Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ситуациялық есептер. Химиялық өндірістің аппаратшысы азот және күкіртқышқылдарымен ылғи жұғысады



№1 Есеп

Химиялық өндірістің аппаратшысы азот және күкіртқышқылдарымен ылғи жұғысады. Осы жағдайда жұмысшылар үшін жеке қорғаундың қандай түрлері керек?

№2 Есеп

Мартен цехы болат қорытушысы қандай жеке қорғану жабдығымен жабдықталуы керек?

№3 Есеп

Резина шлангтарды опалау үшін тальк қолданылады, жұмыстық қимылдардың 80 % қолмен жүргізіледі. Қадай жеке қорғану жабдықтары пайдалану қажеттілігін көрсетіңіз?

№4 Есеп

Компрессорлық бөлімшеде шу деңгейі 8 дБ құрайды, аппаратшы жұмыс уақытының 80 % аспаптардың көрсетулерін алуға жұмсайды. Берілген жағдайда жеке қорғанудың қандай жабдықтарын пайдалануға болады?

№5 Есеп

Цех дәрігеріне 6 жыл стажы бар жұмысшы шынтағы мен саусақтарының қатты қышуына шағымданады. Ол пульверизатормен бөлшектерді бояуда көмекші қызметін атқарады. Бояу жұмысы жеделдетілмейтін арнайы бокстарда жүргізіледі. Объективті бөртулер. Осы симптомдар жұмысшыда бояу мен жұғысқаннан кейін шықты. Бояу құрамына органикалық еріткіштер кіреді. Жұмыста қандай жеке қорғану жабдықтарын пайдалану керек?

3.Тест сұрақтары:

1. Өнеркәсіптік жұмысшыларға емдеу алдын алу тағамы тағайындалады:

а) антидоттық терапия ретінде

в) қосымша энергетикалық көзі ретінде тәуліктік рациона

с) Ж мен Қ жеке тілектері ескерілуімен

д) диеталық тағам ретінде

2. Өнеркәсіптік жұмысшыларға емдеу-алдын алу тағамы ұсынылады.

а) негізгі тәулікті рационның энергетикалық рационға сәйкес

в) тәуліктік рационның энергетикалық құндылығмен байланыссыз

с) кәсіби факторлар әрекетімен байланысты жұмыс орындау күндері

3. Емдеу-алдын алу рационы беріледі:

а) кәсіби факторларға тән әркеттері ескерілуімен

в) аурулардың клиникалық белгілері білінуі ескерілуімен

с) кәсіби факторлар ескерілуінсіз

4. Өнеркәсіп орнында емдеу-алдын алу жұмыстарын іске асырады:

а) медициналық санитарлық бөліктің дәрігерлері

в) денсаулық нүктелерінің дәрігері

с) дәрігерлік-консультативтік комиссия

д) СЭС

5. Цех дәрігері жұмысының көлеміне кіреді:

а) емдеу жұмысының барлық тұстары

в) диспансерлік тексеріп зерттеу

с) алдын алу және кезеңді медициналық қаралулар жүргізу

д) қызмет етілетін цех жұмысшыларының еңбектену жағдайлдарын зерттеу

е) қызмет етілетін цех микроклиматы параметрлері мен ауалық ортасының күйін бақылау

6. Цех дәрігері қатысады:

а) сауықтыру шаралары кешені орындалуының бақылау және емдеу

в) жалпы, арнайы емес және кәсіби аурушаңдылық мәселелерін талқылау

с) токсикалық заттар болуына ауа сынамасын алуда

д) аппаратуралық дайындау тәртібін бағалау

7. Ж мен Қ медициналық кезеңдік қаралулар мақсатта:

а) диспансерлік есепке алу

в) созылмалы ауруларды табу

с) аурушаңдылық құрылымын зерттеу

д) кәсіби аурулардың ерте білінулерін табу

е) санитарлық-курорттық карта беру

8. Кезеңді медициналық қаралулар өткізуде қандай материалдар пайдаланылады., тізіп көрсетіңіз:

