Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жағдайлық есептер. Жұмыс учаскесінің шаңдануын ауадан сынама алынды



Есеп

Жұмыс учаскесінің шаңдануын ауадан сынама алынды. Сынама алу уақыты 15 минут, жылдамдығы 10 л/мин таза фильтрдің салмағы (АФА-10)-35 мг, шаңмен фильтр салмағы 48 мг. Берілген учаскедегі шаңның концентрациясын есептеп, ШРеК-мен салыстыру керек.

Химиялық талдауда шаңда 62 бос кремнийдің қос тотығы, дисперстікке бағалауды шаңның мөлшері 40 % -2 мк дейін, 25 % – 5тен 10 мк дейін, 5 тен жоғары 5 мк.

Есеп

Сульфадиметоксин өндіретін химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіптің ораушы және аппаратта істеу жұмыс орындарынан аудан сынама алынды. Ауада сынама алғанға дейінгі фильтр салмағы 0,156 мг, сынама алғаннан кейін –0,325 мг. Ауа жинау уақыты –20 минут, фильтр арқылы ауаны сору жылдамдығы 3 л/минут. Сульфадметоксиннің ШРеК-0,1 мг/м3 Технологиялық үрдістердің бұзылуына байланысты көптеген операциялар қолмен орындалады. Кезекті тексеру кезінде цехтік дірігер қан формуласын тексермеген. СЭС мәліметтері бойынша сульфодиметоксин 40 мг/м3 жетеді.

Есеп

Керамикалық қоспалар өндірісі цехының әртүрлі жұмыс орындарынан ауадан АФА –В-10 фильтрмен сынама алынды. Фильтрдің бастапқы орташа салмағы 0,15 мг, сынама алынғаннан кейін –0,155 мг; фильтрдің массасы арқылы ауа сору жылдамдығы 10 л/минут, сынама алу уақыты-50 минут. Өндірістік бөлме ауасында берилий және оның қосындылары шаңы болуы мүмкін.

Есеп

Катодты түтіктер өндіретін цех бақылаушысы жұмыс орынан АФА-8-10 фильтрімен ауадан сынама алды. Фильтрдің бастапқы орташа салмағы 0,158 мг, сынама алығаннан кейін-0,163 мг, фильтр матасы арқылы ауаны сору жыдамыдығы 20 л/минут. Сынама алу уақыты –5 минут. Катодты түтікшелер өндіру кезінде жұмыс аймағы ауасына берилий түседі, берилийдің ауадағы ШРЕК-0,001 мг/м 3 .

Есеп

Қорғасын кенін вагондардан түсіру кезіндегі жүк тиеушілер жұмыс орынндағы ауадан сынама алынды. Сүзгінің алғашқы салмағы-0,143 мг, ауадан сынама алғаннан кейінгі салмағы-0,196 мг; фильтрдің матасы арқылы ауа сору жылдамдығы 20 л/мин. Сынама алу уақыты 5 минут. Жұмыс бөлмесі ауасындағы қорғасынның ШРеК-0,01 мг/м3 . Вагондардан түсіру жұмысы жартылай механикаландырылған, жүк тииеушілер жұмыс уақытының 60 % қажет.

Есеп

Синтетикалық препараттар мен өсімдік шикізатының галендік-ораушы фабрикаларында таблетка, драже, экстракт түрінде дәрілердің үлкен ассортименті шығарылады. Осы үрдістердің механизациясы мен автоматизациясы нашар сипатта, дәрілік түрлерді өңдеудің аяқталу жұмыстарында жұмыс орындары ауасының ластануы байқалады. Кейбір опалайтын заттарды қолдануды, мысалы, тальк шаңының жоғары концентрациялары пайда болады.

Сүзгілердің алғашқы салмағы 0,113 мг, ауа сынамасы алғаннан кейінгі фильтрлердің салмағы 2,116 мг. Фильтр матасынан ауа сору жылдамдығы 5 л/мин. Сынама алу уақыты-5 мин. Жұмыс бөлмелері ауасындағы тальк ШРЕК-ы 2,4 мг/м3 .

Есеп

Сульфаниламидтер өнідерітен химиялық-фармацевтикалық өндірісте ораушының жұмыс орнынан ауа сынамасы алынды. Фильтрдің алғашқы салмағы-0,387 мг, ауадан сынама алғаннан кейінгі салмағы-0,895 мг; фильтрдің матасы арқылы ауа сору жылдамдығы 10 л/мин. Сынама алу уақыты 15 минут. Жұмыс бөлмелері ауасындағы ШРЕК-ы 2,4 мг/м3 .

Есеп

Фармацевтік фабриканың ең шаң шығатын негізгі операцияларының бірі-аминазинді орап салу болады. Онда өнідірістік ортаның осы дәрілік препаратпен ауаны ластауы білінеді. Анықтау мақсатында ауадан сынама АМФ-В-10 фильтріне алынған.

Сүзгілердің алғашқы салмағы 0,104 мг, ауа сынамасы алғаннан кейінгі фильтрлердің салмағы 0,477 мг. Фильтр матасынан ауа сору жылдамдығы 10 л/мин. Сынама алу уақыты-5 мин. Бір қатар операциялар қолмен істеледі. Жұмыс бөлмелері ауасындағы аминазин ШРЕК-ы 2,4 мг/м3 .





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1204 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...