Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Вибрацияның ағзаға әсерін зерттеу әдістері



Вибрацияның әсеріне ұшыраған жұмысшлырадың денсаулық жағдайын бағалау физиологиялық және клиникалық зерттеу әдістерінің көмегімен, тексеру кезінде, сондай-ақ, кәсіптік және кәсіптік емес ауруларлды талдау кезінде жүргізіледі.

Физиологиялық әдістердің ішінде ең маңыздылары паллестезиометрия (вибрацияға сезімталдығын өлшеу), альгезиметрия (ауыратын сезімді өлшеу), стаблография (вестибулярлық анализаторды зерттеу), динамометрия, термометрия, электромиография, суық сынамасымен жүргізілетін термометрия,капилляроскопия, реовазография, яғни вибрацияның әсері кезінде патологиялық үрдіске ең ерте шалдығантын сенсорлық жүйенің, жүйке-ет аппаратының, шеткі қан тамырларының жағдайын көрсететін әдістер.

Кесте.

Вибрацияға сезімталдығын жоғалтқан мөлшер диапозоны, дБ. Өлшеу нәтижелеріне ұсынылған бағалаулар.
2,5-тен 5-ке дейін Сезімталдығы шиеленіскен
5-тен 10-ға дейін Норма аралығында
10-нан 15-ке дейін Орташа төмендеген
15-тен 25-ке дейін Елеулі төмендеген
25-тен жоғары Едәуір төмендеген

Вибрациялық сезімталдығын бағалау үшін табалдырығының уақытша ауытқу (ТУА) мөлшерін де қолданады. Оны вибрация жабдықтарымен жұмыс істегеннен кейін анықтап бастапқы (жұмысқа дейінгі) көрсетікштермен салыстыру арқылы анықтайды. Егер вибрацияның әсері тоқтағаннан кейін вибрацияға сезімталдық табалдырығы бастапқы деңгейіне қайта келетін болса, онда табалдырығының уақытша ауытқуы туралы айтады. ТУА вибрацияның жиілігіне және деіңгейіне байланысты. Қалыпты жағдайда вибрацияның тербеліс жылдамдығыоктава жолағының 63, 125, 250 Гц максималды мәндерімен әсер еткен кезде вибрацияға сезімталдық көрсеткіштерінен 15 минут ішінде қалпына келетін жоғарылау жағына қарай ауытқу байқалады: 63 Гц-ке 5 дБ-ге, 125 Гц+ке-7дБ дейін, 250 Гц-ке –10 дБ дейін.

Вибарция октава жолақтарының 8 және 16 Гц тербеліс жылдамдықтарының макисмалды мәнімен әсер еткен кезде вибрацияға сезімталдық табалдырығының уақытша ауытқуы (ТАУ) 125 Гц-ке нормада 3 дБ-ге дейін болады, 250 Гц+ке 5 дБ-ге дейін болады. Вибрацияға сезімталдығы өзгеруінің көрсетілген мөлшерден артық көбеюі анализатордың қажу белгілері болып табылады және тұрақты өзгерістердің даму мүмкіншілігі туралы айтады.

Вибрация әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі салдарын бағалау үшін вибрацияға сезімталдығының қайтымды емес өзгерістерімен байланысты табалдырығының тұрақты ауытқуы (ТТУ) мөлшерін қолданады. ТТА мөлшері жұмысшыларда таңертеңжұмысқа дейцін, олардың жұмысқа араласқанға дейін анықталған вибрацияға сезімталдығының базалық қисық сызығымен салыстыру арқылы анықтайды. ТТА мөлшері вибрацияның жиілігіне,интенсивтілігіне және вибрациямен байланысты болған жұмыс стажына байланысты.

Вибрацияға сезімталдығының ТТА-сын анықтау кезінде, әсіресе ер адамдарда айқын болатын осы функциясының жасына байланысты өзгеруін ескеру керек: 40-49 жаста 63, 125, 250 Гц жиілікте сезімталдық табалдырығының әрқайсысына сәйкес 1, 2 және 3 дБ-ге жоғарылауы байқалады; 50 жастан асқанда-әрқайсысына сәйкес 6, 8 және 10 дБ.

63, 125 және 250 Гц жиіліктердегі ТТА (жасына қарай түзетулерді алып тастағанда) әрқайсысына сәйкес 5,7 және 10 дБ өзгеруі фактордың қолайсыз әсерінің белгілері болып табылады. Егер (табалдырықтардың) өзгерістері (жоғарылауы) көрсетілген мәндерден асатын болса, онда бұл факт сезімталдығының айқын төмендегені туралы және вибрациялық зақымдану белігілерінің пайда болғаны туралы білдіреді.