а) өндірістік баспаналарды реконструкциялау туралы мәліметтер

в) өндірістік баспаналар жеделдетілуі туралы мәліметтер

с) алдын алу медициналық қаралулардың деректері

д) цехты санитар-техникалық жабдықтау мәліметтері

е) жұмыс бөлмелерін желдету

9. Ж мен Қ алдын ала медициналық қаралулар қандай мақсатта жүргізіледі, көрсетіңіз:

а) диспансерлік есепке кіруді қажет ететін адамдарды табу үшін

в) санитарлық-курорттық емдеуге жіберу үшін

с) нақты кәсіпке қарсы көрсетулер табу үшін

д) аурушаңдық құрылымын зерттеу үшін

8. Кезеңдік медициналық қаралулар өткізу нәтижесінде қандай шаралар жүргізілуі мүмкін:

а) симптомтатикалық емдеу

в) кәсіби ауру парағы бойынша басқа жұмысқа аудару

с) басқа жұмысқа тұрақты аудару

д) жұмыс жағдайларын жақсарту

е) санитарлық-ағарту жұмысын жақсарту

9. Функционалды кумуляция –бұл:

А) удың әсерінен пайда болатын өзгерістердің жиынтығы;

Б) ағзада удың жиналуы;

В) Жедел улануды тудыру қабілеті;

Г) химиялық заттарды өндіру жағдайындағы қауіпті эффектілердің пайда болу мүмкіндігі;

10. Майда еритін заттар көбінесе жиналады:

А) сүйекте

Б) бұлшықетте

В) өтте

Г) мишықта

Д) қалқанша безде

11. Қорғасын қорға жиналады:

А) өтте

Б) сүйекте

В) ішекте

Г) бұлшықетте

Д) бүйрек үсті безінде

12. Жедел токсикалық бронхиолит төмендегі улардың әсерінен пайда болады:

А) нейротропты әсері бар

Б) қанның уы

В) тітіркендіргіш әсері бар

Г) канцерогенді әсері бар

Д) сенсибилизациялаушы әсері бар

13. Удың тәуелсіз әсері, бұл:

А) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ

Б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау

В) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады

Г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең

Д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;

14. Антогонистік әсер, бұл:

А) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ

Б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау

В) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады

Г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең

Д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;

15. Синергизм немесе потенциялық әсер, бұл:

А) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ

Б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау

В) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады

Г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең

Д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;

16. Удың ағзаға әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі салдарына жататыны:

А) тітіркендіргіш әсер

Б) тері-резорбтивті әсер

В) канцерогенді әсер

Г) гемолитикалық әсер

Д) нефротоксикалық әсер

17. Аз концентрацияда бір рет әсер еткеннен кейін кәсіптік аурулардың дамуына төмендегі улардың қайсысы әкеп соғуы мүмкін:

А) қорғасын

Б) бериллий

В) мырыш

Г) сынап

Д) ДЦТ

18. Удың куммуляция дәрежесін сипаттайды:

А) созылмалы интоксикацияның даму қауіптілігі

Б) жедел интоксикацияның даму қауіптілігі

В) ауа арқылы удың даму қауіптілігі

Г) уға ағзаның бейімделу мүмкіндігі

Д) ағзада удың химиялық айналу мүмкіндігі

19. Терінің ластану дәрежесіне мүмкін болатын шек қандай улар үшін қойылады:

А) ағзаға ауа арқылы түсетін

Б) асқазан –ішек арқылы түсетін

В) көздің шырышты қабаты арқылы түсетін

Г) тері-резорбтивті әсері бар

Д) ағзаға ауа арқылы түсетін, асқазан –ішек арқылы түсетін

Ақпараттық –дидактикалық блок

1. Цех ординаторы жұмысының гигиеналық тұстары.

