Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Осымша № 4



2 төсектік және одан көп палаталардағы аудан*

Бөлімдер 1 төсекке арналған аудан, м2
Ересектер үшін жұқпалы және туберкулездік** 7,5
-"- -"- балалар үшін' 6,5
-"- -"- аналары күндіз болатын 8,0
-"- -"- аналары тәулік бойы болатын 10,0
Ортопед-травматологиялық, нейро-хирургиялық, қайта қалпына келтіріп емдеу, күйіктік, радиологиялық: - ересектер үшін және аналары күндіз болатын балалар үшін - аналары тәулік бойы болатын     10,0   13,0
Интенсивтік терапия, операциядан кейінгі 13,0
Жұқпалы емес балалар: - аналарына орын жоқ - аналары күндіз болатын - аналары тәулік бойы болатын   6,0 7,5 9,5
Психоневрологиялық және наркологиялық: - жалпы типтік - инсулиндік және қадағалау   6,0 7,0
Балалар үшін психиатриялық: - жалпы типтік - қадағалау   5,0 6,0
Жаңадан туылғандар үшін 6,0
Ересектер үшін т.б. 7,0

* Мәліметтер ҚНменЕ ҚР 3,02-02-2001 «Қоғамдық ғимараттар мен имараттар» келтіріледі

** Бокстар мен жартылай бокстарда – 1 төсекке – 22 м2, 2 төсекке– 27 м2

Тақырып №18. Өңдірістік шаңның гигиеналық маңызы. Шаңға байланысты ауруларды алдын алу. Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларының алдын алу. - 2 сағат.

Мақсаты: Өндірістегі шаң, шу мен діріл шығаратын негізгі көздер мен олардың жұмысшыларға әсерінің сипаты туралы түсінік беру, осы факторлардың қауіптілік деңгейін бағалауды үйрету және жұмыс істеушілерге қолайсыз әсер етуінің алдын алу бойынша шаралар дайындау.

Оқыту міндеттері:

Студент білуі керек:

· шаңның жіктелуін; өндірістегі шаңның негізгі шығатын көздерін

· фиброгенді әсер ететін, шаңнан болатын ауруларды, олардың дамуына әкелетін өндірістер мен мамандықтарды;

· ағзаға шаңның басқа түрлерінен: жалпы токсикалық, тітіркендіргіш, канцерогендік және мутагендік әсер етуден пайда болған ауруларды;

· басым түрде фиброгенді әсер ететін және шаңның басқа түрлері әсер ететін шаңдарды нормалау қағидалары;

· өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу шараларымен;

· шу мен дірілдің ағзаға әсерін; шу мен дірілдің әсері кезіндегі ағзаның функционалдық жағдайын зерттеу әдістерін;

· жұмыс істеушілерге шу мен вибрацияның қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі шараларды;

Студент істей білуі керек:

· Шаң факторларына, соның ішінде химиялық және дисперстік құрамы бойынша шаңның фиброгендік деңгейіне, сонымен қатар жұмыс аймағы ауасындағы шаңның максималды - бірреттік және орташа ауысымдық концентрациясына гигиеналық баға беруді;

· нормативтік құжаттарды пайдаланып шу мен дірілге гигиеналық баға беруді;

· функционалдық зерттеу мәліметтері бойынша шу мен дірілдің әсеріне ағзаның реакциясын бағалауды;

· ҚР ДМ №243 бұйрығына сәйкес шаңды өндірістерде, шу және діріл кәсіптерінде жұмыс істейтіндердің алдын ала және медиицналық тексерулерін ұйымдастыру;

· шаңның, шу мен дірілдің деңгейін төмендету және олардың жұмысшылар ағзасына қолайсыз әсерін азайту үшін сауықтыру шараларын ұсынуды;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Өндірістік шаң: көздері, жіктелуі, ағзаға әсері.

2. Ағзаға өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі шаралар.

3. Жұмыс аймағындағы шаңды және оның дисперстілігін анықтау әдістері.

