Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауға қажетті бақылау құралдары



КП-158 жиекті тегістеуге арналған қондырғы

А рналуы:

Асфальтбетон жамылғысында жиекті кесу, бетонды жамылғыларда жарықтарды кесу.

Қысқаша сипаттама:

Қондырғы дөңгелек үстіне орналасқан мотоблоктан оның ішінде:

· Іштен жану двигателі;

· Қондырғының жұмыс бөлігінің кожухпен жабылған белбеулі жетекшісі (привод);

· Белбеуді тартқыш қондырғы;

· Кожухті кескіш дискі;

· кранмен немесе түтікшемен жабдықталған суға толтырылған канистра, кесу аймағына кескіш дискіні салқындату үшін арналған;

· жанармай бачогі;

· оператордың бойына қарай реттелетін басқару немесе тасымалдау тұтқасы.

Тұтқаның оң жағында іштен жану двигателінің басқару рычагі орналасқан. Қондырғы отандық және шетелде шығарылған двигателдермен жинақтала береді. Жұмыс кезінде кескіш дисктен ұшатын шағыл тастардың лақтырылуынан операторды қорғау үшін сушашқышы бар кронштейн орналасқан. Кесу тереңдігін оператор анықтайды және кескіш дисктің оң жағында орналасқан тіректі роликтің көмегімен алдын-ала бекітіледі.

Қондырғы автомобиль жолдарының асфальтбетон жамылғысында шұңқырларды жөндеу кезінде тиімді.

Техникалық сипаттамасы:

· биіктігі 920 мм;

· ұзындығы 1200 мм;

· ені 200 мм;

· колен валдың айналу жиілігі кезіндегі қуаты 5200 ай/мин 2.94 кВт;

· номинальді қуат кезінде жанармай шығыны 720 г/кВт с.;

· максимальді кесу тереңдігі 80 мм;

· салмағы 35 кг.

РДТ-105 қолмен жарықтарды кесу машинасы

Автомобиль жолдарында, тротуарлар, асфальтобетонды жамылғыдаға алаңдар да жарықтарды кесуге арналған машина.

ФГУП СНПЦ "Росдортех" біріккен НТП "Волга-техника" СГТУ жалпыға пайдалануда автомобиль жолдарын күту мен жөндеу жұмыстары кезінде еңбек шығынын азайтуға мүмкіндік беретін жоғарғы тиімділікті машина моделін өңдеп шығарды. Оператор жарықтарды кесу кезінде өзіне қарай және өзінен ары қарай қозғалыста жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Дисктердің жиынтығының арқасында кесілетін жарықты әр түрлі пішінде жүзеге асыруға болады.

Жарықтарды кесуге арналған машинаның конструкциясы қозғалмайтын және қозғалатын бір бірімен шарнирмен бекітілген рамадан тұрады. Қозғалмалы рамада іштен жану двигателі орналасқан, клин белбеулі берілуден кейін дискті алмазды фреза немесе фрездер жиынтығы айналым ала алады. Кесу тереңдігі винт-гайкамен келтіріледі.

Алмазды фрезаның айналу өсі екі жағынан төменгі қозғалмайтын рамада бекітілген 2-і айналмалы дөңгелек өсіне сәйкес келеді.

Жарықтарды кесу кезінде машинаның беріктігін қамтамасыз ету үшін төменгі раманың бұрыштарына төрт флюгерлі сақина орнатылады.

Машинаның конструкциясында шаңды болдырмау үшін шаң сорғыш қарастырылған (шөгу камерасының циклоны) кесу өнімін шаң жинағышқа әкету.

Техникалық сипаттамасы:

· кесуші жұмыс бөлігі - алмазды диск немесе дисктер жиынтығы 230 мм дейін;

· жарықтарды фрезирлеудің максимальді тереңдігі 60 мм;

· фрезирлеудің максимальді ені 20 мм;

· қолмен-фрезирлеудің тереңдігін бекіту;

· двигатель(бензинді)
пуск-электростартер;
қуаты 6-8 кВт;

· двигателдің айналым саны 3600 об/мин;

· алмазды фрезаның айналым саны, кем дегенде 10000 ай/мин;

· шаң сору қондырғысы – шөгу камерасының циклоны.

Виброплита ВП-3

Арналуы:

Жер төсемесі мен жол жамылғысының конструктивті қабаттарын тығыздау.