Шеткі қанайналымындағы өзгерістердіңайқындық дәрежесі туралы суық сынамасын қолданып тері температурасын өлшеу бойынша білуге болады. Қолдарының І және ІІ саусақтарының сыртқы бетінің тырнақ буындары (ногтевые фаланги) терісінің температурасын өлшеу жүргізеді. Содан кейін қолдарының басын суық суда (8-100 С) 5 минут бойына салқындатады. Суытуды тоқтатқаннан кейін сол нүктелерде, әрбір минут сайын бастапқы қалыпна келгенше, тері температурасын қайтадан өлшейді. Қалыпты жағдайда қолды суытқанға дейінгі тері температурасы 27-310 С, саусақтарының бозаруы болмайды, температурасының қалпына келу уақыты 20 минут дейін. Температурасының 18-200 С, дейін төмендеуі, жеке ағарған дақтардың пайда болуы немесе саусақтарының ұшының тұтас ағаруы немесе 2-3 саусақтарының ұшының, тіпті бір саусағының ағаруы әрқайсысына сәйкес әлсіз оң, орташаоң немесе оң реакция туралы білдіреді. Бұл кезде тері температурасының қалпынакелуі уақыты 20 минуттан асып кеетеді.

Жұмысқа орналасу кезінде (ҚР ДМ №243 бұйрығына сәйкес) жүргізілген физиологиялдық зерттеулердің мәліметтері вибрация ауруының ертерек дамуына ықпал ететін ағзасының жеке ерекшеліктері бар адамдарды (қауіпті топтар) анықтауға мүмкіндік береді.

Вибрацияға сезімталдығының бастапқы табалдырығы жоғары, қабылдау жиілігі 125 Гц үшін физиологиялық нөлден 8-10 дБ-ден артық асатын адамдарды, сондай-ақ, тері температурасы төмен адамдарды жұмысы вибрациямен байланысты, әсіресе қол еттерін локальды ауырлық (жүктеме) түсуі қатар жүретін жұмыстарға қабылдау ұсынылмайды. Тері температурасының көрсеткіші, октава жолағындағы максималды интенсивтілігі 32-250 Гц вибрация жасайтын, ангиоспастикалық реакция тудыратын жабдықтармен жұмыс істейтін жұмыс түріне іріктеп алу үшін кәсіптік жарамдылық критерийлерінің бірі ретінде қоданылуы мүмкін екенін есте сақтау керек.

Тақырып №19. Өндіріс кәсіпорындарының жұмысшыларына емдеу-аурудың алдын алуды қамтамасыз етудің ұйымдастыру принциптері. Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу. -3 сағат.

Сабақтың мақсаты: Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшыларын емдеу-алдын-алу шараларымен қамтамасыз ету аспектілері мен негізгі ұйымдастыру принциптері жайлы сипаттама беру. Өндірістік уларға және кәсіптік улануларға сипаттама беру, олардың жұмыс істейтін адамдарға қолайсыз әсерлерінің алдын-алу шараларын құрастыруды үйрету.

Оқыту әдістері:

Студент білуі керек:

· өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшыларын медициналық-санитарлық қызметпен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негізгі қағидалары;

· өнеркәсіп кәсіпорындарының медициналық-санитарлық бөлімінің құрылымы мен міндеттері;

· цех дәрігер-терапевттің жұмысының негізгі аспектілері.

· улар, әрекетінің сипаты, токсикокинетикасы, токсикалылығымен қауіптілігінің себебі болатын факторлар туралы негізгі түсінік беру;

· өнеркісіптік улар, жіктелуі мен ең көп таралған және қуіпті өнеркәсіп уларының адам ағзасына әрекетімен таныстыру;

· кәсіби уланулардың алдын алу шаралары кешенімен таныстыруулар, әрекетінің сипаты, токсикокинетикасы, токсикалылығымен қауіптілігінің себебі болатын факторлар туралы негізгі түсінік беру;

· өнеркісіптік улар, жіктелуі мен ең көп таралған және қуіпті өнеркәсіп уларының адам ағзасына әрекетімен таныстыру;

· кәсіби уланулардың алдын алу шаралары кешенімен таныстыру;

Студент істей алуы керек:

· № 243 ҚР ДМ бұйрығымен алдын-ала және кезекті медициналық бақылауды ұйымдастыру

· жабық бөлмедегі жұмысшылардың санитарлық және еңбек жағдайына бақылау жүргізу

· тамақтануда емдеу-алдын-алу шараларын ұйымдастыруға бақылау жүргізу

· санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу

· жеке қорғаныс заттарын ұсыну.

