Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жол құрылысында геодезиялық бақылау сапасы



Геодезиялық бөлулердің негізін құруды заказ берушінің геодезиялық қызметі жүргізеді. Тұрғылықты жерде геодезиялық бөлулерге жататындар:

а) белгілер, бұрылу бұрыштарының төбесін бекіту және айналудың басты нүктелері, сонымен қатар түзу аймақтардағы жолдың осі жиі емес әр 1 км;

б) жол трассасының бойындағы реперлер (жиі емес әр 2 км)

Осы белгілер арнайы ведомостарда тіркеледі. Көпір, құбыр және де басқа қондырғылар үшін геодезияның негізі ҚНмЕ «Мосты и трубы» сәйкес құрылады.

Геодезиялық қызмет жол құрылысында, құрылыстың барлық стадиясында жобалаудан бастап объектіні пайдалануға дейінгі геодезиялық жұмыстардың орындалуының сапасын бақылайды. Қызмет құрамы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлеміне байланысты. Геодезиялық қызмет қосымша бақылау қондырғыларын жүйелеуге қатысады. (мысалы: откосниктер, асфальт төсегіштегі плиткалар және де басқа жабық қондырғыларда).

Геодезиялық бөлулердің бөлшектену негізінің құрамына енетіндер:

- Геодезиялық негіздің барлық белгілерін жол жиегінің шекарасынан ары шығару;

- Пикеттерді бөлу мен плюстік нүктелерді жол жиегінің шекарасынан ары шығару;

- үйінді > 3м қосымша реперлерді қондыру, ойық тереңдігі > 3 м, жасанды қондырғыларда, ғимараттарда және т.б. қиылысу жерлерде аралық реперлерді қондыру;

- қисықтар мен өтпелі қисықтарды бөліп шығару және аралық нүктелерге бекіту;

- жол-құрылыс машиналарының жұмысын геодезиялық басқару;

- орындалған жұмыстарды геодезиялық бақылау;

- планда жол төсемесінің орналасуын бақылау(таңдау өлшеулермен)

- нивелирленген жолдың ұзына бойлық профилі;

- көлденең профилі (көлденең қиманы нивелирлеумен);

- жер төсемесі мен жүру бөлігінің ені;

- суағарлардың еңістігі мен пішіндері, құлама беткейлері;

- жамылғы тегістігі;

- пландағы және ұзына бойлық профильдегі биіктік белгілер;

- қисықтарды бөлудің орындалу дәлдігі;

- жол осінің бекітілу дәлдігі.

Қондырғылардың формасы мен пішіндерінің ауытқуларын, жол элементтерінің салыну дәлдіктерін анықтау үшін, орындалатын геодезиялық түсірім аяқтау стадиясында орындалады. Геодезиялық бөлу жұмыстардың СН и П III – 40 – 78 бойынша тексеріледі.

Жол жобасын жерге орналастыруда жіберілетін ауытқулар 1 кестеде келтірілген мәндерден аспауы керек.

4.1 кесте

№ п/п Көрсеткіш атаулары Жіберілетін ауытқулар мөлшері
  өлшенген горизонтальді бұрыштардың жүрісіндегі п кезіндегі өлшенетін бұрыштар, қосындысындағы келтіру мин…
  Жобалақ материал бойынша трасса ұзындығы мен трассаны жерге шығару кезіндегі арасындағы қатысты ауытқулар. -жазық жерде - таулы жерде     1/1000 1/500
  Аумақ ұзындығындағы нивелир жүрісінің келтіруі (км), мм

Орындалатын түсіріс бір данада орындалады және жұмыс атқарушы жұмысын тапсырған кезде заказ берушіге табыстайды..





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1663 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...