Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Автомобиль жол құрылысының сапасының негізгі түсінігі



Өнім сапасының жаңа көзқарасы- бұл пайдаланушылық қасиеті бар, тағайындалуына сәйкес белгілі бір қажеттілін қанағаттандыратын икемі бар кешен. Сапаның бірлік көрсеткіші (СБК) өнім сапасын сипаттайды. СБК-ға қойылатын талабы, олардың бақылау аспаптарының көмегімен өлшенуі, және бірдей бірлік өлшемінің болуы. Нақты СБК барлық қорытындысын қамтамасыз ету өнім мен қондырығылар кешенінің толық талаптарға сәйкестігіне, міндетті түрде жобалы-сметалы құжаттар, соның ішінде нормативтік құжаттар: стандарттар, құрылыс нормалары мен ережелері толық сенімділік береді.

Жол құрылысында нормативтік құжаттармен бекітілген бірлік көрсеткішінің құрамы мен деңгейі (мәндері) пайдаланылады. Жеке жобалау кезінде жобалық құжаттарда келтірілгендей бақыланатын бірлік сапа көрсеткіші пайдаланылуы мүмкін. Автомобиль жолының қасиеті, арнайы тағайындалуы бар инженерлік қондырғы ретінде сапаның бірлік көрсеткішінде көрсетіледі, құрылымында сипаттамасы мен өлшеу тәсілдері анықталады. Бірлікті қамтамасыз ету мен СБК өлшеулерінің дәлдік талаптары дегеніміз жол құрылыс жұмыстарының сапасын метрологиялық қамтамасыз ету.

Әсер етуші объектілерге енгізілген сапа көбінесе өндірістің қолайлы жұмыс істеуіне байланысты, уақтылы қуатты меңгеру, еңбек жағдайларын жақсарту, адамдардың демалысы, қондырғылардың сенімділігі мен ұзақтылығы, тапсырылатын объектілердің эстетикасын жоғарылату мен пайдалану шығындарын төмендету.

Құрылыс өнімдерінің сапасын жоғарылату жобалық шешімдердің технико-экономикалық деңгейінің жоғарылауы деп ойласа да болады.

Құрылыс өнімінің сапасын жобалау стадиясында жобалық шешімдер жоғары шешімде анықталады, жаңа ғылыми-техникалық деңгейге әсер етуші нормативтік талаптарға сәйкес болуы керек, сонымен қатар экономикалық мүмкіндіктерді ескеру керек.

Пайдаланылуға берілетін объектілердің нормативті және жобалық талаптарға сәйкес болуы, салу процесі кезінде ақауларды болдырмауға, құрылыс ұзақтығын қысқартуға, пайдалануды жеңілдету және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы құрылыс материалының сапасы процесс кезіндегі пайдаланылатын құрылыс материалының сапасына, бұйымдар мен конструкцияға байланысты. Жаңа материалдар мен бұйымдар түрлерін, беттік-активті қоспаларды, жоғарғы беріктікті және жеңіл бетоннан темірбетон конструкцияларын кеңінен қолдану керек.

Құрылыс өндірісінің сапасына конструктивті шешімдердің унификациясы мен типизациясы әсер етеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын жоғарылату үшін жол құрылысы мен қондырғыларының технологиясын жетілдіру үшін үнемі жұмыс істеу керек.

Зертханалық, геодезиялық және метрологиялық қызмет етулер жақсартылу керек. Тапсырыс берушінің техникалық надзорының, орындалған жұмыстардың сапасын бақылайтын ұйымның, жобалық ұйымдардың авторлық надзорының рольдерін жоғарылату керек, құрылыс сапасына әсерін күшейту

қажет. Тапсырыс беруші нақты технологиялық надзордың жүзеге асуына қызығушылық таныту керек, яғни олардан пайдалануға қабылдаған объектілердің сапасынан беріктік, ғимарат пен қондырғылардың ұзақтығы, сапалы пайдалануын және т.б. мінездемелерге тәуелді болуы керек.

Құрылыс ұйымдарының зертханалары материал сапасын зертханалық бақылап сонымен бірге әртүрлі қоспаны таңдаумен ғана шектеліп қана қоймай, конструктивті элементтер, ғимараттар мен қондырғылардың құрылыс технологиясын бақылап, таңдау бақылауын жүзеге асыруға міндетті.

