Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөлім. §9 Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын операциялық бақылау сапасы



Операциялық бақылау өндірістік процесстер барысында жобалық құжаттардың және берілген технологияның сақталуы, орындалып жатқан жұмыстардың нормативтік талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Операциялық бақылау ақауларды уақтылы анықтап олардың пайда болу себебін және оларды ескерту мен болдырмауға шара қолдануға мүмкіндік береді. Операциялық бақылауды мастерлер, прорабтар сонымен қатар зертхана мен геодезиялық қызметтің жұмысшылары орындай алады. Операциялық бақылау кезінде негізгі жұмыс құжаты болып құрамында өндірістік жұмыстардың жобасы мен операциялық бақылаудың схемасы қызмет етеді.

Олардың құрамында:

пішіні мен өлшеу дәлдігінің талабында жіберілетін ауытқулар, сонымен қатар материал сапасына қойылатын талап сипаттамасы жөнінде ақпараттары бар конструкцияның эскизі;

- операциялар немесе процесстер тізімі, орындалу сапасын жұмыс өндіруші (мастер) тексеру керек;

- құрамыны жөнінде ақпарат, мерзімі, бақылау тәсілдері;

- геодезиялық қызмет пен зертхананың қатысуымен бақыланатын операциялар немесе процесстер тізімі;

- акт жасалып куәләндіруге жататын жабық жұмыстар тізімі.

Операционном бақылау кезінде геодезиялық аспаптар қолданылады: (теодолиттер, нивелирлер, гониметрлер), жай аспаптар мен қондырғылар (рулеткалар, метрлер, деңгейлер, отвестер, шаблондар, откосниктер, рейкалар, визирлер жиынтығы, ілгіштер, қабат қалыңдығын бақылайтын щуптар және т.б.)

Операциялық бақылаудың маңызды құрамы болып– зертханалық бақылау саналады, оның құрамына жол-құрылыс материалдарының физико-механикалық қасиетін уақтылы анықтап қана қоймай, барлық конструктивті қабаттардың тығыздалу сапасы, сонымен қатар конструктивті қабаттарды салуда технологиялық режимдердің сақталуы бақыланады. Операциялық бақылау кезінде қосымша геометриялық параметрлері мен тегістігі бақыланады. Операциялық бақылау кезінде жер төсемесін тұрғызуда үйінді қабатындағы топырақ беріктігі бақыланбайды (және жер төсемесінің қабаттары толығымен). Операциялық бақылау кезінде бақыланатын параметрлердің ауытқуларын СНиП 3.06.03-85 және ПК РК 218-35-04 сәйкес қабылдайды.

Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету қиын да кешенді ғылыми-техникалық және экономикалық кедергілерді құрайды. Бұларды шешу үшін алдын-ала қарастырылғын сапаны басқару құрылғысы қажет.

Қосымша жол асфальтбетонның негізгі элементі болып: орындаушылар (операторлар), машиналар, материалдар мен ақпараттар жатады. Технологиялық процесстердің жаңа механизациясы мен автомматизациясында асфальтбетонды дайындауда сапа деңгейіне машина көп әсер етеді (технологиялық қондырғылар) және техникалық ақпараттар.

Кешенді құрылымды басқарудың жалпы теориясы негізгі жағдайды ескере отырып келесі құрылымнан тұрады: сапа деңгейін жобалау, сапаны техникалық қамтамасыз ету, еңбек сапасын басқару, ұйымдастырушылық немесе ақпараттық қамтамасыз ету. Осы құрылымдардан кейін асфальтбетон жамылғысының барлық стадиясында – жобалаудан бастап пайдалануға дейінгі сапасына бағытталған әсері жүзеге асады.

Бұл схемада негізгі технологиялық тізбекті келесі элементтер құрайды: материалдар – жоба – технологиялық процесс – дайын өнім (полуфабрикат) – пайдалану және құрылымды басқару (басқарушы ұйым).

Құрылымның қосымша элементтеріне техникалық бақылаудың құрамы жатады: алдын-ала сынау, ағымды, қабылдау, бағалау (пайдалану) бақылаулары және келтіруші әсерлер. Бақылаудың барлық элементтері қолда бар кезде өндірістік тізбекті басқаруға болады.