Қысқаша сипаттамасы:

Виброплитаның жұмыс істеу принципі қондырмалы вибратордың үлкен айналымдағы ортадан тепкіш күшінің тығыздалатын материалға әсер ету негізінде құрылған.

Вибратордың жетекшісі ретінде бір цилиндрлі екітактілі бензинді двигатель "Дружба-4" айналмалы моменттің клинбелбеудің берілісі арқылы беріледі. Двигательдің виброизоляциясы мен оның орналасу схемасы сенімді де ұзақ жұмыс істеуіне кепілдік береді. Жанармай багі үздіксіз 2 сағат жұмыс істеуге арналған.

Араластыру жылдамдығы еңістік пен тығыздалатын материалға байланысты 5-30 м/мин құрайды.

Виброплитаны басқару қолтұтқаман жүзеге асады. Тасымалдау кезінде виброплитаның көлемдік пішінін азайту үшін қолтұтқа жинақталады.

Жеңіл басқару, өздігінен алға қарай жылжуы, сонымен қатар виброплитаның толық автономды болуы шұңқырларды жөндеу мен қиын жасалатын жерлерде қолдану кезінде тиімді.

Техникалық сипаттамасы:

Араластыру жылдамдығы еңістік пен тығыздалатын материалға байланысты 5-30 м/мин;

· антивибрацилық қолтұтқаман басқару;

· оператордың көмегінсіз өздігінен жеңіл орналасуы;

· бензинді двигатель, 3 кВт;

· салмағы 70 кг.

Клині бар 3-метрлі универсальді рейка

Арналуы:

Рейка тегістікті, жол негізі мен жамылғысының көлденең және ұзына бойлық еңістіктерін, поперечных и продольных уклонов дорожных оснований и покрытий, жер төсемесінің жиегі мен бетін, сонымен қатар жер төсемесінің құлама коэффициентін анықтауға арналған.

Қысқаша сипаттамасы:

Еңістікті өлшеуі деңгей ішіндегі ауашықты нолдік деңгейге келтіріп өлшегіш шкаладан көрсеткішін ГОСТ 11196-74 бойынша алу. Жамылғы бетінің тегіссіздігі өлшеу штангі астындағы саңылаулардың сатылы клин-өлшегіштің көмегімен ГОСТ 30412-96 сәйкестендіріліп жүргізіледі. Жер төсемесінің құлама коэффициентін анықтау өздігінен құрылатын эклиметр шкаласының көмегімен жүзеге асады.

Үш модификацисы шығарылады:

· жиналмалы қапшығы бар КП-231 (7,6 кг);

· жеңілдетілген жиналмалы қапшығы бар КП-231-02 (5 кг);

· жиналмайтын КП-231-01 (6,5 кг).

Техникалық сипаттамасы:

· жұмыс жағдайындағы ұзындығы 3 (+/- 0,01) м;

· тіректі полкасының ені 50 мм;

· ұзына бойлық және көлденең еңістіктерді өлшеуі -57...+120 %;

· құлама коэффициенттерін өлшеуі 0-1:1;

· тегіссіздіктерді өлшеуі (рейка астындағы саңылау) жол жамылғысында 0-16 мм.

Толқындарды өлшейтін 2-метрлі рейка КП-231-01

Арналуы:

Толқындарды өлшегіш жол жамылғысының ұзына бойлық ақауларынын өлшеуге арналған.

Қысқаша сипаттамасы:

Толқындарды өлшегішті пайдалану қоршаған орта температурасы -15 до + 40 град.С ашық ауа кеңістігінде рұқсат етіледі.

Техникалық сипаттамасы:

· жұмыс жағдайындағы габариттік пішіні, кем дегенде 2005х52х180 мм;

· салмағы, кем дегенде 15 кг;

· рейканың төменгі беті мен жол жамылғысының арасының өлшеу шегі 0...250 мм;

· арақашықтықты өлшеудегі жіберілетін абсалютті қателік шегі (саңылау) (+/- 2) мм;

· рейканың (жұмыс) төменгі бетінің жіберілетін жазықтығы 0.4 мм.

