Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды ұйымдастыру



ҚР жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау құрылымының структурасы 1 суретте келтірілген.



Сурет 1. ҚР ЖҚМ сапасын бақылау структурасы

Құқылық және ұйымдастыру-әдістемелік негізі аяқталған объектілер мен жұмыстарды қабылдау сәулет жөніндегі, қалашық құрылысы мен Қазахстан республикасының құрылыс саласының заңы болып саналады, толық түсініктеме ПР РК 218-35-04 бекітілген және келісілген жобалық құжаттар мен нормативтік құжаттар инженерлік қондырғылар мен қолданылған материалдарға сәйкес, сонымен қатар шарт талаптарына сәйкес.

Бақылаудың барлық стадиясындағы ақаулар подрядчиктің немесе субподрядчиктің қорынан жасалады, бұл жөнінде заказ беруші мен оны орындаушы (подрядчик) келісім шарттарында келтірілген. Құрылыстың сапасын бақылауда кешенді жұмыстардың орындалуы үшін атқарушы сапа жұмысының қызметін ұйымдастырады, немесе тәуелді яғни мемлекеттік лицензиясы бар, аттестациядан өткен және зертханалық қондырғылары сынақтан өткен зертханалармен шартқа отырады. Атқарушының сапа қызметі өзінің жұмыс барысында нағыз инструкция ПР РК 218-35-04, қызметтік инструкциясы, СНиП, ГОСТ, ТУ, СТ РК ИСО 9001, жобалы-сметалы құжаттар және т.б. нормативті құжаттармен жұмыс істейді.

Атқарушының сапа қызметінің негізгі міндеті:

- құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру (бастапқы және операциялық бақылауларды қосқанда);

- стандарттарға сәйкес материалдарға, бұйымдар мен конструкцияларға сынақтар жүргізу;

- технологиялық пәндердің сақталуын бақылау, ақаулардың болуын анықтау және олардың жойылуын бақылау;

- құрылыс жұмыстарының аспаптық бақылауы;

- өндірістік және орындалушы құжаттарды енгізудің нақтылығын бақылау;

- орындалған жұмыстарды қабылдауда комиссия жұмыстарына қатысу, кепілдік мерзімі кезіндегі ақаулардың пайда болу себебін анықтауда сұрыптамаға қатысу;

- қажет болған жағдайда материал мен бұйымдарды тасымалдаушыға наразылық арыз жазу.

Бастапқы бақылау кезінде атқарушының сапаны бақылау қызметі келіп түскен барлық материалдардын әр бөлігін тексереді, қоймаға жинау стадиясы мен объектіге жеткізу стадиясында.

Жол-құрылыс материалдарының әр бөлігі нақты объекті үшін жарамды деген аттестациядан өтуі керек, осы жөнінде зертханалық бақылау журналы мен зертханалық қорытындылауда жазылуы керек.

Жұмыс сапасын бастапқы бақылаудың орындалуы кезінде қажетті журналдар тізімдемесі:

- тас материалдарының физико-механикалық қасиетін сынау журналы;

- органикалық тұтқырғыштарды сынау журналы;

- түрлі қоспаларда құрамын таңдау журналы;

- цементті сынау журналы;

- түрлі қоспа дайындауда қажетті материалдарды сынау журналы (судың химиялық анализін қосқанда);

- цемент бетон және т.б. қоспаларды таңдау мен сынау, сынақты үлгілер журналы;

- келіп түскен темір бетон материалдары мен конструкциялардың сынау журналы.

өнім сапасының қасиетін өлшеу үшін аспапты, органолептикалық және аралас тәсіл қолданылады. Аспапты тәсіл өнім қасиетінің көрсеткіштерінің бағалауда аспаптарды қолдану негізінде құралған. Олардың ғылыми базасы бар және жобалау кезінде, өндірісте және қолданылуда кеңінен пайдаланылады.

Органолептикалық тәсіл адамдардың сезу анализі негізінде құралған. Бұл тәсілдер өнім қасиетін өлшеу кезінде аспаптардың көмегімен өлшеуге келмейтін (топырақтардың біртектілігі, жобаның эстетикасын). Кез келген органолептикалық тәсіл субъективті болып келеді, осы кезге дейін кең көлемде дамыған ғылыми базасы бар.

