Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақпараттық-дидактикалық блок



Тақырыпқа арналған оқу құралы.

1. Шудың физикалық сипаттамасы.

Шу- деп адам ағзасына қолайсыз әсер ететін оның жұмысына және демалуына кедергі жасайтын кез келген жағымсыз дыбысты немесе осындай дыбыстың жиынтығын түсінеді.

Физикалық мәні бойынша шу толқын тәрізді таралатын серпімді ортаның (газ, сұйық және қатты), заңды түрде ретсіз кездейсоқ сипаттағы механикалық тербелсті қозғалысы. Оның көзі, уақытша күшпен тұрақты жағдайынан шығарылған, кез келген тербелістегі дене. Дыбыс толқынын сипаттайтын негізгі физикалық параметрлері тербеліс амплитудасы, таралу жылдамдығы және дыбыс жиілігі.

Шу деген түсінікке акустикада тек қана физикалық қана емес, физиологиялықта мағына қойылған, яғни тербелісті қозғалысты субъективті қабылдау мәні қойылған. Субъктивті түрде дыбыс қаттылығы, биіктігі, тембрі бойынша қабылданады.

Тербеліс көзіне тікелей жанасып жақан ауа арқылы берілуі кезінде ауа бөлшектері тербеліс үрдісіне қатысады да ауа қысымының ырғақты жоғарылауына және төмендеуіне әкеп соғады. Атмосфералық қысымға қосымша пайда болатын бұл қысым дыбыс қысымы О (р) деп аталады, СИ жүйесінде Па-мен өлшенеді. Субъективті түрде естеу анализаторы дыбыс қысымын қаттылығы О ретінде қабылдайды. Осыданамплитудасы үлкен дыбыстар қаттылау болып қабылданады.

Денелердің тербелісті қозғалысының нәтижесінде пайда болатын ауаның жоғары және төмен қысымы уақыт бірлігінде белгілі бір сан рет алмасады. Бір секунд ішінде өтетін осы тербелістер саны тербелістің жиілігі (ІІІІ) деп аталады. Жиіліктің өлшем бірлігіне герц (Гц) қабылданған-секундтағы бір тербеліс. Тербеліс жиілігі субъективті түрде дыбыс биіктігін анықтайды. Тербеліс көп болған сайын естілетін дыбыстың тоны да биік болады.

Дыбыс көзі, ауаның бөлігін тербелісті қозғалысқа келтіріп дыбыс толқынын жасайды да оған белгілі бір энергия мөлшерін қосады 1 секундта 1 м2 аудан арқылы өтетін энергия ағынының мөлшері дыбыс интенсивтілігінің өлшемі немесе оның күші болады. Дыбыс күшінің бірлігі-Вт/м2 . Дыбыс көзінен шығатын энергия ағыны үлкен болған сайын берілген дыбыс қатты деп есептеледі және ағзаға әсері де едәуір.

Адамның есту анализаторы жиілігі басқа дыбыс жиілігі 1:2 тең қатынасын октава деп атайды. Дыбыстардың барлық диапозондарын октаваларға бөледі (63-125-250-500-1000-2000-4000-8000-16000). Жиілігі 400 Гц-ке дейінгі дыбыстары басым шу төмен жіиілікті, 400-1000 Гц- орта жиілікті, 1000 Гц-те артық жоғары жиілікті шу деп аталады.

Адамның есту анализаторы қабылдайтын дыбыстың ең аз жиілігі есту табалдырығы деп аталады, ол 10-12 Вт/м2 тең. Дыбыс күшінің көбеюі белігілі бір шегіне дейін қаттылығының ұлғайғаны болып сезіледі, одан жоғарысында ауыратын сезім пайда болады. Дыбыстың бұл күші ауру сезімі табалдырығына сәйкес келеді – 102 Вт/м2. Дыбыс қысымын абсолюттік бірлікте Н/м2 немесе дыбыс күшін Вт/м2 –пен әдеттегі өлшеу кезінде есту диапозоны өте үлкен сан мөлшерімен айтылар еді.

Сондықтан дыбысинтенсивтілігінің, дыбыс қысымыныңабсолюттік мәні шаласының орнына, көбірек объективті және дыбысқабылдаудың физиологиялық ерекшелкітеріне сәйкес келетін салыстырмалы лагорифмдік шкаланы қолданады. Мысалы, өлшенетін дыбыс күшінің абсолюттік мәні 10-8Вт/м2 тең. Бұл кезде, логарифмдік бірліктегі дыбыс күші:





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1113 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...