· жұмыс істеушілерге өнеркәсіптік улардың қолайсыз әрекетінің алдын алу бойынша шаралар жоспарын өңдеп шығару;

· токсикометрия деректері бойынша өнеркәсіптік улар токсикалығы мен қауіпті лігін бағалау;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Өнеркәсіп жұмысшыларын медициналық-санитарлық қызметпен қамтамасыз етудің негізгі қағидалары

2. Цех дәрігерінің жұмысының негізгі аспектілері

3. өнеркісіптік улар, жіктелуі мен ең көп таралған және қауіпті өнеркәсіп уларының адам ағзасына әрекетімен танысу

4. Қорғасынмен,сынаппен,бензолмен,марганецпен,хроммен,бериллимен,азортпен, күкірт оксидімен кәсіптік улануы және алдын-алу шаралары

5. Кәсіптік уланудың алдын-алу шараларының кешенімен танысу

Оқыту мен сабақ беру әдістері: жағдайлық есептерді шешу

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық./Ү.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010. – 469-557 б.

2. Торғаутов Б.К.,Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена:Оқулық–Шымкент, 2009. –307-344 б.

3. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека – Ростов н/Д: «Феникс». 2002. – С.396-411.

4. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека, 3-е издание. – М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С.254-264 с.

5. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда:Учебное пособие/ Под ред. В.Ф.Кириллова. – М.:Медицина. 2001. – С.149-163.

Қосымша:

1. Абсаттарова К.С. Гигиена труда при работе на ПЭВМ.- Алматы,2005 – 85 с.

2. Пальцев Ю.П., Рощин В.А. Гигиеническая оценка постоянных магнитных полей какфактора производственной среды., М.: ВНИИМИ, серия “Гигиена”, вып. №2, 1987. 65 С.

3. Санитарные правила и нормы по гигиене труда в промышленности. Санитарное

законодательство Республики Казахстан / Под редакцией В.А. Козловского. – ОМСК –ИПК “ ОМИЧ “. 1995. Часть I. С. 399 – 442.

4. Санитарные правила и нормы защиты населения от воздействия электромагнитных полей, создаваемых радиотехническими объектами / Под редакцией М.В.Спатаева,Б.А. Неменко, - Алматы, 1996, 23 С.

5. О.Н Карелин, П.Н. Кулита, Г.Г. Трудь. Руководство к практическим занятиям по военной гигиене. Кишенев:, “Лумина”, 1985-160 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Медициналық-санитарлық бөлім - өнеркәсіп өндірістеріндегі жұмысшыларға медициналық қызмет көрсетудің негізгі бөлігі.Цехтік учаскелік принцип.

2. Цех дәрігерімен орта медицина қызметкерлерінің емдік-профилактикалықжұмысының негізгі аспектілері.

· Алдын-ала және кезекті медициналық бақылауды жүргізу және ұйымдастыру (ҚР ДМ № 243бұйрық).

· Диспансеризациялау.

· Аурушаңдыққа талдау жасау.

· Өндірістің жұмысшыларына арналған сауықтандыру шаралары (массаж, ингаляция, УК сәулелеу, т.б.).

· Тамақтануда емдеу-алдын-ала шараларын ұйымдастыру.

· Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

3. Жұмыс істейтін жасөспірімдерге емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру негіздері.Кәсіби аурулардың алдын алуда, жасөспірімдер кабинетінің маңызы.

4. Өндірістік улану еңбек гигиенасының бір бөлімі, оның мақсаты мен міндеттері.

5. Удың ағзада айналымы және шығуы,түсу жолдары.

6. Зиянды заттардың қауіптілігі және улылығы туралы түсінік.

7. Улылық әсерінің күші мен сипатына әсер ететін жағдайлар

· химиялық құрылымы

· уға сезімталдық және түрлердіңғ әр түрлілігі

· жасына, жынысына әсері

· интермиттирлеуші әсері

· улардың аралас әсері

· химиялық және басқа факторлардың қабаттасқан әсері

8. Химиялық заттардың әсеріне бейімделу және оның гигиеналық маңызы.

9. Ағзаға зиянды заттардың әсері (жалпы улылық, тітіркендіргіш, сенсибилизациялық және т.б.)

10. Жедел және созылмалы кәсіптік уланулар. Ағзаға улардың бұрынғы өтіп кеткен әсерінен кейінгі әсерлері.

11. Зиянды заттардың қауіптілігін және улылығын бағалаудың негізгі кезеңдері.

12. Материалдық және функционалдық кумуляция, өндірістік улардың қауіптілігін бағалаудың маңызы.

