Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бастапқы бақылау



Өндіріс жұмыстары басталар алдында жобадағы қабылданған шешімдердің резервтегі, карьер, ойықтардағы, табиғи негіздегі, резерв көлемінің дұрыстығы, топырақ жағдайы мен құрамының фактілік көрсеткіштерінің сәйкестігі тексеріледі.

Автомобиль жолдарының құрылысында және қайта салынуда ҚНмЕ 3.06.03-85 шарттарынан басқа техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитарияға қатысты нормативтік құжат шарттарын орындау керек.

Технологиялық шешімдер қоршаған ортаға шығын әкелуіне рұқсат етілмеуі керек және геологиялық және гидрологиялық жағдайларының өзгеруне әкелетін табиғи баланстың беріктілігін максимальді сақтау керек. Табиғи құнарлы қабаттың бүлінуіне, құрылыс салынатын аумағынан әрі қарай жобалық және дренажды-кептіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Механизмдерді қабылдаған кезде атмосфераға бөлінетін газдардың шектелуін, санитарлық нормаларды сақтау керек. Органикалық тұтқырғышты материалдарды сақтайтын қоймаларда жылыту қондырғысы және өртке қарсы аспаптары болуы керек. Тас материалдарын рельсті қондырғылардағы бункерлерде түсіру керек. Минераль материалдарды сақтайтын аймақта жел раушаны сақталу керек. Жол жамылғысынң қабаттарын салу жұмыстарын дайын және ереже бойынша қабылданған жер төсемесінде салынуы керек. Жер жөсемесінің қабаттарын тығыздауда каток шетінен ортасына қарай каток ізінің 1/3 жүруі керек. Қоспа құрамын таңдау ГОСТ, немесе AASHTO шарттарының талаптарына сәйкес болуы керек.

Жер төсемесін тұрғызу кешенді ағым жұмысы басталар алдында топырақтың тығыздалуы сыналуы керек және қорытындысы жалпы жұмыс журналына жазылуы керек.

6.2. Материалдар мен өнімдердің сапасының бастапқы бақылауы. Өндіріс жұмыстары алдында жол зертханалары бастапқы бақылау стадиясында топырақтың зертханалық сынақтан өткізеді (құрамы, түрі, әртүрлілігі, ылғалдылығы, тұздылығы). Сынақ қорытындылары ведомоста толтырылады, және топырақтарды сынаудағы зертханалық қорытындысы деп безендіріледі. Топырақ сұлбасын арнайы шурфтардан және скважиналардан (кем дегенде 1 км резервтен немесе 10000 м3 қосымша резервтерден, карьерлерден, ойықтардан) алынады. Қиындықтар болған кезде сұлба саныда көбейеді. Біртекті топырақтарда бір сұлба алынады, біртекті емес топырақтарда тереңдігіне қарап кем дегенде үш сұлба алынады. әкелінетін барлық темір бетон бұйымдарына, битум, эмульсия және т.б. материалдарға құжаты мен сертификаты болуы керек, болмаған жағдайда шағым хат жазылып, зертхана сапалық көрсеткішін анықтайды.

Асфальтобетон мен цементобетон қоспаларының құрамын таңдау бастапқы бақылауда жүргізіледі. Асфальтобетон немесе цементобетонның рациональді құрамы қабылданғаннан кейін, зертханалық қорытынды жазылады. Бекітілген АБЗ немесе ЦБЗ операторларына беріледі.

Темір бетон конструкцияларының беріктігін тексеру үшін Кашкарек балғасы қолданылады.

Бастапқы бақылау кезіндегі барлық өнім міндетті түрде ГОСТпен бекітілуі және уақытылы зертханалық қорытындысы болуы керек.

6.3. Жер төсемесін тұрғызу кезінде бастапқы бақылау.

Жол құрылысында қолданылатын топырақтар, түріне, құрамына, жағдайына, ісінуіне, шөгуіне, мұз болып қату дәрежесіне қарай ГОСТ 25100 сәйкес бөлінеді. Топырақ классификациясының сипаты мен тұздану дәрежесі кесте 6.1., 6.2. келтірілген.

Кесте 6.1. Сапалы тұздану сипаты бойынша топырақ классификациясы.

№ п.п. Тұзданудың аталуы Тұзды құрауы Cl / SO
1. Хлоридті
2. Сульфатты-хлоридті 2,5-1,5
3. Хлоридті-сульфатті 1,5-1,0
4. Сульфатті Менее 1,0

кесте 5.2. Тұздану дәрежесі бойынша топырақ классификациясы

Топырақтар Тез еритін тұздардың орташа жиынтық құрамы, % құрғақ топырақ салмағынан алғанда
Хлоридті және сульфатті-хлоридті тұздануы Сульфатті, хлоридті-сульфатті және тұзды тұзданулар
V жол-климаттық аймақ Қалған аймақ V жол-климаттық аймақ Қалған аймақ
Азтұзданған 0,5-2 0,3-1 0,5-1 0,3-0,5
Орташа тұзданған 2-5 1-5 1-3 0,5-2
Қатты тұзданған 5-10 5-8 3-8 2-5
Артық тұзданған 10 жоғары 8 жоғары 8 жоғары 5 жоғары

Ескерту – аз тұзданған топырақтарға жататын топырақтар тез еритін тұздардың болуы V жол-климаттық аймақта 0,5 %, ал қалған аумақтарда 0,3 %. Жер төсемесінің жоғарғы бөліктеріне қолданатын топырақтарды қосымша құрамы бойынша бөледі (сазды топырақтар), ісінуі, шөгуі мен мұз болып қатуына бейім, сонымен қатар мұздануы және еріген кезде шөгуі 6.3.-6.6. кестеге сәйкес келтірілген.