Құрылыс кезіндегі геодезиялық бақылауды сызықтық ғимараттарды тұрғызу кезіндегі технологиялық стадиямен байланыстырып жүзеге асыру керек, себебі құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісінде техникалық құжаттар қарастырылады.

Маңызды тәжірибелік есеп болып зертханаларды, құрылыс ұйымдарының геодезиялық және метрологиялық қызметтеріне кәсібиленген мамандарды жинақтау, оларды заманауй өлшейтін құрал аспаптармен қамтамасыз ету, геометриялық параметрлерінің: көлденең қима, қалыңдығы, ені сақталуын қадағалайтын электронды бақылау қондырғысы бар жаңа дәуірдің жол-құрылыс техникасымен қамтамасыз ету.

Сапаны басқарудың кешенді құрылымын кеңінен енгізу керек. Оны енгізу үшін қажет:

- стандартты материалдар мен бұйымдарды пайдалануын ескеріп құрылымның нормативті-техникалық базасын құру керек.

- сапаны көтеруде экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту керек;

- құрылыстың барлық стадиясында сапаны бақылаудың тиімділігін күшейту керек;

- сапаның жағдайы мен оның деңгейі туралы объективті және тұрақты жұмыс істейтін ақпаратты база құру керек;

- құрылыстың сапасын басқарудың құрылғысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуі қарастырылуы керек;

Автомобиль жол құрылысының жұмыс жобасы келесі бөлімдерден тұрады: түсініктеме хат, өндірістік жұмыс жобасы, сметалық құжаттар, жолды дамыту схемасының жоба құжаты, құрылыстың ТЭН. Нормативті-техникалық құжаттарда құрылымның барлық функциялары нақтыландырылуы керек, соның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен құрылыс өнімдерінің сапасының бағалануы, сапа деңгейінің жобалануы мен аттестациялануы, құрылыстың сапасын жоғарылатудың экономикалық келтірілуі.

Соңғы құрылыс өнімінің сапасына подрядті мен субподрядті ұйымдар ғана емес, сонымен бірге жобалаушылар, құрылыс материалын жеткізуші-зауыдтар, көліктік және қамтамасыз етуші ұйымдар да жауап береді.

Өндірістік және өндірістік емес функциянирлеуде жолымыз белгілі бір кешенді көрсеткіштерді қамтамасыз ету керек, яғни барлығын қорытындылағанда жайлылықты қамтамасыз ету деңгейін сипаттайды және рациональді жылдамдықта қауіпсіз қозғалысты барлық пайдалану жылдарында қамтамасыз етеді. Сапа көрсеткіштерінің деңгейі экономикалық критериялармен анықталады- жолды салуға, күту және жөндеуге бөлінген қаржының жолды пайдаланудан пайдалы әсерінің қатынасына тең. Бұл критерий қарастырылған варианттар ішінде ең максимальді болуы керек. В.М.Сиденко жалпы қабылданған классификацияға сәйкес тағайындалу көрсеткішін (мақсатты), сенімділікті, технологиялық, эргономикалық, технико-экономикалық, пайдалануды бөліп көрсетті.

Тағайындалу көрсеткіші мақсатты талаптарды қанағаттандыру тәсілдерін сипаттайды және өнімнің класына байланысты, кез келген бір қасиетке сәйкес келуі мүмкін. Мысалы, жамылғы үшін - тегістік немесе беріктігі қауіпсіз жылдамдықты, өткізу қабілеті және т.б. кешеніне жатады.

Белгіленген уақыт ішінде берілген функцияларды жолымыздың орындау қабілеті сенімділіктің кешенді көрсеткішін сипаттайды. Сонымен қатар сапа мен сенімділік түсінігі бірлеседі: шектеусіз, яғни белгілі бір дәрежеде жұмыс істеу қабілетін сақтау қасиеті, берілген аралық жөндеу мерзімдерін қамтамасыз ету, конструкциялардың жөндеуге келуі, олардың ұзақтығы.

Технологиялық көрсеткіш ең маңызды мән болып, рациональді қабылданған конструктивті шешімді нақты өндірістік жағдайларда пайдалануын сипаттайды. Жұмыс істеу мен адам өміріне жақсы жағдай жасауды қамтамасыз ету талаптарына қондырғылардың параметрлерімен немесе оның конструктивті элементтерінің сәйкес келуіне эргономикалық көрсеткіштер әсерін тигізеді. Осының ішінде тазалық, физиологиялық және психологиялық факторлар бағаланады.