4. Шу және дірілдің көздері, физикалық параметрлері және олардың гигиеналық маңызы.

5. Ағзаға шу мен дірілдің әсері.

6. Адам ағзасына шу мен дірілдің әсерін бағалау әдістері.

7. Шу және діріл ауруларының алдын алу жөніндегі шаралар.

Оқыту және сабақ жүргізу әдістері: жағдайлық есептерді шешу, шу мен дірілді анықтау әдістерімен және құралдарымен танысу, олардың ағзаға әсерін бағалау.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық./Ү.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010. – 499-505 б.

2. Торғаутов Б.К.,Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена:Оқулық–Шымкент, 2009. – 321 б.

3. Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.:ГЭОТАР Медицина,2000. – С.514-525.

4. Гурова А.И., Гурова О.Е. Практикум по общей гигиене. М. Изд. Университет дружбы народов, 1991.С.-158-162.

5. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. – Ростов н/Д: «Феникс».2002.- С.318-360.

6. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. – М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001.- С. 200-214, 226-235.

Қосымша:

1. Минх А.А. Общая гигиена. М.:Медицина,1984.-С. 268-274, 285-290.

2. Пивоваров Ю..П., Гоева О.Э., Величко А.А. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене - М.: Медицина, 1983 - С. 140-147.

3. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. М.: Медицина, 1988. С. 135-166, 176-195.

4. Приказ МЗ РК № 243 «О порядке проведения предварительных и периодических медицинских осмотров работников, подвергающихся воздействию вредных, опасных и неблагоприятных производственных факторов и определения профессиональной пригодности»

5. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене труда. /Под ред. В.Ф.Кириллова. – 2-е изд., перераб. и доп. -М.: Медицина, 2001. – С. 115-149, 171-188.

6. Румянцев Н.И. с соавт. Общая гигиена. - М.:Медицина,1985- С.385-391.

7. Руководство по гигиене труда (под ред. Н.Ф. Измерова), -М.: Медицина, 1987-С. 168-205

8. Санитарные правила и нормы по гигиене труда в промышленности, часть 1, Омск – ИПК «ОМИЧ», 1995, с.479.

Бақылау сұрақтары:

Шаң:

1. Өндірістік шаң туралы түсінік.

2. Әртүрлі өндіріс салаларында шаңның пайда болуының негізгі көздері.

3. Шығу тегі бойынша (органикалық, бейорганиалық, аралас), түзілу әдісі бойынша (дезинтеграция және конденсация аэрозольдері), дисперстік құрамы бойынша (көрінетін, микроскопиялық, ультрамикроскопиялық) өндірістік шаңның жіктелуі.

4. Шаңның физикалық-химиялық қасиеттері және олардың гигиеналық маңызы.

5. Өндірістік шаңның ағзаға әсері (жалпы улылық, фиброгендік, сенсибилизациялық, тітіркендіргіш).

6. Басым фиброгенді әсер көрсететін кәсіптік шаң аурулары. Пневмоканиоздардың жіктелуі.

7. Силикоздар, силикатоздар, металлоканиоздар және т.б. пневмоканиоздардың дамуына әкелетін мамандықтар мен өндірістер. Бұл аурулардың даму мерзімдері, негізгі белгілері, ағымы, асқынулары және болжамы.

8. Шаң ауруларының алдын алу шаралары:

- заңдылық

- технологиялық

- техникалық,

- саниталық-техникалық (сонымен қатар, жеке басты қорғау заттары)

- емдік-алдын алу.

9. Басым фиброгенді және басқа да әсер көрсететін өндірістік шаңды гигиеналық нормалау приницптері.

10. Жұмыс аймағындағы шаңды және оның дисперстілігін анықтау әдістері.

