.

Ковалев аспабы, Ковалевтің модернизирленген тығыздық-ылғалдық өлшегіші (кейін Ковалев аспабы) мыналардан тұрады:

- қалқыма –7, футляр-резервуар –4, үш кескіш сақина – 1, төрт топырақ шкаласы – 3, сыналатын топырақ үлгісінің тығыздалатын және алу үшін құрал 5, кескіш цилиндрден тұратын 4 қақпақ –3 тесігі бар 6, стержен-1 және гирлер салмағы 0,5 кг.

Сынақ жүргізілу тәртібі:

1) жұмыс жүргізілер алдында тарировка жасалуы керек: футляр-резервуардың төменгі сызығына дейін су құйылады, подставка қақпаққа 2 кескіш сақинаны қояды-1, темір ыдыс-11 қалқымалы қондырғының поддонына қойылады-7, егерде қалқымалы қондырғы шкаланың жоғарғы мәніне дейін қалқып шықса, аспаптың жұмысқа дайындығын көрсетеді, егер батса, қалқымалы аспаптың ішінде тарирлеуші материалдың көптігін білдіреді, немесе саңылау бар болғандықтан су қалқымалы қондырғыны ішінен толтырғандығын көрсетеді. Сол себепті қалқымалы қондырғыны тексеріп себебін анықтау керек, егер тарирлеуші материал көп болса артығын алу керек, ал тесік болған жағдайда аспапты жөндеу керек болады. Далалық жағдайда топырақ алынатын аймақты тазалап, кескіш сақина қойылады да ұрғылағыш аспаптың көмегімен ұрылып сақинада тығыздалған торырақты алып артығын қырып тастайды да сақинаны топырағымен бірге қақпақ подставка-2-ге қойылады да шкаланың ең жоғарғы мәні бойынша ρ г/см3 санақ алынады. Содан кейін, темір ыдыс-11-ге кескіш сақинаның ішіндегі топырақты салып оны мұқият араластырып, су құяды, бетіндегі көпіршігін елегіштің көмегімен алып оны қалқымалы қондырғының ішіне орналастырады. Енді санақты шкаладан топырақ түріне байланысты алынады.

Ковалев аспабымен анықтауға және стандарты тығыздықты жүргізуге мүмкіндік бар, себебі тығыздық пен ылғалдылықты анықтау әдісі бірдей тек айырмасы тұрақты түрде үлгі салмағынан кем дегенде 2% су қосылып отырады, шкала бойынша алынған санақта өзгеріс болса су көлемін 0,5 % дейін кемітеді, себебі максимальді ылғалдылық пен оптимальді тығыздықты дәлірек алу үшін.

4) оптимальді ылғалдылық пен максимальді тығыздықты анықтауда жүргізілген тестіден дәлірек мән алу үшін зертханалық жағдайда ғана мүмкін болады. Топырақ үлгісін кептіргіш шкафта 105 0С температурада кептіріп тығыздық пен ылғалдылықтың аралық мәндерін анықтайды.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1512 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...