Асфальтбетон қоспасын таңдау алдында материалдар құрамына алдын-ала сынық жүргізеді. Бұл құрамына кіретін материалдардың сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

«материалдар» мен «техникалық процесстер» элементтерінің арасында «бастапқы бақылаудың» блогы бар, оның мақсаты қоспаны дайындау кезінде әкелінген материалдың жарамдылығы мен сапалығы жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін. Асфальтбетон қоспасы немесе дайын жол жамылғысының сапасы негізгі берілулер мен «ағымды бақылаумен» реттеледі. Дайын жамылғыны пайдалануға қабылдау «қабылдау бақылауының» негізгі ақпарттарына байланысты жүзеге асады.

Асфальтбетон жамылғысын пайдалану кезінде де бақылау жүргізу сапаны басқару үшін де маңызды. Ақпаратты эксплуатациялық (бағалау) бақылауын жүргізгенде алуға болады. Осындай ақпараттар блокка «басқарушы ұйым» келіп түсуі мүмкін. Бұл блок басқарушы жұмысшылардың тобынан және мамандардан тұрады, бұлардың қолдарында есептеу техникасының қорларына келіп түсетін ақпараттардың сұрыптаулары мен өңдеулері жиналады. Осы негізде шешім қабылданады және түзетуші бұйрықтар беріледі.

Ағымды бақылаудың тиімділігі артуы мүмкін егерде түрлі технологиялық операциялардың автоматтандырылған бақылауын қолданса: кептіргіш барабанда температуралық режим; асфальтбетон қоспасының құрамын араластыру ұзақтығы; қоспа құрамын еселеу; қалыңдықты бақылау, тығыздау дәрежесі мен жүру бөлігінің кез келген жерінде салынған қабат тереңдігі. «Қабылдау бақылауының» үлкен мәні бар, одан алынған ақпарат жобаның орындалу дәлдігін ғана емес, сонымен қатар пайдаланудың бастапқы стадиясында жамылғының нақты жағдайын бағалау үшін қажет.

Автомобиль жолын пайдалану процессі кезінде климаттық факторлар мен көліктік құрылым әсерінен асфальтбетон жамылғысын бақылау жөнінде құнды ақпараттар жиналады. Бұндай ақпараттарды жинау мен систематизациялау «бағалау бақылауының» функциясына кіреді. Асфальтбетон жамылғысының жағдай жөнінде мағлұмат жинау үшін беріктік, тегістік пен асфальтбетон жамылғысының жылжуын өлшеу үшін қозғалмалы аспаптарды пайдаланған маңыздырақ.

Осының негізінде «басқарушы бөлік» сапаны оперативті және ұзақ мерзімді басқаруды жүзеге асыру мүмкіндігі болады. Бірінші жағдайда бұндай ақпараттарды алуда тезірек түзетулер енгізіледі. Екінші жағдайда қабылдау және пайдалану бақылауында алынған ақпарттар негізінде дамуына түзетулер енгзіледі.

Топырақкеуегіндегі салмағы мен көлеміндегі пайызбен көрсетілген су мөлшері ылғалдылық деп аталады. Жер төсемесінің беріктігінің негізгі критериі болып серпімді иілу саналады. Тығыздалған қоспаның минеральді бөлшегіндегі кеуек көлемі минеральді бөлшектің кеуектілігі деп аталады. Берілген режимде үлгінің сіңірген су мөлшері суды сіңіруі деп аталады, вакуумды қондырғы аспабымен анықталады (түрлі қоспа үшін өзіндік қысым мәні мен сынау мерзімі бар). Үлгінің суді сіңіргеннен кейінгі ұлғаюы ісіну деп аталады. Берілген жағдайда үлгінің бұзылуын анықтауда қажетті күштің берілуін сығылудағы беріктік шегі деп аталады.

Тас материалдарының сапасы гранулометриялық шаңды-сазды бөлшектердің құрамымен аязға төзімділікке, мүжілу мен беріктік маркасы бойынша сипатталады.

Жер төсемесінің сапасын операциялық бақылау кезінде үйінді қабаттарында топырақ беріктігін бақыламайды. Тығыздалған топырақ сапасын өндіріс жұмыстары кезінде тексереді.

Операциялық бақылау кезінде битумның сапасын бақылауда анықтайды: битум маркасын, кинематикалық тұтқырлығын, температурасын, еруін, жалындауын.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 976 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...