Жұмысшылар мен қызметкерлерлерге емдік – алдын алу қызмет көрсету, тек қана өнеркәсіп өндірістеріндегі (медициналық-санитарлық бөлім, дәрігерлік және фельдшерлік пукттер) арнайы денсаулық сақтау мекемелері жүйесі бойынша ғана емес, сонымен қатар аумақтық медициналақ мекемелер (поликлиника, больница, диспансерлер) арқылы да көрсетіледі.Бұл мекемелер цехтық принцип бойынша жұмыс істейді, яғни әрбір цехқа емдік – профилактикалық жұмысқа жауапты бір дәрігер (терапевт) тағайындалады – цехтық дәрігер. Цехтық учаскенің артықшылығы алдын алу және емдеу мекемелерінің бірлігін қамтамасыз етуінде. Цехтық терапевтік участок – жұмысшыларға алдын алу және емдік көмек көрсетудің өндірістік принципін жүзеге асырудың негізгі және бастапқы буыны болып табылады, демек учаскеге еңбек жағдайы мен өндірістік технологиясы ұқсас цехтар бөлек жиналады.Өнеркәсіптік денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын – медициналық-санитарлық бөлім (МСБ).

МСБ - бұл өте жоғары квалификациялы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін кешенді медициналық құрылым, құрамында поликлиника және стационары бар, клиникалық, биохимиялық және функционалдық зерттеулерді жасайтын кешен. Медициналық-санитарлық бөлімнің құрамына өнеркәсіптің цехтарынада, профилакторияларында, ингаляторияларында және фотарилерінде орналасқан дәрігерлік және фельдшерлік пункттер кіреді. МСБ, өте үлкен жұмысшы саны 4000-нан асатын өндірістерде ұйымдастырылады, ал химиялық, көмір өндіру, мұнай өңдеу және кен руда өнеркәсіптерінде, жұмысшы саны 2000-нан көп болған жағдайда.

МСБ бөлімі жоқ кішігірім өнеркәсіптердің жұмысшылары аумақтық медициналық қызмет көрсету мекемелерінде (поликлиника) қаралады және осы поликлиниканың бір дәрігері цехтық дәрігер болып істейді.

Жұмысшыларға қызмет көрсететін медициналық- санитарлық бөлімдер мен басқа денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі міндеттері:

1) жұмысшылар мен қызметкерлерге өте жоғары квалификациялы, арнайы мамандандырылған жұмысына жақын орналасқан медициналық көмек көрсету;

2) кәсіби және жалпы аурушаңдықтың себебін анықтап, талдау;

3) еңбек және тұрмыс жағдайын сауықтандыруға арналған шараларды мекеменің әкімшілігі, профсоюз және қоғамдық ұйымдар мен санитарлық эпидемиологиялық басқарма қызметкерлері дайындап, өткізу, жалпы және кәсіби аурушаңдықпен жарақаттануды азайту, уақытша жұмысқабілетінен айырылу мен мүгедектіктің алдын алу;

өнеркәсіп өндірістеріндегі қызметкерлер мен жұмысшыларға алдын алу және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу, диспансеризациялау;

4) санитарлық-ағарту жұмыстары;

Осы міндеттердің барлығы цехтық терапевт дәрігеріне жүктеледі.Бір цех дәрігері 2000 жұмысшыға қызмет көрсетеді, ал химиялық, мұнайөңдеу және кен руда өндірісінің кәсіпорындарында – 1000 жұмысшыға қызмет көрсетеді.Цех дәрігері цехтық медбике мен бірге алдын алу және емдік жұмыстарын жүргізеді

Цех дәрігерінің жұмыс бағыттары:

1. емдеу-алдын алу

2. санитарлық-гигиеналық

3. санитарлық-техникалық

4. ұйымдастыру-бұқаралық

Емдеу-алдын алу шараларының құрамына:

1. Өз бөлігіндегі терапевтік ауруларды емханада емдеу,маман дәрігерлердің кеңесін алу, стационарлық және амбулоториялық емдеудің арнайы түрлеріне бағыттап жіберу.

2. Төтенше ауруларда, жарақаттарда және кәсіби улануларда цехта алғашқы медициналық көмек ұйымдастыру.

3. Алдын алулық және кезеңдік медициналық қаралуларды ұйымдастыру және тікелей қатысу, бөлінген контингенттерді диспансерлік бақылау.

4. Уақытша жеңіл жұмысқа орналастыру және емханада емдеуін жалғастыра отырып

санаторийлар мен профилакторийларға жіберу.

Кәсіби ауру болса 2 айға дейін жұмысқа жарамсыз деген анықтама беріледі.