Шу және діріл:

1. Шулардың физикалық сипаттамасы және олардың гигиеналық маңызы:

· дыбыстың күші, амплитудасы, дыбыстық қысым

· спектрлік (жиілікті) құрамы

· спектрдің ені (кең белдеулі және тар белдеулі шулар)

· уақытша сипаттамалар (тұрақты және тұрақсыз шулар)

2. Есту арқылы қабылдаудың биофизикасы. Шудың интенсивтілігін зерттеу жүйесі. Шу өндірістік орта факторы ретінде. Шудың негізгі өндірістік көздері.

3. Ағзаға шудың әсері. «Шу ауруының» спецификалық және спецификалық емес көрінісі.

4. Ағзаға шудың әсерін зерттеу әдістері.

5. Шудың қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі шаралар жүйесі:

· заңгерлік (гигиеналық нормалау және еңбекті құқықтық қорғау)

· технологиялық

· техникалық

· жоспарлы

· жеке қорғаныс заттары

· емдеу – алдын алу

6. Шуды гигиеналық нормалау. Жұмыс орындарындағы шуды регламенттейтін параметрлері (дыбыс қысымдарының деңгейі, дБ бойынша шудың деңгейі, дыбыстың эквиваленттік деңгейі).

7. Шудың нағыз көзіндегі және адамға әсер ету кезіндегі (технологиялық, техникалық, жеке қорғану шаралары) шудың қарқындылығын төмендету немесе жоюды қамтитын шаралар (технологиялық, техникалық, жоспарлы).

8. Жұмыс орнындағы шуды өлшеу әдістемесі және қазіргі заманғы шу өлшегіш аспаптардың жұмыс істеу принципі.

9. Шу факторына гигиеналық баға беру.

10. Жергілікті және жалпы өндірістік дірілге түсініктеме.

11. Дірілдің негізгі сипаттамасы және оның гигиеналық маңызы:

· спектрлі (жиілікті) құрамы

· ауытқу амплитудасы

· виброжылдамдық және виброүдеу

· тұрақты және тұрақсыз діріл

· емдеу-алдын алулық

12 Жергілікті және жалпы вибрацияның өндірістік көздері.

13 Дірілдің ағзаға әсері:

· жергілікті вибрация тудыратын вибрациялық ауру

· жалпы вибрация тудыратын вибрациялық ауру

· резонансты жиілік әсері

14 Жұмысшыларға әсер ететін дірілді зерттеу әдістері.

15 Жұмысшыларға дірілдің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі шаралар кешені.

16 Дірілді гигиеналық нормалау принциптері және регламенттеуші параметрлері.

17 Өндірістік дірілді гигиеналық бағалау және өлшеу тәсілдері.

18 Дірілді өлшеудің қазіргі заманғы аспаптары. Жұмыс істеу принципі.

2.Өзіндік жұмысты орындау үшін тапсырмалар:

Тапсырма№1. Шаңның концентрациясы мен дисперстілігін анықтау әдістерімен және ауадан сынама алу құралдарымен танысу.

Тапсырма №2. Жағдайлық есептер шешу.

· шаңның жіктелуін; өндірістегі шаңның негізгі шығатын көздерімен

· фиброгенді әсер ететін, шаңнан болатын аурулармен

· ағзаға шаңның басқа түрлерінен: жалпы токсикалық, тітіркендіргіш, канцерогендік және мутагендік әсер етуде пайда болған аурулармен

· өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу шараларымен

· шаңды мамандықтар тізімімен, ҚР ДМ № 243 «Об утверрждении Перечня вредных производственных факторов...,ңбұйрығына сәйкес (12.03.2004 ж.) және Міндетті түрде алдын алу және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу нұсқауымен.

· шараларын беріңіз.

Тапсырма №3. Шу мен дірілді ИШВ-1 аспабымен өлшеу әдістерімен таныстыру

Тапсырма №4. Шу мен дірілдің ағзаға әсерін зерттеу әдістермен таныстыру: жабдықтың тональды аудиометриямен, хронорефлексометриямен, капилляроскопиямен вибрацияға сезімталдығын анықтаумен, тері температурасы және суық сынамасын жүргізумен.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1601 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...