Аралас тәсіл аспапты және органолептикалық тәсілдердің қосылуы. Тәсілдің теория жүзінде ашылмаған, бірақ практикада кеңінен қолданылады. өнімнің сапа көрсеткішінің мәндері қолданылған құрамына қарай әртүрлі тәсілмен анықталады:

- экспериментальді, техникалық өлшегіш құралдармен жүзеге асады немесе болып жатқан шаралар мен объектілерді санау жолымен;

- есептік, басқа тәсілдермен анықталған өнім параметрлерінің мәндерін есептеу арқылы;

- органолептикалық, өлшегіш құралдардың көмегінсіз, сезім мүшелерінің қабылдау негізінде;

- социологиялық, пайдаланушылардың ойларын жинау мен қорытындылау негізінде;

- сұрыптық, маман-сұрыпшылардың ойларын ескеретін.

Сапаны қамтамасыз етудің құрылымының ұйымдастыру структурасы екі деңгейде келтірілген: мемлекеттік және ведомстволық бақылау.

Мемлекеттік бақылау - бұл мемлекеттік басшылық жағынан сапаны бақылау құрылымы, жол-құрылыс өндіріс саласында бақылауды жүзеге асырады (сәулет-құрылыс инспекциясы, Мемстандарт және т.б.).

Ведомстволық бақылау деңгейінде техникалық және өндірістік бақылау жүзеге асады.

Өндірістік бақылау – бұл жұмысты өндірушінің өзіндік бақылауының құрылымы, өндіріс жұмыстары кезінде технологиялық процесстің міндетті элементі болып саналады. Өндірістік бақылауға бастапқы, операциялық және қабылдау бақылауларының формасы қосылады.


Сурет 2. Өндірістік бақылаудың структурасы

Ескерту: өндірістік бақылауда бастапқы, операциялық және қабылдау бақылаулары жүзеге асады.

Бастапқы – бұл бақылау тасымалдаушыдан келген өнімдер, соның ішінде жол-құрылыс материалдары, бұйымдар, жартылай дайындалған бұйымдар, жасанды қондырғыларды монтаждауға қажетті темір бетон конструкциялары, сонымен қатар экологиялық және мемлекеттік сұрыптаудан міндетті түрде өтетін жобалы-сметалы құжаттарды тексеру.

Операциялық – бұл бақылау өндіріс жұмыстары кезінде және одан кейін де орындалатын технологиялық процесстер.

Қабылдау бақылауы – бұл бақылау, аяқталған жолдың (қондырғы) конструктивті элементтерін бөлек қабылдау немесе бөлек аяқталған жұмыстар, соның ішінде субподрядті ұйымдармен орындалған жабық жұмыстар мен конструктивті элементтер, сонымен қатар аяқталған құрылыс және жөнделген объектілер.

өндірістік бақылаудың мақсаты ақауларды ескерту, оларды уақтылы анықтау және ақауларды түзету, технологиялық пәндерді жоғарылату мен орындаушылардың өзіндік міндеттілігін барлық деңгейде көрсету.

өндірістік бақылау келесі стадияларға бөлінеді:

- жабық жұмыстарды қабылдау;

- аяқталған жұмыс пен аяқталған конструктивті элементтерді аралық қабылдау;

- толығымен тұрғызылған, күрделі жөндеуден өткен және жөнделген жолдарды қабылдау.

Техникалық надзор – бұл қызығушылық танытқан ұйымдардың қызметімен орындалған таңдау бақылауы. Ол бөлінеді:

- заказ берушінің қызметінің бақылауы;

- жобалық ұйымдарының өкілдік авторлық бақылаулар;

- тәуелді инспекциялық бақылау өкілдері.

Операциялық бақылау кезінде жұмыс атқарушының сапа қызметі технологиялық процесстердің орындалуын, бөлек операциялардың дұрыс орындалуын бақылайды. Операциялық бақылаудың қорытындысы болып сапа көрсеткіштері жөнінде ақпараттар, осының негізінде ақауларды ескерту мен оларды жоюды шаралары өңделіп жүзеге асады. Операциялық бақылау жұмыс атқарушының сапа қызметімен орындалады соның ішінде жұмыс өндірушілері (бригадирлер, мастерлер, прорабтар).

Жұмыс сапасын операциялық бақылау кезінде қажетті журналдар тізімі:

- жер төсемесін тығыздау және топырақ сапалығын сипаттайтын бақылау журналы;

- түрлі қоспалардың үлгісін сынау және құрамын анықтау журналы;

- асфальтобетон қоспаларын жаю журналы;

- жол жамылғыларының конструктивті қабаттарын тығыздау журналы;

- жол жамылғысының конструктивті қабаттарының шабындыларын сынау журналы;

- өндіріс жұмыстарының журналы;

- түскен техникалық құжаттар журналы;

- жұмыстарды жүргізу сапасы жөнінде ескертулер мен ұсыныстар журналы;

- инженердің, авторлық надзордың қызметтерінің инспекциялық бақылау мен қолданылған шаралар жөнінде берілген алданала жазылу журналы.