5. Ұзағырақ уақытқа жұмыстан аластату немесе басқа жұмысқа аудару.

6. Емдік-алдын алу тамақтану тағайындау және басқа сауықтыру процедураларын жасау бойынша шаралар жүргізу.

7. Жасөспірімдер мен әйелдердің еңбегін қорғау бойынша шаралар жүргізу.

8. Жалпы және кәсіби аурушаңдықты жүйелі түрде тіркеу және талдау. Аурушаңдылық себептерін зерттеу негізінде емдеу-сауықтыру шараларын өңдеп шығару, орындалуын бақылау.

Цех дәрігерінің емдеу-алдын алу жұмысында ең маңыздысы диспансеризация өткізу. Диспансеризация дегеніміз - әр түрлі топтағы жұмысшылардың, кәсіби ауруларға күдікті және кәсіби аурулармен ауыратын,созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулық жағдайына жүйелі түрде дәрігерлік бақылау жасау. Диспансеризациялаудың негізгі мақсаты жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, сонымен қатар әр түрлі ауруларды дер кезінде анықтап, емдік шаралар жасау. Диспансеризациялауда алдын алу және кезеңдік медициналық тексерулер жүргізу өте маңызды. Профилактикалық (алдын алу) медициналық тексерулерге көбінесе қауіпті, зиянды және қолайсыз өндіріс факторлары әсер ететін жұмыстардағы адамдар жатады.Алдын алу медициналық тексерулердің негізгі мақсаты өндірістің қолайсыз факторларының адамдардың денсаулығына одан әрі төмендететін әсер етуінің алдын алып, басқа жұмыстар ұсыну.

Кезеңдік медициналық тексерулер жалпы және кәсіби аурулардың бастапқы белгілерін анықтап, дерттік үдерістің әрі дамуын ескертуге арналған шараларды дер кезінде жүргізу.

Алдын алулық және кезеңдік медициналық тексерулерге жататын контингентті мемелекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орындары анықтайды.Тексерулердің толық қамтуын, сапалығын және дер кезінде өткізілуіне бақылау жасап, кеезеңдік медициналық тексерулердің нәтижесін жинақтауға қатысып, қортынды актілеріне қол қояды.

Алдын алу және кезеңдік медициналық тексерулер міндетті түрде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің № 243 «О порядке проведения предварительных и периодических медицинских осмотров работников, подвергающихся воздействию вредных, опасных и неблагоприятных пройзводственных факторов и определения профессиональной пригодности» бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Бұйрықта міндетті түрде алдын алу және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу туралы мына тізімдер берілген:

а) қауіпті және зиянды өндіріс факторларының тізімі;

б) өнеркәсіптер мен мамандықтар тізімі;

в)жұмысқа қабылдануына қарс көрсеткіштер;

г) профилактикалық тексерулео өткізуге қатысатын дәрігер мамандар;

д)қажетті лабораториялық және функционалдық зерттеулер;

е)медициналық тексерулер өткізу нұсқасы;

Комиссия құрамы, қажеттілабораториялық және функционалдық зерттеулержүргізу жұмысшыларға әсер ететін факторларға байланысты анықталады. Медициналық тексерулер кезеңі өнеркәсіп факторларының қауіптілік және зияндылық дәрежесіне байланысты бекітіледі; (1 кесте). Медициналық тексерулерді цех дәрігері ұйымдастырады. ҚР ДСМ № 243 бұрығына сәйкес алдын алу және кезеңдік медициналық тексерулер жүргізетін әртүрлі саладағы мамандардың тізімін анықтайды. Әйелдерге медициналық тексерулер өткізуде гинеколог қатысады.

Профилактикалық тексерулер өту кезінде әрбір жұмысшыға және қызметкерге диспансерлік байқаудың бақылау картасы толтырылады,ал медициналық тексерудің толық жазуы амбулаторлық картасында болады. Тексерудің нәтижесіне талдау жасауда, өткен тексерулерімен салыстырылады. Кезеңдік медициналық тексерудің нәтижесі негізіне байланысты цех дәрігері жұмысшыны зиянды өндіріс факторы әсер етпейтін жұмысқа ауыстыру немесе санаторлық-курорттық ем қабылдауға, санаторий-профилакторийға жібереді.

