Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ИСО-9000 программасын енгізу. Сапаны көтерудiң экономикалық тиiмдiлiгi



ИСО-9000-(интернациональная стандартная организация) өмір сүрудің барлық сферасының халықаралық мағынадағы стандарты.

Халықаралық стандартты өмір сүрудің барлық сферасына енгізбей тұрып, соның ішінде автомобиль жол құрылыстарына жол өнеркәсібінің дамуының төрт стадиясын көрсеткен:

I-стадия өндірістің дамуы. 1913 жыл өнеркәсіп саласында қандай өзгерістер жүріп жатыр. (бұрынғы СССР) сапа туралы түсінік жоқ, нарық дамымаған, жұмысшы квалификациясы төмен.

II-стадия. Сату стадиясын сипаттайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, бәсекелестік төмен, сұраныс жоғары, еңбек құны төмен.

III-стадия - 70-жылдар ішінде өнеркәсіп мәдениет революциясын бастан кешіруде, бәсекелестік жоғары және тез өсіп өрши түсуде. 80-жылдар пайда табу көзі төмендейді.

IV-стадия - қазіргі кез, қазір біз қандай этапта тұрмыз.

Пайда көзінің төмендеуі, бәсекелестік жоғары әрі тез өсіп өрши түсуде, жұмысшылардың мамандандырылулары тұрақты. Қазахстан шетел капиталдарын салу үшін ыңғайлы болды. Жол-құрылыс жұмыстарының сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келуі-саланың ең маңызды есебіне айналуда.

Бәсекелестікті жеңу үшін-сапаны бақылаудың екі түрі кешенді көрсеткіштерді енгізеді.

↓ ↓

Өнім үшін нарық мақсатын Барлық стадияда сапаны

анықтау. қамтамасыз ету

Өнеркәсіп тұтынушының сеніміне кіруге тырысады ол үшін сенімділікпен қызмет ету, баға мен сапаның қарым қатынасы.

Стандарттардың негізгі мақсаты барлық стадияда берілген шарттар бойынша ауытқулардың болуын ескерту.

TQM (Total Qvality Management)– енгізу уақытыда жетті.

TQM-бұл өнеркәсіп басшыларына жақындастыру(подход), сапаны көтеруге-барлық құрам мүшелерінің қатысуы. Жетістіктерге жету тұтынушы сұранысын қанағаттандыру және осы атқарылған жұмыстарынан ұжым мүшелері де қанағаттану.

Сапаны басқару-бұл өнеркәсіп саласында оперативтік сараптауда қызмет түрлерімен тәсілдері.

ИСО-9000 халықаралық мағынадағы стандарттың екі негізгі мақсаты бар:

- өндірісте өңдеу мен өндіруде пособие ретінде қызмет етеді (ИСО-9004)

- сапаны басқару құрылымының бағалау моделін құрайды (ИСО-9001-9003)

ИСО-9001-сапа қызметі. Жобалау мен салуда сапаны қамтамасыз ету моделі

ИСО-9002-өндірісте және құрылыста тасымалдаушының сапа қызметі

ИСО-9003-бұл тұрақты бақылауда сапаны қамтамасыз ететін сапа қызметі.

Стандарттың негізгі мақсаты-жобалаудан бастап пайдалануға дейін стадияның барлық түрінде берілген талаптардың ауытқуларын ескертуіне септігін тигізу.

Халықаралық стандарттарды сәтті енгізуіміз үшін келесі қадамдарды қабылдауымыз керек:

Қадам 1. Нарықтың негізгі құрамымен танысу (немесе өндірістің негізгі процесстерімен) және олардың тізімін құру;

Қадам 2. Құрылған тізімге қарап, Сіздің бизнесіңіз үшін қандай-да бір талаптар қолданыла ма, болған жағдайда Сіз сапа жетекшісімен осы талаптарды негіздеуіңіз керек

Қадам 3. Құрылымға қатысатын жұмысшыларды анықтау және олардың міндеттерін жазбаша көрсету.

Қадам 4. Осы міндеттемелерді бұрын келтірілген бизнестің негізгі құрамының тізімімен сәйкестендіруіңіз керек

Қадам 5. Бизнестің негізгі құрамы мен стандарт арасында қиылысуын келтіруіңіз керек.