Кесте 6.3. топырақ түрлілігі (гранулометрилық құрамы мен илену саны)

Түрлілігі Құмдақ бөлшектердің құрамы (2-0,5 мм), % салмақ бойынша Иілу саны Ip
Құмдақ Құмды 1-7
Шаңды 1-7
Саздақ Жеңіл құмды 7-12
Жеңіл шаңды 7-12
Ауыр құмды 12-17
Ауыр шаңды 12-17
Саз Жеңіл құмды 17-27
Жеңіл шаңды 17-27
ауыр Рұқсат етілмейді 27 жоғары

Кесте 6.4. Қолдағы бар топырақтардың түрлілігі

Түрлілігі Жоғары бөлшек құрайтын 2 мм, в % салмақ бойынша
құмдақ, саздақ, саз (шағыл таспен) 15-25
құмдақ, саздақ, саздар галечниковые (шағыл тасты) немесе гравелистые (дресвяные) 25-50

Кесте 6.5. Сазды топырақтардың түрлілігі, жүктемесіз ісіну деформациясы

Сазды топырақтардың түрлілігі Жүктемесіз ісіну деформациясы
ісінбейтін
Аз ісінетін 0,04-0,08
Орташа ісінетін 0,08-0,12
Қатты ісінетін

Кесте 6.6. Топырақ түрлілігі, тоңу кезіндегі мұздану дәрежесі

Сазды топырақтардың түрлілігі Жүктемесіз ісіну деформациясы
Мүлде мұзданбайтын
Аз мұзданатын 0,01-0,035
Орташа мұзданатын 0,035-0,07
Қатты мұзданатын
Мөлшерден артық мұзданатын

Ерекше топырақтарға жататындар: торфтанған, сапропели, илы, лессы, ылғал солончактар, сазды мергелдер и мергелді саздар, дочетвертичные глинистые грунты және сланцты саздар, қаратопырақ, көшпелі құмдар; техногенді топырақтар (өнеркәсіп қалдықтары).

Әлсіз топырақтарға байланысқан топырақтар жатады, табиғи жағдайда жылжу кезінде болатын беріктігі 0,075 Мпа. Әлсіз топырақтарға жататындар: торфтанған топырақтар, илы, сапропели, сазды топырақтар консистенция коэффициенті 0,5 жоғары, ылғал солончакты топырақтар. Дренирлеуші топырақтарға мына топырақтар жатады ГОСТ 22733 сәйкес стандартты тығыздау кезінде максимальді тығыздығы бар фильтрация коэффициенті 0,5 м/тәу кіші.

Біртекті емес дәрежелі құмдар ГОСТ 25100 бойынша 3 кіші, сонымен қатар майда құмдар салмағы бойынша 90 % кіші түйіршік размері 0,10-0,25 мм біртекті құмдарға жатады.

Жер төсемесін тұрғызу процессі ұйымдасқан түрде, үздіксіз жүргізілуі керек.

Үйіндінің бір қабатында әр түрлі топырақ қолдануға болмайды, болған жағдайда арнайы жобада қарастырылған жағдайда.

Үйіндіге топырақты шетінен ортасына қарай, қабаттап, жер төсемесінің құлама бөлігін қоса барлық еніне салу керек. Жер төсемесін тұрғызар алдында жобада қабылданған көрсеткіштердің сәйкестігі тексерілуі керек (бөлшек ірілігі, сазды топырақтардың иленгіштігі) және ылғалдық жағдайын, карьердегі, резервтағы, ойықтағы, табиғи негіздегі топырақ тығыздығын. Құрылыс кезінде беткей мен құламалардың еңістігі 1:3 тік болса, сонымен қатар әлсіз топырақтарда құрылыс кезінде нивелирмен жер төсемесінің отыруы мен жылжуы жоқпа соны тексереді. Топырақтың сынап тығыздау журналы жүргізіледі.

6.4. Негіз бен жамылғыны бекітілген топырақтардан салу кезінде жүргізіледі:

- Топырақтың гранулометриялық құрамын және біртектілігін бақылау;

- Дайын қоспаның және топырақты тығыздар алдында топырақ ылғалдылығы тексеріледі;

- Күлдің және золоминеральді қоспаның қажеттілігі, үгітілген әк байланыспайтын топырақтарға қоспа ретінде пайдалануы қоспа бөлшегі 0,071 мм майда (60% кіші) және 2 мм ірі (5% үлкен). Байланысқан топырақтарда золоминеральді қоспаның ірі фракциялары қолданылуы мүмкін. Шағыл тастан негіз бен жамылғыны салу кезінде бастапқы бақылауда сығылу кезіндегі беріктігі, шаңды-сазды бөлшектерінің құрамы, аязға төзімділік маркасы Қазахстан территориясы бойынша МРЗ 25 төмен болмауы керек. (кезектесе қатуы мен еру циклі) Эмульсияны ГОСТ 18659-81 бойынша бақылайды. Эмульсияның сапасын жоғарылату үшін физико-механикалық активизация тәсілін, активті заттар мен полимерлерді қолдану керек. Минеральді ұнтақты алдын-ала қыздырмай тұрып та қолдануға рұқсат етіледі.

- Құжаттардың болуы мен зауыдтан тасымалдаушыдан келіп түскен барлық материалдың сапа сертификатының болуы керек және міндетті.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1132 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...