Медициналық тексерулер өткізуде, егер кәсіби ауру белгісі анықталса, оның диагнозын нақтылау үшін жұмысшы арнайы тексерулер өтеді және ауруының кәсіби іс әрекетімен байланысын айқындауға кәсіби патология) орталығына жібереді.

Әрбір кез келген жедел кәсіби ауруды тексеруге құрамында еңбек гигиенасының санитар дәрігері, цех ординаторы және өнеркәсіп басшыларымен профсоюз өкілдері бар комиссия тексереді.Тексеру кезінде:

· Кәсіби аурушаңдықтың пайда болу себебі мен жағдайы анықталады

· Еңбек жағдайы бағаланады

· Еңбек жағдайын жақсарту шаралары дайындалады

Жедел кәсіби аурушаңдық диагнозы амбулаторлық-емханалық және стационарлық медициналық көмек көрсететін ұйымдар арқылы қойылады, ал созылмалы кәсіби аурушаңдық диагнозі – кәсіби патология немесе кәсіби аурулар клиникасында қойылады.

Аурудың кәсібіне байланысын айқындайтын құжаттардың бірі- жұмысшының еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы. Санитарлы-гигиеналық сипаттаманы өнеркәсіп мекемесі орналасқан қаланың немесе ауданның саниитарлық-эпидемиологиялық басқармасы жазып береді.санитарлық-гигиеналық сипаттаманы, ауырған адам жұмыс істеген өнеркәсіптің медициналық-санитарлық бөлімнің бас дәрігері және науқастың диагнозын дәлелдеуге жіберген кәсіби патология орталығының мамандары ғана сұрата алады. Цех учаскесінде жүргізілетін емдік-профилактикалық шараларға арнайы емдік-профилактикалық тамақтануды тағайындап, ұйымдастыру және сауықтандыру шаралары жатады. Сауықтандыру шаралары көбінесе цехтарға жақын орналасқан сауықтандыру пунктерінде өткізіледі. Олардың негізгі мақсаты әртүрлі қолайсыз факторлардың әсерінің алдын алу. Мысалы, шаңды өндіріс орындарында сілтілік ингаляциялар мен тыныс жолдарын шаңнан жуып-шайу процедуралары. Өкпедегі склероз үдерістердің дамуын тежелту үшгін фотарилерде ультракүлгін сәулесімен сәулелеу жүргізіледі. Дірілмен жұмыс істейтіндерге жұмыс арасында қолдарына массаж, жылы процедуралар, гимнастикалық жаттығулар жасайды.

Өнеркәсіп орындарындағы дәрігерлердің жұмысының нәтижелігі, жұмысшылардың еңбек жағдайы мен кәсіби патологияларды жақсы білуде. Өндірістің технологиялық және санитарлы-гигиеналық ерекшелігін зерттеп білу негізінде цех дәрігері еңбек гигиенасының санитарлық дәрігерімен, мекеме әкімшілігімен, профсоюз және қоғамдық ұйымдармен бірге өндірісте сауықтандыру шараларының кешенді жоспарын құрастырып, дайындауға қатысады және олардың орындалуын бақылайды. Демек, цех дәрігерінің жұмысы тек қана емдік-профилактикалық шаралар жүргізу емес,сонымен бірге гигиеналық және ұйымдастырушылық тұрғыдан профилактикалық жұмыстар жасау.

Санитарлы-гигиеналық шаралар:

Цехтың жалпы санитарлық күйін, тұрмыстық бөлмелердің, сумен қамтуды, тазарту мен жылытуды бақылайтын санитарлық актив пен денсаулық пуктінің медицина қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасау..

2. Өндірістік жарақаттану мен уланулардың себептерін тексеруге қатысу.

3. Технологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауды бақылау.

4. Цехтағы өндіріс технологиясын жүйелі түрде зерттеп білу.

5. Бөлек кәсіби топтардың еңбек жағдайының ерекшеліктерін білу.

6. Бақылау жасау:

- жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек жағдайына,

- еңбегін рационализациялау, жұмыс орнын ұйымдастыру,

- жаңа технологиялар енгізу,

- техникалық жетілдірулер енгізу.