Қадам 6. Стандартты қабылдаңыз және сапа менеджментінің құрамына енгізіңіз.

Қадам 7. Сапа менеджментінің құрамының жеңіл және функциональді болуын немесе Сіздің бизнесіңіздің бөлімдерімен сәйкес келуін қамтамасыз етіңіз

Қадам 8. Тараулар бойынша сапа менеджментінің құрылғыларының кері байланысына түсіп жатқан ақпараттармен танысыңыз, оның идеологиясын жетілдіру үшін.

Қадам 9. Мониторингті жүзеге асырыңыз және өзгертілген шешімдердің қорытындысын өлшеу, яғни осы өлшеулердің қандай пайда әкелгенін анықтау үшін.



Дүниежүзілік стандартты табысты енгізу үшін сапа менеджментінің негізгі 8 принципіне жүгінуіміз қажет:

П1. «Өндіріс тұтынушыға бағытталған» өнеркәсіп заказ берушіден байланысты. Сонымен қатар істелініп жатқан және болашақтағы сұраныстарды салыстырып оларды тыңдауға тырысады. Олардың шарттарын орындайды. Сұраныс, өнім сапасын, жеткізу режимі, құны және т.б. жан-жақты сұранысты қамтамасыз ету. Тендерден жеңіп алғаннан кейін барлық персоналға тендер шарттарын таныстыру. Заказ беруші мен тасымалдаушының қарым қатынасын қанағаттандыру.

П2. «Басқарушы ролі» Басқарушылар өндіріс пен басқаруды бір мақсатқа қояды. Олар осыған жағдай жасау керек. Жұмысшылар толығымен қызығушылықта болуы, берілген жобаға жұмысшылардың сенімділікпен қарап жұмыс істеуі керек және соған жағдай жасалуы керек. Жұмысшыларды мамандандыруға оқыту.

П3. «Барлық жұмысшыларды жұмылдыру» Адам факторының ескерілуі. Жұмысшылардың істелінген жұмысынан қанағат алуы. Өзінің өнеркәсібі үшін сенімділікпен қарайды.

П4. «Акцент на процессы» керекті қорытынды алу жөнінде анақтама алу (қатер (риск) бағамы, нақты шарттарды қою, техникалық процестердің барлық стадияларында өкілетті жауапкершілікте.

П5. «Менеджмент жақындау жүйесі» өлшеулер мен бағалаудың тұрақты жақсарулардың нәтижесіне жету, жағдайлар мен ресурстарды анықтау, содан кейін барып шешім қабылдау.

П6. «Үздіксіз жақсару» өнеркәсіптің тұрақты да үздіксіз мақсаты болуы керек. Бұл принцип шарты-жұмысшылардың сұраныстарын жүйелеу, өнім сапасын тұрақты жақсарту, процестермен жүйелердің бірігуі, традициялық емес шешімдерді қолдану, потенциалдық жақсару саласында критерияларды анықтау. Барлық процестердің тиімділігінің жоғарылауы тұрақты. Әрбір жұмысшыны тұрақты жақсару циклі бойынша Деминг тәсілі мен жүйелеріне оқыту. Кедергілерді шешу анализдері және т.б. жақсартуды жүргізудің мақсатын анықтау, жақсаруды мойындау.

П7. «Фактілер әсерінен шешім қабылдау тәсілі» Бұл принципті қолдануда есепке қатысы бар берілулер мен ақпараттарды жинау. Ақпараттардың дәл және сенімділігін қамтамасыз ету.

П8. «Тасымалдаушымен тиімді қатынаста» Өнеркәсіп пен тасымалдаушы бір бірімен байланысты. Бір-бірімен қатынастары арқасында құндылықты құру қабілетінің ұлғаюы. Бұл принцип шарты-негізгі тасымалдаушының идентификациясы

- баланс мақсатының негізінде тасымалдаушы мен қатынасты бекіту

- тұтынушы сұранысын нақты түсінушілікте бірігіп жұмыс істеу

- өндіріс ашық та нақты қатынаста

- өнім сапасын жақсартуда біріккен өңдеулерді болдырмау

- болашақта ақпараттар мен жетістіктермен алмасу

- тасымалдаушының жақсаруы мен жетістіктерін мойындау.

