Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шудың жіктелуі



Жиілігі бойынша: төмен жиілікті, орташа жиілікті, жоғары жиілікті (жоғарыда көрсетілді).

Спектр сипаты бойынша:

· сепктрі үзіліссіз, ені октавадан артық кеңжолақты шулар;

· үнді (тональный) шу, оның спектрінде айқан дискретті үндері бар; шудың үнділік сипаты жиіліктердің бір октава жолағының біреуіндегі шу деңгейі жанындағысынан 10 дБ-ден кем емес өсуі бойынша октава жолағының үштен бірінде өлшеу арқылы анықталады.

Уақыт сипаттамасы бойынша:

· тұрақты шулар, олардың дыбыс деңгейі шу өлшейтін аспаптың “жай” деген уақыт сипаттамасында өлшеу кезінде 8 сағаттық жұмыс күнінде (жұмыс кезіндегі) уақыт бойынша 5 дБА артық өзгермейді.

· Тұрақсыз шулар, олардың дыбыс деңгейі 8 сағаттық жұмыс күнінде уақыт бойынша 5 дБА артық өзгереді.

Тұрақсыз шулар келесі түрге бөлінеді.

· уақыт бойынша айнымалы, олардың дыбыс деңгейі уақыт бойынша өзгеріп отырады;

· үзілісті шулар, олардың дыбыс деңгейі сатылы түрде өзгеріп отырады (5 дБА және одан да артыққа), мұнда шу деңгейі тұрақты болып қалатын уақыт аралығының ұзақтығы 1 с және одан да артық;

· импульсті шулар, бұлар бір немесе бірнеше дыбыс сигналынан тұрады, олардың әрқайсысының ұзақтығы 1 с кем, және шумомердің “импульс” және “медленно” деген уақыт сипаттамасында дБА-мен өлшенген дыбыс деңгейінің айырмашылығы 7 дБ кем емес.

Шығу тегі (жаратылысы) бойынша:

· механикалық шулар (соққы, үйкеліс әсерінен)

· аэродинамикалық шулар (газ ағынының қозғалыстары)

· гидравикалық шулар (сұйық ағындарының қозғалысы)

Есту аппаратына ең көп әсер ететін шуларға жоғары жиілікті, үнді және импульсті шулар жатады.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1605 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...