КП-232 автомобиль жолдарында геометриялық параметрлерін бақылауға арналаған қондырғы

Арналуы:

Қондырғы тегістікті бақылауға, пландағы қисықтардың радиусын анықтауға, жол негізі мен жамылғысының көлденең және ұзына бойлық еңістіктерін өлшеуге, жер төсемесі мен жиегін өлшеуге сонымен қатар жер төсемесінің құлама коэффициентін анықтауға арналған.

Қысқаша сипаттамасы:

Пайдаланудағы ыңғайлылығы.

Тасымалдау мен сақтау кезінде жинақтылығы.

өлшегіш қондырғыларды кешенді түрде немесе бөлек пайдалануға мүмкіндік береді.

Оңай жинақталуы.

Техникалық сипаттамасы:

автомобиль жолдарының жамылғысының ұзына бойлық және көлденең еңістіктерін өлшеу (-57..+120 0/00);

үйіндінің жер төсемесінің құлама коэффициентін өлшеуі (0..1:1);

жол жамылғысындағы тегістікті өлшеуі (рейка астындағы саңылау) (от 0 до 16 мм);

арақашықтықты өлшеу (от 0 до 999.9 м);

салмағы 20 кг.

КП-150

универсальді динамикалық тығыздағыш

Арналуы:

Динамикалық тығыздағыш жер төсемесінің, құмдақ және майда түйіршікті асфальтбетон жамылғысының тығыздалу сапасын бақылауға арналған.

Қысқаша сипаттамасы:

Тығыздалу коэффициенті шартты динамикалық кедергі графигі бойынша, стандартты жүктің стандартты биіктіктен лақтырылу санының қайталануына байланысты, сыналатын қабатқа аспап ұшының қажетті деңгейге дейінгі енуі арқылы анықталады. Аспап ұшының енуінің көрсеткіші аспаптағы затвордың тырс етіп жабылуымен автоматты түрде бақыланады. Құмдақ асфальтбетон тығыздығы СНиП 3.06.03-85 сәйкес жамылғы төселгеннен 1-3 тәулік өткеннен кейін бақыланады.

Аспап жинағына футляр, қосымша ұштар, құжат және пайдалану ережесі кіреді.

Техникалық сипаттамасы:

көшпелі (переносной) - түрі;

жүктің бетінен бақылау тереңдігі 20-30 см;

стандартты жүктің салмағы 2,50 (+/-0,05) кг;

жүктің лақтырылу биіктігі 300 (+/-3,0) мм;

ұштарының бұрышы 30 (+/-1); 36 (+/-1); 60 (+/-1); град;

аспаптың габаритті пішіні 860х200х60 мм.

ПГ-7 топырақ тығыздығын өлшейтін аспаптар жиынтығы

ПГ-7 аспаптар жиынтығы құрылыста және автомобиль жолын қайта салуда қолданылатын құмды-шағыл тасты қоспа, құмды-қиыршық тасты қоспа, топырақтардың тығыздығын анықтауға арналған.

Техникалық сипаттамасы:

габаритті пішіні футлярсыз, 350х350х800 мм көп емес;

габаритті пішіні футлярмен, 400х400х900 мм көп емес;

жиынтықтың футлярсыз салмағы, 13 кг көп емес;

жиынтықтың футлярмен бірге салмағы, 25 кг көп емес;

орташа қызмет ету мерзімі (қосымша ауыстыратын қаптамалардың қызмет ету мерзімін қоспағанда), 5 жылдан кем емес;

Метрологиялық сипаттамасы:
көлемді өлшеу шегі, 3000:7000 см3;
көлемді өлшеу кезіндегі жіберілетін нақты ауытқулар шегі 5 % көп емес;

Көлем өлшегіштің шкаласының бір бөлігі 1 мм;

Сыналатын материалдың салмағының өлшеу шегі 0,1:10 кг.

ПД-2.5 ұзын базалы прогибомер

Арналуы:

Жол жамылғысын ВСН 52-89 бойынша статикалық жүктеу тәсілімен сынау кезінде байқалатын иілуіді өлшеуге арналған.

Техникалық сипаттамасы:

Габаритті пішіні - 3810х205х165 мм көп емес;

салмағы - 17 кг көп емес.

Метрологиялық сипаттамасы:

иілуді өлшеу шегі 0 ден 3 мм;

иілуді көрсету шегі 0 ден 20 мм;

иілуді өлшеу кезінде жіберілетін абсалютті ауытқу шегі (+\-) 0,02 мм.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1263 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...