Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көру моторлық және есту –моторлық реакцияларды зерттеу және бағалау (хронорефрексометрия)



Бұл әдістемені негізгі жүйелік үрдістердің (қозу және тежелу) арақатынастарының өзгеруін анықтауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде зерттелуші адамның дыбыс және жарық сигналына реакция беретін уақытын анықтау жатыр.

Осы мақсатпен, секундтың мыңдық бөлігіне дейінгі дәлдікпен реакциясының жасырын уақытын анықтауға мүмкіндік беретін хронорефлексометрия типті арнайы аспапты қолданады.

Зерттеу тексеруге алынған адамға нұсқау беруден басталады, оның мәні аппараттың кнопкасын басып отыру және прибордың панеліне мұқият қарап отыру. Панельде жарық сигналы (немесе дыбыс сигналы) қалай пайда болысымен тексеруге алынған адам тез кнопкадан саусағын ажыратуы қажет. Мұндай әдіс қозу үрдісінің жағдайын сипаттайтынқарапайым реакция уақытын анықтауға мүмкіндік береді. Белсенді ішкі тежелуді зерттеу үшін зерттеуге алынған адамда белгілі сигнал түрін ажырата алатын дағды қалыптастыру қажет. Ол үшін зерттеуге алынған адамға, қою-жасыл түс болғанда саусағын кнопкадан ажыратуды, ал көк-жасыл түсте саусағын ажыратпауды ұсынады.

Хаттамадан қарапайым реакция уақытын және дифференциалдау реакциясының уақытын, тапсырманы дұрыс орындамаған сынама санын. Әрбір зерттеу үдісінде 5 өлшеу жүргізіледі. Орташа мәні шартты рефлекстің жасырын кезеңінің уақытын сипаттайды. Тіпті бір реакцияның латентті кезеңінің ұлғаюын қозу және тежелу үрдістерінің арасындағы тепе теңдіктің бұзылғаны деп қарасытыру қажет. Алынған мәліметтерді бағалауды кесте 1-де келтірілген мағлұматтарға сүйеніп жүргізуге болады.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 821 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...