Ұйымдастыру-бұқаралық шаралар:

-жалпы мекеме және учаске бойынша сауықтандыру шараларының кешенді жоспарын құрастыру және оның орындалуына қатысу.

-санитарлық-ағарту жұмысы.

Санитарлық-ағарту жұмысын жүзеге асыруда дәрігерлермен бірге міндетті түрде орта медицина қызметкерлері де қатысуы қажет.Олардың міндеті:

- жұмысшыларды осы өнеркәсіпте орын алатын зиянды өндірістік факторлармен, олардың ісер ету жағдайы және сипатымен таныстыру;

- кәсіби патолгиялармен жарақаттанулардың алдын алу шараларымен таныстыру және оларды насихаттау;

- жеке бас гигиенасы мен жалпы гигиена бойынша тұрақты түрде ағарту ұмыстарын жүргізу;

Кәсіби аурулардың алдын алу шаралары.

Кәсіби аурулардың алдын алу үшін және өндірістегі жалпы аурушаңдықтың деңгейін төмендету үшін сауықтандыру шараларының кешені өткізіледі:

· Заңнамалық

· Технологиялық

· Техникалық және санитарлық

· Жеке қорғаныш құралдарын қолдану

· Ұйымдастырушылық

· Емдік-профилактика л ы

Әрбір мекемеде бұл шаралардың өзіндік маңызды ерекшеліктері бар, өйткені ол өндірістің технологиялық процесі мен өндірістік факторлар түріне байланысты.

Заңнамалық шараларға - өндіріс факторларын гигиеналық нормалау және бекітілген жұмысшылардың еңбегін қорғау құқығы: жұмыс уақытын реттеу, қосымша демалыстар, зейнетке ерте шығу, арнайы жұмыскиімімен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыздау, балалармен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді зиянды факторлары бар жұмыстарға алмау, емдік-профилактикалық таматандыру, т.б; Кәсіби зияндылықтарға бекітілдген гигиеналық нормативтер, профилактикалық жұмыстың негізі болып табылады, өйткені өндірістік ортаның жағдайына жүйелі түрде бақылау жасау және қолайлы еңбек жағдайын тудыру;кәсіби зияндылықтарға орнатылған гигиеналық нормативтер профилактикалық жұмыстың негізі болып табылады, өйткені өндірістік ортаның жағдайына жүйелі түрде бақылау жасап, қолайлы еңбек жағдайын жасау үшін,әсер етуші факторлардың адам денсаулығына қауіптілігін білу керек.

Технологиялық шаралар – сауықтандыру шараларының ішіндегі ең нәтижелісі болып табылады. Өндіріс технологиясын өзгерте зиянды факторлардың деңгейін толық жоюға немесе қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге болады. Технологиялық шараларға, мысалы құрғақ бұрғылауды сулы бұрғалауға алмастыру, певматикалық қадау балғасын нүктелі дәнекерлеумен алмастыру, қауіпті және зиянды химиялық қосылыстарды қауіптілігі төмен заттармен, т.б.

Техникалық және санитарлы –техникалық шараларға технологиялық процессті өзгертпей, технологиялық құралдардың көмегімен өндірістік ортаның зиянды факторларының әсерін азайту. Бұл топ шараларына, өндіріс процесстерін механизациялау және автоматизациялау, токсикалық және шаңды заттарды өңдейтін аспаптарды герметикалау, дыбыс өткізбейтін былғарыны қолдану, шулы бөлмелерде акустикалық экрандар қою, жергілікті және жалпы алмасу желдеткіштерін орнату, т.б.

Осы уақытқа дейін жеке бас құралдарын қолдану аса маңызды. Бұлар теріні, тыныс алу жолдарын, көзді, т.б. қоғаныс құралдарынан тұрады.

Ұйымдастыру шаралары, бұл еңбек үрдісін рационалды ұйымдастыруға- жұмыс орнын оптимизациялау, жұмыс позасын,қозғалысын, еңбек және демалыс тәртібін, зиянды факторлармен байланысының ұзақтығын шектеу, т.б.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 2463 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.024 с)...