Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шудың есту қызметіне әсерінің нәтижесі кәсіптік естуінің төмендеуі және кереңдік болып табылады



Шудың әсерінен пайда болатын спецификалық емес өзгерістердің ішінен ОЖЖ, ЖТЖ, жыныс мүшелері жүйесіндегі, көру мүшелері жүйесіндегі, вестибулярлық аппараттағы, асқорыту жүйесіндегі, ішкі секреция бездеріндегі, зат алмасуындағы, қан жүйесіндегі өзгерстерді айтуға болады.

Шу ауруына тән ерекшеліктер, естеу фунцкциясының зақымдануынан едәуір бұрын дамитын астеновегетативтік және астеноневроздық синдромдар түріндегі зақымданулар.

4. Шудың ағзаға әсерін зерттеудің физиологиялық әдістері.

Табалдырықтық үнді аудиометрия әрбір құлақ жеке қабылдайтын әртүрлі жиіліктегі үндердің минимальды интенсивтілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеуге алынған адамның құлағына телефон арқылы интенсивтілігі әртүрлі дыбыстар беріледі. Зерттеуді жиілігі 1000 Гц дыбыстардан бастайды содан соң өлшеуді басқа жиілік облыстарында жүргізеді. Телефон арқылы берілетін үндердің интенсивтілігін дыбысы естілмей қалғанша өзгертеді, содан соң оны әрең естілетіндей интенсивтілікке дейін күшейтеді. Бұл процедураны бірнеше рет қайталайды (қайталау алынған нәтижелердің ұқсастығына байланысты). Осы өлшеулердің орташа мәнін тітіркендіргіштің табалдырықтық интенсивтілігі ретінде қабылдайды.

“Дыбыс жыбырларының (мелкание)” сындарлы (критический) жиілігі үзілісті шудың генераторы арқылы зерттеледі. Үзілісті шулардың генераторы үзілісті сияқты қабылданатын шудың бір секунд ішіндегі үзілістерінің максималды санын ангықтауға мүмкіндік береді.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 790 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...