Инженерлік шешімдердің технико-экономикалық көрсеткіштері олардың экономикалық тиімділігіне ықпал етеді. Олардың құрамында қаралады:

1) көлік жұмыстарын жақсарту арқасында халық-шаруашылығының тиімділігі;

2) тасымалдау құнының төмендеуі арқасында пайдаланудың тиімділігі;

3) құрылыс тиімділігі- қабылданған шешімдердің үнемділігі.

Пайдалану- қоршаған ортаның жолмен ара қатынасын сипаттайтын ең маңызды мәні бар көрсеткіш. Сапа көрсеткішінің кешені құрылғыны құру мен оны пайдаланудың барлық стадиясында қалыпқа келеді. Бірінші өндірістік этапта инженерлік ізденістер мен технико-экономикалық негіздеу, ҚНжЕ 3.06.03-85, ҚНжЕ 3.09.03-2003, ҚР ережелері 218-35-2004 талаптарына жобаның сай келуі бағаланады.

Құрылыс өнімінің сапасын келтіруде шешуші этап болып-өндіріс жұмыстары саналады. Сапаны басқарудың жаңа, жетілдірілген кешенді құрылымы бастапқы бақылаудан аяқталған объектіні пайдалануға берілгенге дейін сапаны бақылауға мүмкіндік береді. Өндірістің сапа көрсеткішінің жақсаруы - материалдық ресурстарды тиімді пайдалануда еңбек өнімділігін көтерудің әсер етуші нақты жолы экономиканың ең актуальді есебі болып табылады.

Стандартизация бүгінгі таңда сапаға, сенімділікке, құрылыс өнімінің ұзақтығына жоғарғы талаптар қояды. Стандарттарды қолдану өнім сапасын жоғарылатуға ықпалын тигізеді, унификация мен өзара алмасу деңгейін жоғарылату, өндіріс пен процесстердің автоматтандырылуын жетілдіру, бұйымдар мен конструкцияларды жөндеу мен пайдалануының тиімділігін жоғарылату. Стандартизация жобалау кезінде, дайындауда, сызықтық ғимараттарды пайдалануда талаптар мен нормаларды, нақты ережелерді бекіту жолымен жүзеге асады. Стандартизация құрылыс өнімінің сапасын техникалық деңгейін жоғарылатуға, құрылыс өндірісінің интенсификациясы мен оның тиімділігін жоғарылатуда, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге септігін тигізеді. Стандартизация механизмнің шаруашылық және экономикалық звеносы болып саналады, жалпы өндірістің ұйымдастырылуының жақсарылуына, мемлекетіміздің техникалық және экономикалық саясатының жүзеге асуына, ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуіне, өнімнің сапасының халықаралық деңгейге жетуіне, экономика дамуында факторларды тиімді пайдалануға септігін тигізеді.

Стандартизация техниканың дамуы, ғылым, практикалық сынақтар, халықшаруашылығының, саланың және өндіріс ішіндегі есептерді, прогрессивті және экономикалық тиімді шешімдерін анықтаумен негізделеді. Отандық стандартизация мемлекетіміздің техникалық саясатының бөлшегі болып саналады. Өндіріске жоғары тиімділікті құрылымдарды, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, еңбек пен материалды шығындардың үнемделуін, өнім сапасының тиімді деңгейін енгізу қызметін атқарады.

Халықаралық стандартизация – бұл процесс ережелерді бекіту мен қолдану, осы саланың мақсатына және қызығушылық танытқан жақтардың қатысуына, соның ішінде бәріне жалпылай тиімді экономикаға жетуге, техника қауіпсіздігінің функциональді шарттары мен талаптарын орындауларын қарастырады. Стандартизацияның басты мақсаты өндіріс көлемінде жол-құрылыс материалдарының сапасын жетілдіріп бағалауын бекіту болып саналады.

Жаңа құрылыс материалдары тиімді қасиеттерге тән болуы қажет, ал оларды дайындау технологиясы экономикалық тиімді болуы керек, сол себепті ең маңыздысы болып жоғары тиімділікті технологиялық процесстердің стандартизация мен типизациясы саналады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1621 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...