Осы принциптерді сақтау, және практика жүзінде жүзеге асыру өндірістік күшті талап етеді, бірақта бәсекелестіктің өсуі барлық шығындарды өтейді. Көптеген өндіріс орындары өздеріне сапа менеджментінің құрылымының құрылуын мойындайды және ИСО-9000 шарттарына сәйкес сертификацияларды жүргізеді:

Біріншіден-заказ беруші тек сол тасымалдаушыны қалайды, егер оның сапа құрылымын сертификаттау нормаларға сәйкестендірілсе.

Екіншіден-бұл жақсы жарнама, бәсекелестікте өздерінің жақсы нәтижелерін көрсетулерін қамтамасыз етеді.

Үшіншіден-құрылым «жасырын өндірісте» максимальді қысқартулардан пайда әкеледі.

Төртіншіден-сертификатталған сапа құрылымының болуы, сақтандыру компанияларымен шартқа отырған кезде аргумент болып саналады

Өндірістерде ИСО 9001: 2000 енгізудің артықшылығы:

* саланы бақылайтын құжатталған құрылғымен қамтамасыз;

* процедуралардың жазылуы, тұтастай өкілеттілігін анықтайтын, жауапкершілікті, өзара қатынасын және мамандықтарын меңгеруін;

* тұтынушының қанағаттануынан нарықта өнеркәсіптің дәрежесінің деңгейінің жоғарылауы;

* сәйкессіздікті анықтауға мүмкіндік беретін, оларды басқару мен кері қатынасты шешетін құрылғымен қамтамасыз ету;

* қорытымды және тиімді шығындарды ұсыну;

* қызметкерлер мотивациясы;

* қызметкерлерді оқытуда қажеттілікті қамтамасыз ету саласына енгізілетін өзгертулерді бақылау;

* жауапкершілікті сапа саласында алға ұмтылу мен сапаны тұрақты жақсарту арқылы жарнамалау;

* ұйымда ақпараттау құрылымының жақсаруы;

* сапа менеджмент құрылымының тиімділігі мен деңгейін растайтын ақпараттың болуы;

* жаңа қабылданған жұмысшыларды таныстыратын кіріспе ақпараттардың болуы

Қазахстан Республикасының аумағында материалдарды сынау мен техникалық жағдайларын сипаттайтын стандарттар: республикалық гармонизирленген, мемлекет аралық және AASHTO (егер объектіні Дүниежүзілік даму банкі қаржыландырса) қолданыста.

Инженерлік шешімдердің технико-экономикалық көрсеткіштері олардың экономикалық тиімділігіне ықпал етеді. Пайдалану көрсеткіші: қозғалыс қауіпсіздігін, жолдың инженерлік қондырғылары, қажетті қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз ету, жол жамылғысының беріктігі, тегістік пен жамылғының ілігісу сапасына ықпал етеді. Өнім сапасын жоғарылату соңғы түрде тура экономикалық нәтиже береді және ол социальді нәтижеге әкеледі. Бірақта технологиялық процессте қажетті сапаны қамтамасыз ету белгілі бір шығынға әкеліп соғады. Талаптарды жоғарылатқан сайын бұл шығындар да өсе түседі. Жаңа деңгейге өтудің экономикалық нәтижесі мына формуламен есептелінеді.

F=C1-C2-EH(DK2л)+(Э12)

C1-C2-соңғы өнiмнiң өзiндiк құны

EH-капитал салудың нормативтiк коэф-тi

Фл-негiзгi қордың бағасы

Э12-ескi нормативтiк деңгейдегi жолдың пайдалану шығыны.

Сапаны көтеру тiкелей үнемдiлiк беру керек

F>0

Ақаудан жоғалауы формуламен берiледi

Fб=a+P-L+N

a-өнiмнiң ақауының өзiндiк құны

Р – қымбаттаудың өзiндiк құны

L – таратушы баға

N – уақытынан ұстаудан тапсырыс берушiнiң жоғалтуы

Ақау бағаланып және оған сәйкес санкциялар қолданылады. Францияда ц/б жамылғысының берiктiгi 15-20% төмендегенде төмендi 20%-ға төмендетедi. 25% төмендегенде айлық ақшаны 50% төлеймейдi.

Кейбiр дефектердi техникалық жағынаң жасау мүмкiн болса, жоғалуын келесi формуламен анықтайды:

Fисп=U+N





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1280 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...