Жұмыс атқарушының сапа қызметі келесі функцияларды орындайды:

- жоба талаптары мен нормативтік құжаттар бұзылған жағдайда ары қарай өндіріс жұмыстарын жүргізуге рұқсат бермейді және жауапты адамдарға ақауларды жоюға және жұмыстың орындалу ережелерінің бұзылғандығы жөнінде хат жазылып талаптардың орындалуы сұралады, бұл талап хат тек басшының жазбаша бұйрығымен ғана өзгертілуі мүмкін;

- қажет болған жағдайда қайта сұрыптау жүргізілуін талап етеді;

- сапалы жұмыстары жөнінде ұжымды, бөлек жұмысшыларды марапаттау жөнінде басшыларға ұсыныс беріледі;

- жұмыстың төмен сапалығына қатысты бөлек жауапты адамдарды, ұжымды жауапкершілікке алынуы жөнінде ұсыныстар беріледі;

- құрылыс ұйымдарының қорытындылау жұмыстарына қатысады.

Авторлық надзор жобалық құжаттарды өңдеушімен ҚР ҚНмЕ 1.03-03-2001 сәйкес орындалады.

Қазақстан Республикасының бекітілген әсер етуші заңдылықтарының тәртібі бойынша авторлық надзордың өкілі:

- ҚР КжКМ № 218-35 бұйрығы бойынша жұмыс өндіруші жауапты адамдарға ақауларды жоюға және олардың пайда болу себебін анықтауға хат түрінде талап етеді;

- Жұмыс атқарушының өкілінің міндетті түрде қатысуымен өзіндік бақылау жүргізеді;

- Жұмыс сапасының қайта бағалануының жүргізілуін талап етеді;

- Бақылаушы бөлімдердің комиссия жұмыстарына қатысады;

Авторлық надзордың негізгі мақсаттары:

- Жобалық шешімдерді таратуға әдістемелік көмек көрсетеді;

- Жұмыс сапасын төмендетпейтін және құрылыстың қымбаттауына әсер етпейтін жобаның өзгертулеріне келісім беру.

Болған ескертулерді авторлық надзор журналына енгізу.

Инспекциялық бақылау Мемлекеттік ұйымдардың өкілдерімен жүргізіледі. Мемлекеттік ұйымдардың өкілдері келесі есептерді жүзеге асырады:

- Орындалған жұмыстардың төлемі жөнінде құжаттарды талап ету;

- Заказ беруші мен жұмыс атқарушының бақылау қызметтерінің жұмыс журналын тексеру;

- Ведомстволық мемлекеттік органдарға заказ беруші, жұмыс атқарушының, материалдарды тасымалдаушының жауапты адамдарына атқарылған сапалы жұмыстарын марапаттауға ұсыныстар беру.

Сапаны бақылау бірлік сапа көрсеткішінің санының негізінде жүзеге асады. Көптеген объектілерде өлшеулерді жүргізу үшін бірлік пен талапты дәлдікті қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар өлшеу жұмыстары зертханалық бақылау мен геодезиялық өлшеулерде жүргізіледі. Метрологиялық бақылау құрылымы мемлекеттік метрологиялық қызметпен ведомстволық метрологиялық қызметтен тұрады.

Стандартты емес және төменгі (жіңішке) сала өлшеу құрылғылары тексеруден өтуге, бақылауға, жөндеуге және ведомстволық метеоқызметтен аттестациядан өтулері керек. Жол саласында 60% пайызға жуық аспаптар төменгі (жіңішке) салаға жатады және ведомстволық метеоқызметпен осы аспаптарды ойлап жасаған ұйымдардың арнайы әдістемелік нұсқаулар негізінде тексеріледі.

Мемлекеттік метрологиялық қызмет топырақтарды, жол-құрылыс материалдарын, темірбетон конструкциялары мен бұйымдарын, түрлі беттік-активті қоспаларды дәл және өте жоғары дәлдіктегі аспаптардың көмегімен тестілерді жүргізген кезде дәлдікті бақылауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік метрологиялық қызметтің негізгі міндеті болып:

- өндірістің стандарттарын жаңартуда уақытылы жұмыстарын жүргізу мыналарды қамтиды:

-жинақтау, жол сапасы жөнінде ақпараттарды өңдеу, жаңа бақылау аспаптарын қолдану кезінде өндірістік процесстердің жағдайы мен жүрістері;

-сапаға әсер ететін факторлар мен жағдайларды болдырмауға бағытталған шешімдерді қабылдау мен дайындау.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2379 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.026 с)...