13. Өнеркәсіптік улармен (сынаппен, қорғасынмен, бензолмен, бериллиймен, СО, SО3) шақырылатын кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.

14. Өндірістік улардың қолайсыз әсерін алдын алу жөнінде шаралар жүйесі.

2. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:

Тапсырма№1. Цех ординаторының жұмысын ұйымдастыру бойынша жағдайлық есептерді шешу.

Ситуациялық есептер.

№1 есеп.

Алтын шығару кенінде 6 жылдан бері жұмыс істейтін, жұмысшыда силикоз ауруы анықталды, 2 сатысында. Науқастың шағымы кеуде тұсының ауыратыны, тыныш жағдайында ентігу болуы, сирек жөтелу, ФВД- өкпесінде обструкция айқындалды.

Анамнезінде- бұл жұмысқа келместен бұрын поллиноз ауруы мен ауыратын, кенде жұмыс істегеннен бері асқынулары болды.Алдын алу медициналық тексеруде терапевт пен хирург қарады.Кезеңдік медициналық тексерулерден жылына 1 рет терапевт пен отоларинголог қарауынан өтеді.Өкпесіне R-графия және ФВД әрбір 3 жыл сайын.Сауықтандыру шараларынан, здравпунктте УК сәулелеу. Санаторий-профилакторийда емделген емес.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

∙ Қандай өндірістік фактор силикоз ауруының дамуына әсер етеді?

∙ Силикозқауіпті өндірістерге жұмысқа алуда қандай қарамақарсы көрсеткіштер бар?

∙ Бұл жағдайда олар ескерілген бе? Поллиноз ауруы қандай маңызды әсер етер еді?

∙ Алдын алу және кезеңдік медициналық тексерулердегі комиссия құрамы қандай болуы керек? Бұл жағдайда ол сақталған ба?

∙ Медициналық тексерулердің кезеңдігі мен R-графия және ФВД жасау мерзімі сақталған ба?

∙ Неге жұмысшыда силикоз анықталған және 2 сатысында?Цех дәрігерінең іс-әрекетінде қателесу бар ма? Қандай?

∙ Цехта жүргізілген сауықтандыру шаралары жеткілікті ме? Қандай процедуралар міндетті түрде жүргізілуі қажет, неліктен?

∙ Силикоз ауруы диагнозын кім қояды?Еңбек жағдайының санитарлы-гигиеналық сипаттамсы не үшін қажет және оны кім құрастырады?

∙ Өндірістегі шаң ауруларының алдын алу мақсатында, цех дәрігері қандай санитарлы-гигиеналық және ұйымдастыру-бұхаралық жұмыстар жүргізуі керек?

№2 есеп.

Қырнаушы (токарь) цехының жұмысшысы 30 жаста, ажарлағыш станокта, бөлшектерді қолмен беру жұмысында 5 жылдан бері жұмыс істейді; кезеңдік медициналық тексеру өтуде мынадай диагноз қойылды: «Жергілікті вибрация әсерінен, 2 ауырлық дәрежесіндегі вибрация ауруы.»Жұмысқа кірерден бұрын – Гипертония 1 дәреже және асқазан мен ішек жарасы сырқатының асқынулары болған.

Алдын алу және кезеңдік медициналық тексерулер, құрамында терапевт, хирург, және офтальмолог бар комиссиядан құрылды.Кезеңдік мед-лық тексерулер 2 жылда 1 рет өткізілді. Мынадай зерттеулер жасалды: суықпен әсер ету сынамасы, пнрифериялық тамырларға реовазография және вибрациялық сезімталдығын анықтау жүргізілді.

Сауықтандыру шараларынан – жылу процедуралары жасалды.Санаторий-профилакторийда болған жоқ..Әкімшілік жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыздандырмаған.

Сұ рақтарға жауап беріңіз:

∙ Қандай өндірістік фактор вибрация ауруының дамуына әсер етеді?

∙ Вибрацияқауіпті өндірістерге жұмысқа алуда қандай қарамақарсы көрсеткіштер бар?Гипертония ауруы мен асқазан жарасы.

∙ Бұл жағдайда олар ескерілген бе?

∙ Алдын алу және кезеңдік медициналық тексерулердегі комиссия құрамы қандай болуы керек? Бұл жағдайда ол сақталған ба?

∙ Медициналық тексерулер кезеңдігі мен қажетті зерттеулер жасау шаралары сақталама?

∙ Цехта жүргізілген сауықтандыру шаралары жеткілікті ме? Қандай процедуралар міндетті түрде жүргізілуі қажет, неліктен?

∙ Вибрация ауруы диагнозын кім қояды?Еңбек жағдайының санитарлы-гигиеналық сипаттамсы не үшін қажет және оны кім құрастырады?

∙ Өндірістегі вибрация ауруларының алдын алу мақсатында, цех дәрігері қандай санитарлы-гигиеналық және ұйымдастыру-бұхаралық жұмыстар жүргізуі керек?

Қосымша 1

Жұмысқа қабылдаудың қарсы көрсеткіштерінің тізімі

1. Ағза мүшелерінде туа біткен ақаулары бар жәнефункциясы бұзылған.

2. Орталық және перифериялық жүйке жүйесінің органикалық аурулары, жұмыс

функциялары бұзылған.

3. Диспансерлік қарауда тіркелген, созылмалы психикалық аурулар.

4. Нашақорлық, уытқұмарлық, маскүнемдік.

5. Жұмыс функциялары қатты бұзылған эндокрин жүйесінің аурулары.

6. Қатерлі ісіктер

7. Қан жүйесінің қатерлі ісік аурулары.

8. Гипертония ауруы 3 дәрежесі.

9. Қан айналымы жеткіліксіз жүрек-қан тамыр аурулары.

10. Функциясы бұзылған созылмалы өкпе аурулары.

11. Тыныс алу және қан айналым функциясы бұзылған бронх демікпесінің аыр түрі.

12. Туберкулездің активті түрі.

13. Асқазан жарасының созылмалы түрі.

14. Бауыр циррозы және активті түрдегі созылмалы гепатит.

15. Созылмалы бүйрек аурулары, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі.

16. Дәнекер қабық аурулары.

17. Жүйке-бұлшық ет жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының аурулары, функциясының

бұзылуы

18. Жүктілік немесе бала емізу

19. Жиі түсік тастау және әйелдердің анамнезінде ауытқу ақаулары бар балалар туған.

20. менструалды функциясының бұзылуы, жиі қан кету.

21. Глаукома декомпенсация кезеңінде.

Қосымша 2

Қауіпті және зиянды заттар мен өндіріс факторлары Медициналық тексерулер кезеңдігі Дәрігер мамандардың қатысуы Лабораториялық және функционалдық зерттеулер Жалпы медициналық қарсы көрсеткіштер және оларға қосымша басқа медициналық көрсеткіштер
  Кремний диоксиді Жылына 1 рет Терапевт, отоларинголог, Дермато- венеролог Алдын алумедициналық тексеруде өкпесін.R-гр түсіру; стажы 3-10жыл болса 2 жылда 1 рет,10жылдан көп – жылына 1; ФВД жыл сайын. 1.Жоғары тыныс алу мүшелерінің дистрофиялық ж/е аллергологиялық аурулары. 2.Бронхөкпе жүйесінің созылмалы аурулары. 3.Мұрын қуысы арлығының қисаюы. 4.Терісінің созылмалы аурулары. 5.Аллергологиялық аурула. 6.Тыныс алу,жүрек мүшелерінің аномалиясы.
  Локалдық вибрация әсері – нормативті және шектелген рұқсат етілген деңгейде Жылына 1 рет Терапевт, отоларинго лог и невропато лог Суықпен сынама, вибрациялық сезімталдық: қажет болса перифериялық тамырларға РВГ; тірек-қимыл аппаратына R-гр 1.Артерилардың облитериялық аурулары, ангиоспазм. 2.Перифериялық жүйке жүйесінің созылмалы аурулары. 3.Әйелдердің жыныстық мүшелерінің аномалиясы. 4.Жатырдың созылмалы аурулары, жи» асқынулары. 5.Жиі түсік тастау, жүктілік патологиясы.
  Жалпы вибрация әсері – шектелген рұқсат етілген деңгейде Жылына 2 рет Терапевт, отоларинго лог и невропато лог,қажет болғанда хирург, офтальмолог. Вибрациялық сезімталдық: қажет болса перифериялық тамырларға РВГ; вестибулярлық аппаратын зерттеу, R-гр, аудиометрия,ЭКГ. -//-
  Өндірістік шу- шектелген рқсат етілген деңгейден (80дБА): 81-ден 99 дБА 2 жылда 1 рет Терапевт, отоларинго лог и невропато лог Вестибулярлық аппаратын зерттеу, аудиометри. 1.Бір жақ құлағының есту қабілетінің төмендеуі. 2.Отосклероз, құлағының созылмалы аурулары. 3.Вестибулярлық аппаратының функциясының бұзылыстары.

Тапсырма 2. Жеке қорғану жабдықтарын таңдау бойынша ситуациялық есептер шығару.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1176 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.021 с)...